
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
Геологиялық қатынасы жағынан Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы Зайсан ойпатымен байланысты, оның көп бөлiгi Қазақстан шегiнде орналасқан, ал аз бөлiгi ҚХР шекарасында орналасқан. Ол кеңейтiлген тауаралық аңғар болып келедi, оңтүстiк сiлемiнде Алтай таулы жүйесiмен және солтүстiк сiлемдерiнде Тарбағатай, Маңырақ, Саур және Сайқан жоталармен шектескен. Маңырақ және Сайқан жоталары Зайсан ойпатынан Шiлiктi жне Кендiрлi аңғарлары арқылы бөлiнедi. Оның барлық ауданы 40 км шамасында, соның шамамен З0 шаршы шақырым Қазақстан шекарасына кiредi.
Ойпатының орталық бөлiгiн Зайсан көлi алып жатыр, ол Қара Ертiс және таулы жоталардың айналасындағы көптеген ұсақ өзендермен толысып отырады.
Зайсан ойпатында геофизикалық зерттеулер жүргiзiлген, сонымен қатар 1982-1994 жылдары жаңадан сейсмикалық жұмыстар жүргiзiлген. Мұнай және газ iздестiру тапсырмасы 200 метрден 4859 метрге дейiн тереңдiкте ұңғымаларды бұрғылаумен жүргiзiлген ( Сарыбұлақ 1-С).
Литолого-стратиграфиялық қима сипаттамасы
Ойпаттың геологиялық қимасы үш құрылымдық қабаттан тұрады. Төменгi қабатта девон—ортаңғы таскөмiр жастағы қатпарлы iргетас құралган. Аралық құрылымдық қабат ортаңғы-жоғарғы таскөмiр молластық кешеннен тұрады, ол ойпаттың батпалы бөлiктерiнде ортаңғы-жоғарғы юра түзiлiмдерiмен өседi. Платформалық тыста бор, палеоген және неоген терригендi шөгiндiлерi қалыптасқан. Шөгiндi платформалық тыспен аралық құрылымдық қабаттың калыңдығы 5-6 км-ге дейiн барады.
Сарыбұлақ С-1 ұңғымасында девон жасты шөгiндiлер ашылмаған. Ойпаттың оңтүстiк жағында олар живет-фран жасты және олар негiзгi құрамы эффузивтi немесе туфты болып келетiн шөгiнді-жанартаутекті жыныстармен белгiленген.
Таскөмiр шөгiндiлерi кеңiнен таралған және теңiздiк (төменгi таскөмiр) және континенттiк түзiлiмдермен (орта және жоғарғы таскөмiр) белгiленедi. Сарыбұлақ С- 1 ұңғымасында жалпы қалыңдығы 1000 метрден асатын ортаңғы және жоғарғы таскөмiр шөгiндiлерi ашылған. Олар континенттік шөгiндiлерден құралған (құмтастар, аргиллитгер, туфты құмтас, туфтар, туфты женттас және сирек қабатты әктастар).
Қимада жоғарғы таскөмiрдiң кендiрлi тастопша сында тау шайырлы тақтатастар кездескен.
Құмтастардың кеуектілігі 16 %-ға дейін сипатталған. Қара-сұр тақтатастар, қатты, жұқа қабатты карбонатты және сазды қабаттар бар. Карбонатты қабаттар сары-қоңыр және сұрғылт-сары түсті гелифицирленген сапропелді органикалық заттардан тұрады. Сазды қабаттар сирек қызыл-қоңыр витринт бөлшкетері бар қара органикалық заттармен байытылған.
Пермь жасты шөгінділер Сарыбұлақ С-1 ұғымасында төменгі және жоғарғы бөлімдерінде ашылған. Төменгі бөлімінің жалпы қалыңдығы 700 метрге дейін, оның ортаңғы және төменгі бөлімдері ірі түйірлі құмтастар, гравелиттер, алевролиттер, аргилиттермен белгіленген. Сондай-ақ, туфтар, туфиттер және жанар тақтастар кездескен. Қиманың жоғарғы жағында қара-сұр алевролиттер, аргилиттер, жанар тақтатас қабатымен және доломиттермен көрсетілген. Жанар тақтатастар сондай-ақ жұқа карбонаттармен және сазды қабаттармен құралаған, біріншіден сапропелді органикалық заттармен, екіншіден шаршыранды органикадан тұрады. Жарықшақты аргиллиттерге битумдардың пайда болғаны белгіленген.
Жоғарғы бөлім. Жалпы қалыңдығы 1100 метрге дейін, оның төменгі бөлігі ірі ьүйірілі жыныстар туф қабаттарымен және жанар тақтатастарымен белгіленген. Туф қабаттарында тотыққан мұнай кездескен. С-1 ұңғымасында 2395-2412 және 2960-3036 метр аралығындағы мұнай байқалған. Жоғарғы пермьнің қимасының жоғарғы бөлігінде ұсақ түйірлі жыныстармен және жоғарғы құрамды органикалық заттармен сипатталған. Қиманың бұл бөлігінің негізгі көлемі қара-сұр аргилиттер, көмірлі аргилиттер, алевролиттер және мергельдерден құралған.
Триас жасты шөгінділердің ортаңғы жоғарғы триас көлеміндегі қалыңдық 600 метрден асады, жоағрғы пермь жыныстарында астасып шайылады. Қиамның бұл бәлігі бірдей қалыңдықтағы конгломераттар құмтас қабаттарымен, гравелиттер және қоңыр көмірлер белгіленген. Қиманың жоғарғы триас-төменгі юра бөлігінде жақсы сипатталған.
Юра жасты түзілімдер сонымен қатар Зайсан ойпатының аралық құрылымдық қабатында жақсы таралған. Сарбұлақ С-1 ұңғымасында юра (төменгі-жоғарғы юра) шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 250 метрден аспайды. Құмтастар мен гравелитердің кеуектіліг 20,4 %6 аргиллит қабаттарымен және қоңыр көмір белгіленген. С-1 ұңғыманың қиамсында бор жасты шөгінділер көршілес Кендірлі мульдасында көрсетілген, оларда қоңыр және сары-сұр түсті әр түйірлі құмтастар мен гравелиттер линзасы бар сортталмаған конгломераттар қалыңдығы белгіленбеген.
Қиманың кайнозой бөлімінде палеоген жәненеоген түзілімдерін біріктіреді.
Палеоген түзілімдері ойпаттың барлық ауданында таралған. Сарыбұлақ С-1 ұңғымасында 500 метрге жуық палеоген қимасы белгіленген, олар саздар, жасыл және сұр түсті сазды құмайттастардан құралаған. Қиамдағы сазды жыныстар палеоген бөлімінің қимасын аймақтық жабын ретінде қарастырады, олар линзалық құмды-сазды жыныстар литологиялық шектелген резервуар болуы мүмкін.
Неоген шөгінділері Зайсан ойпатында кеңінен таралған. Литологиялық жағынан сирек қабатты мергелдері бар сұр-жасыл және қызыл түсті саздар, полимиктілі әртүйірлі құмдар мен қоңыр құмтастармен көрсетілген.
Қима төрттік шөгінділермен аяқталады, қалыңдығы 80-150 метр болатын көлдік, аллювиалды, делювиалды және эолды шөгінділер таралған.
Қима туралы қысқаша сипаттамада резервуарлар кешені және жабындар кешені, платформалық тыс пен аралық қабат арасындағы өара айырмашылықты көрсетеді.
Резервуарлардың кешені құмтастармен, мезозойдың құмды-кесектастар және құмды-құмайттастармен, пермь және жоғарғы таскөмір жасты жыныстармен тығыз байланысты, жоғарғы кеуектілік 25 болады. Қиамынң бұл бөлігі аймақтық палеогеннің жабынымен байланысты.
Резервуардың сапа мүмкіндігін қиманың таскөмір және төменгі пермь бөлігіндегі туф қабаттарынан қарастыруға болады, бірақ сыйымдылық-сүзбелі қасиеттер бұларда төмен немесе қанағаттандырарлық болады.
Қиманың сейсмологиялық сипаттамасы
Зайсан ойпатының сейсмологиялық қимасында үш шөгінді сейсмокешен белгіленген: кайназойлық «А», мезозойлық «В», палеозойлық «С».
Палеозой
шөгінділерінің әртүрлі жасты беттік
негізгі горизонты IV беткей болып келеді.
Мезозой шөгінділерінің беті ІІІ беткеймен
шағылған. Кайназой бірлестігінің
шағылдырғыш толқындары І,
беткейімен шағылған. Көрсетілген
беткейлер ойпаттың барлық жерінде бар.
Құрылымдық тектоникалық сипаттама
Зайсан ойпаты мен оның жанындағы аудандардың негізгі құрылымдық тектоникалық аудандастыруы сейсмикалық, гравиметрлік, магнитометрлік материалдармен, сонымен қатар Даиров және Сарыбұлақ ұңғымаларын бұрғылау мәліметтерімен көрсетілген. Қазақстанның мұнайгаздылы аудандастыру картасының есепке алынған масштабы бойынша қарастырылып отырған ойпат бұл картада сұлбаланған түрде көрсетілген.
Іргетес бетінің құрылымдық-тектоникалық аудандастыруы
Іргетастың құрылымдық-тектоникалық аудандастыруы, іргетес бетінің құрылымдық карта негізінде орындалған, ол геологиялық материалдардың есепке алынған сейсмикалық, гравиметрлік зерттеу мәліметтерімен тұрғызылған.
Іргетастың құрылымы орта таскөмірдің басында қалыптасқан. Силур кезеңінде өте бұрынғылары таралған. Іргетаста жоғарғы девон-орта таскөмірдің төменгісінді шөгінді-вулканогенді және шөгінді жыныстармен құралған, олар таскөмір және пермьде гранитті интрузиялармен бөлінген. Аралық қабаттың орта-жоғарғы таскөмір шөгінділері іргетаста үзіліспен немес үйлесімсіздікпен түзілген.
Құрылымдық дифференция Зайсан ойпаты шегінде іңрі құрылымды элементтер тастобырын белгілеуге негізделген: Маңырақ маңы иінді ойысы, Солтүстік–Зайсан дөңесі, Маңырақ дөңесі, батыс Маңырақ иінді ойысы, Арқалы дөңесі, Ақсуат иінді ойысы. (290-сурет)
290-сурет. Зайсан ойпатының іргетасының құрылымдық тектоникалық аудандастыру сұлбасы
Маңырақ маңы ойысы Зайсан ойпатындағы үлкен элемент, өлшемі 160х50 км. Ойыстың солтүстік және оңтүстік шекарасы Солтүстік және Солтүстік-Сайқан жарылымдар жүйелерімен байқалынады.
Ойыстың солтүстік борты оңтүстікке қарай баурайланған өзіндік күрделенген жүйенің құрылымдық күрделігі, құрылымдық терасса және мойнақтармен белгіленген. Құрылымдық терассалардың ішінді көбірек анық көрсетілген Даиров және Зайсан терассалары. Борт шегіндегі іргетес бетінің тереңдігі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,6км-ден 3,2 км-ге дейін өзгереді.
Қарастырылып отырған территория шегінде Зайсан ойпаты құрамына кірмейтін ірі құрылымдық эелементтер түрінде Шелет және Кендірлі мулдалары белгіленген.
Іргетас типтік қаптал құрылымдармен сипатталады. Жарылымдар әртүрлі құрылымдық элементтердің қалыптасуы бойыншп көбінесе шекара мен морфологиялық белгілерді бақылайды.
Аралық кешенді құрылымдық-тектоникалық аудандастыру
Аралық кешеннің құрылымдық-тектоникалық аудандастыруы палеозой бетінің картасы мен іргетас бетінде көрсетілген (291-сурет).
Бұл карталарды талдау-беттің аймақтық құрылымы салыстырмалы екендігін көрсетеді.
Маңырақ маңы ойысы өзінің бағытан сақтап оңтүстігінде және солтүстігінде Солтүстік-Сайқан және Солтүстік Зайсан жүйелерінің баты шекарасы палеозойдың соңында жоспарда іргетас шекарасымен сәйкес келетіндігін көрсетеді.
Іргетас бөлуі бойынша ойыстың солтүстік борты шегінде барлық құрылымдық шөгінділер (терассалар, құрылымдық мұрындар және т.б.) белгіленіп байқалған.
291-сурет Зайсан ойпатының палеозой кешенінің құрылымдық тектоникалық аудандастыру сұлбасы
Платформалық тыстың құрылымдық-тектоникалық аудандастыруы
Платформалық тыс өзіне бор-палеоген және неоген шөгінділерін кірістіреді, құрылымдық-тектоникалық түрі бойынша төселген қалыңдықтан ерекшеленеді. Қиаманың бұл бөлігі барлық құрылымдық бөлшектің төселген шөгінділерін тегістейді. (292-сурет). Жыныстарының аудандық кеңейтілу есебінен Зайсан ойпатының өлшемі үлкейеді, бірақ оның құрылымдық дифференциясы тез төмендейді.
Зайсан ойпатының құрылымының қысқаша талдауы келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:
ойпат өзінің құрылымдық тектоникалық шамалары
бойынша,өзара ойыстар мен ойпаттар жүйесін құрады, қима бойынша төменнен жоғары қарай төмендейтін, жарқырау дәрежесі палеозой-мезозой және мезозой-кайнозой шекаасында жақсы көрінген.;
аймақтық құрылымның орталық элементі Маңырақ маңы
ойысы болып келеді, ол оңтүстігінде және солтүстігінде ірі жарыламдар жүйесімен, шиарқталған ассиметриялық аймақпен, күпрделенген құрылымдық террасалармен, мойнақтармен және құрылымдық мұрын және оңаша құрылымдармен шектескен;
оңаша құрылымның төрт түрі тараған – экрандалған
тектоникалық бұзылыстар; литолого-стратиграфия, нұсқаның толық контуры, жақсы 15-20 шаршы шақырым жоғары 35-50 шаршы шақырым ауданның таралуымен көрсетілген.
292-сурет Зайсан ойпатының геологиялық геодинамикалық қимасы
Мұнайгаздылығы, қиманың геохимиялық шамалары
Қазіргі уақытта Зайсан ойпатында мұнай және газ кенорындары табылмаған, бірақ геолого-геофизикалық материалдар қимада болашағы бар мұнайгаздылық мүмкіндігін көрсеткен. Осы көрсетілген мәліметтердің негізін құрылымдық-тектоникалық аудандастыру есебі және сонымен қатар геохимиялық шамалар болып табылады.
Құрам талдау және геохимиялық негіз жоғарғы палеозой және мезозой-кайназой жасты шөгінді кешендер мұнайгазаналық шөгінділер жоғарғы таскөмір және пермь жасты жыныстарда болуы мүмкін екендігіне куәлік етеді.
Пермь жасты жыныстар жоғары генерациялық потенциал болып келеді, потенциалға жоғарғы пермьнің Жоңғар алабы шөгінділері жақын.