Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері

Тәжік мұнайгазды облысына Тәжікстанның оңтүстік аудандары және Өзбекстанның бір бөлігі кіреді. Облыс солтүстігінде – Гиссар жотасымен, батысында – осы жотаның тау сілемдерімен, ал шығысында – Дарваза жотасымен шектеліп жатыр.

Қарастырылып отырған аумақта ең ежелгі мұнайгаз өндіретін аудандардың бірі орналасқан. Дегенмен кенорынның өлшемдерінің шектелген болуы бұл аймақтағы мұнай мен газ өндірілуінің көп емес екендігін көрсетеді.

Геотектоникалық құрылысы. Тәжік мұнайгазды облысы геотектоникалық тұрғыдан Ауған-Тәжік тауаралық ойысының солтүстік бөлігінде орналасқан Тәжік тауаралық ойысына сәйкес келеді. Ауған-Тәжік тауаралық ойысы жастары әртүрлі құрылымдық жүйелердің эпигерциндік платформалы Тұран тақтасымен түйіскен жерінде орналасқан (295-сурет).

295-сурет. Тәжік мұнайгазды облысының шолу картасы.

а – Тәжік тауаралық ойысының шекарасы;

б – мегантиклинальді және мегасинклинальді аймақтар шекарасы;

в – Тянь-Шань орогенді облысы;

г – Памир орогенді облысы;

д – газды кенорындар;

е – газмұнайлы кенорындар;

ж – мұнайлы кенорындар.

I – Душанбе иіндіойысы: кенорындар: 1-Адамташ; 2-Гумбулак; 3-Үшқызыл; 4-Хаудаг; 5-Ляльмикар; 6-Кокайты; 7-Солтүстік Курганча; 8-Гаджак-Боянгора; 9-Шаамбары; 10-Комсомольское; 11-Андыген; 12-Қызыл-Тұмсық; 13-Акбаш-Адыр; 14-Кичикбель; 15-Бештентяк.

Осы жағдай Тәжік тауаралық ойысының ерекше күрделі геологиялық құрылысын көрсетеді. Ойыс аумағы ұзақ геологиялық уақыт аралығында

(юра, бор және палеоген) платформалық облыс түрінде дамыған, ойыстың мезозой және палеогендік қималарының көршілес Тұран тақтасына ұқсастығы осыған дәлел бола алады.

Олигоценнен бастап аймақтың жалпы құрылымы түбірінен өзгере бастады; неоген-төрттік кезеңінің белсенді тектоникалық қозғалыстары салдарынан ойыстың геологиялық құрылысы қатпарлы облыстарға тән сипат алды. Сонымен қатар ойысты жиектеп тұрған тау жоталары және шөгінді тысының күрделі тектоникалық элементтері қалыптасты. Осы айтылғандардың барлығы Тәжік ойысын Тұран тақтасының эпиплатформалық орогенді облысына жатқызуға мүмкіндік береді.

Құрылымдық қабаттары. Тәжік тауаралық ойысы палеозой іргетасында шоғырланған қалың қабатты терригенді-карбонатты түзілімдерінен пайда болған (296-сурет).

Шөгінді тау жыныстарының қалыңдығы, антиклинорийларда – 7000м, синклинорийларда – 10000-15000м-ге дейін жетеді. Тәжік ойысының

құрылысында үш құрылымдық-тектоникалық қабат байқалады – палеозойлық қатпарлы іргетас, мезо-кайнозойлық платформалық (юра, бор және палеоген) және олигоцен-төрттік орогенді.

Іргетас тау жыныстары ойыстың таулы жиектеулерінде ашылып жатыр, ал орталық бөліктерінде 12-15км тереңдікке батып жатыр. Пермо-триас түзілімдері жанартаутекті-конгломератты саң алуандылығымен сипатталған.

Платформалық қабат түзілімдері қимасының ерекшелігі болып онда жоғарғы юраның хемогенді эвапоритті қабатының болуы болып табылады. Бұл тау жыныстарының тұзасты және тұзүсті кешендерінің құрылымдық алаңдары сәйкес еместігін көрсетеді.

Орогенді қабаттың олигоцен-төрттік континенттік қызылтүсті түзілімдері үлкен қалыңдықты (6000-7000м) молассалармен сипатталған.

296-сурет. Тәжік ойысының солтүстік бөлігі бойынша геологиялық қимасы.

Геотектоникалық аудандастыру. Тәжік тауаралық ойысы күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленеді. Ол көптеген терең жарылымдар жүйесімен бірнеше тектоникалық жекежондарға бөлінген, демек бұл ауданда флексуралық-жарылымдық бұзылыстардың кең дамығанын көрсетеді. Бұларға ойыстың шөгінді тысында антиклинальды бел-белес тәрізді көтерілімдер, құрылымдық дөңестер және жергілікті иілімдер сәйкес келеді.

Тәжік ойысының басты геоқұрылымдық элементтері – бір-бірімен өзара байланысқан мегантиклинальды және мегасинклинальды аймақтар. Оларға Байсун-Кугитанг, Обигарм және Кафирниган мегантиклинальдары және Сурхандарья, Вахш және Куляба мегасинклинальдары жатады. Аталған тектоникалық элементтердің жалпы белгілеріне жататындар:

субмеридиандық сағалану, аумақтағы антиклинальды сызықтардың доға тәрізді орналасуы, аймақтардың өңірлік жарылымдармен шектелуі және олардың рельефте анық көрінуі, көтерілімді аймақтар – жоталармен, ал синклинальды аймақтар – аңғарлармен сипатталған. Тек сол ойыстың солтүстігіндегі Душанбе (Гиссаралды) иіндіойысының сағалануы субендікті болып келеді.