Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы

Тәжік мұнайгазды облысында мұнай және газды барлау жұмыстары 1930-шы жылдарда Сурхандарья синклинориінің аумағында басталған. 1934 жылы 1-ші кенорын Хаудаг ашылған, оның кеніші палеогендік, ауыр мұнайлы. Анықталған кенорындардың (Кішікбел, Үшқызыл, Ляльмикар) өлшемдерінің кіші болуы, мұнайының төмен сапасы, ауданның күрделі геологиялық құрылысы іздеу мен барлау жұмыстарының ұзақ уақытқа тоқтатылуына себеп болды. Ойысты игерудің жаңа кезеңі 1960-шы жылдарда басталды, бұл кезде төменгі бор және юра түзілімдерінде газконденсатты кенорындар ашылған еді. Маңызды ашылулардың бірі 1975 жылы Гаджак аумағында тұзастындағы жоғарғы юра түзілімдерінен алынған газ фонтаны еді.

Соңғы кездерде зерттеушілердің назарын Куляба мегасинклинориінің тұзды құрылымының мұнайгаздылығы аударуда.

Тәжік ойысына өзімен аттас мұнайгазды облыс сәйкес келеді. Облыста Сурхандарья, Вахш мұнайгазды және Душанбе (Гиссаралды), Оңтүстік-Батыс-Гиссар газды аудандары бөлінеді. Қалған аудандар болашағы бар мұнайгазды аудандарға жатады, бірақ олардың кейбіреуінде мұнай және газ кеніштері білінген (Кафирниган және Куляба аудандары).

2 97- сурет. Ауған – Тәжік мұнайгаздылы алабы

а-эпитақталы ороген; б-жарылымдар; в-жарылым маңы көбе белдемдері: I-Келиф – Ширабад; II-Дарваз; г-синклинориялар және иіндіойыстар (синклинориялар: Г-Сухандария; Е-Вахм; З-Куляб; иіндіойыстар: Б-Байсун; В-Гиссар алды; И-Мазаришериф); д-антиклинориялар: А-Гиссардың оңтүстік – батыс сілемдері; Д-Кафиринган; Ж-Яван; е-жергілікті көтерілімдер, белбестер; Кенорындары: ж-мұнайлы; з-газмұнайлы; и- газдылы.

Өңірлік мұнайгазды қабаттар мен кешендер.

Кесте- 20.

Тәжік мұнайгазды облысының өңірлік мұнайгазды қабаттары мен кешендері.

МГ қабат

МГ кешен

Литологиялық

құрамы

Қалыңдығы,м

Шоғыр түрі

Таралуы

(аудан)

Палеоген

Дат-палеоген

(карбонатты-

терригенді)

Әктас,доломит

220-450

Мұнайлы,

газды

Сурхандарья,

Вахш,

Душанбе

Бор

Сенон

(карбонатты-

терригенді)

Сеноман

(терригенді-

карбонатты)

Альб

(терригенді)

Неоком-апт

(терригенді)

Әктас, құмтас,

алевролит

Әктас,құмтас,

алевролит

Құмтас

Құмтас,

алевролит

370-550

220-320

400-500

-

Газконденсатты

-

-

-

Душанбе

-

-

-

Юра

Жоғарғы юра

(карбонатты)

Әктас,

доломит

200-500

-

Сурхандарья,

Душанбе,

Оңтүстік-Батыс-Гиссар

Мұнайгаз жиналу аймақтарының, кенорындардың және кеніштерінің түрлері. Тәжік ойысының белгілі мұнайгаз жиналу аймақтары құрылымдық типке жатады, өйткені олар бел-белес тәрізді көтерілімдермен байланысты (298-сурет). Мұнай және газ кенорындары кішігірім, кейде бұзылған жіңішке және созылыңқы антиклинальды иілімдермен берілген (299-сурет). Түгелдей дерлік кенорындар көпқабатты, кеніштері 150-210м-ден (Хаудаг) 2700-2800м-ге дейінгі (Шамбары) тереңдік арасында. Кеніштері негізінен дөңбеккүмбезді, кейде тектоникалық қалқанған.

298-сурет. Кішікбел-Қызылтұмсық мұнайгаз жиналу аймағы.

1-мұнай; 2-газ.

299-сурет. Ляльмикар газмұнайлы кенорны.

а – II қабат бойынша құрылымдық карта; б – геологиялық қима.

Контурлар: 1-газдылықтың; 2-мұнайлылықтың; 3-газ; 4-мұнай.

Басқаша геологиялық құрылым газконденсатты Гаджак кенорнына тән (300-сурет). Ол күрделі сызықты иілімге тән. Иілімнің шығыс қанаты құлау жазықтығы батысқа қараған қаусырмамен кесілген.

300-сурет. Газконденсатты Гаджак-Боянгора кенорнының геологиялық қимасы.

1-газ; 2-тұз; 3-қаусырма сызығы.

Келловей-оксфорд тұзасты жарықшақты коллекторларындағы газ кеніші 3,5км тереңдікте анықталған. Газ дебиті 3 млн м /тәулік. Анықталған газ кеніші ауытқы жоғарғы қабат қысымымен (75 МПа) ерекшеленеді. Сонымен қатар газ кеніші төменгі бор түзілімдерінде анықталған.

Зерттеулерге қарағанда ойыста ашылған көмірсутек кенорындары, негізінен, синклинорийларда орналасқан. Қимадан құрылымдық тереңдікке сәйкес газдылықтың өсетінін көруге болады. Палеогендегі мұнай кеніштері мезозойда газды және газконденсатты кеніштерімен ауысады.

Мұнайгаздылықтың болашағы. Тәжік ойысы аудандарының мұнайгаздылығына байланысты болашағы бар облыстар қатарына жатады. Бұл аймақтағы іздеу және барлау жұмыстарының 1950 жылдан астам тарихы болғанына қарамастан. Геологиялық құрылысы күрделі болғандықтан ойыстың көп бөлігі әлі зерттелмеген. 3км тереңдіктегі палеоген, бор және юра түзілімдері түгелдей барланбаған.

Қазіргі кезде Тәжік ойысындағы болашағы бар мұнай және газ кеніштері жоғарғы юраның (келловей-оксфорд) тұзасты түзілімдерімен байланысты. Бұған Сурхандарья мегасинклиналындағы Гаджак кенорнының ашылуы бірден бір дәлел.

Келловей-оксфорд кешенін игерудің қиыншылықтары тұзасты және тұзүсті қабаттарының құрылымдық алаңдарының сәйкес келмеуінен, тұзүсті түзілімдерінің қалыңдығының күрт өсуімен және шоғырлану тереңдігінің мол болуымен байланысты.