Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

Тектоникасы мен газдылығы

Шу-Сарысу газды облысы Оңтүстік Қазақстанда ірі тауаралық ойпаң территориясында орналасқан. Әкімшілік жағынан Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының территориясында. Ауданы 220 мың км2

Геологиялық құрылысына жиынтық қалыңдығы 5000м аса орта-жоғарғы палеозой және кайнозой шөгінді түзілістер кешені қатысады. Іргетас құрылысының сипатиы белгісі слтүстік-батыс бағытқа тән әртүрлі бағытталған аймақтық терең жарылымдар жүйелерінің алдын-ала анықталған білінуімен шойтастық тектоникалы болып табылады. Ойпаңның ішкі бөліктерінде сейсмобарлаумен Көкпансор ойпаңындағы Придоржное, Мойынқұмдағы Амангелді және Айрақты кенорындары сияқты, мұнайгаз жинақталу белдемдерін түзетін, жергілікті құрылымдармен күрделенген, біршама ұсақ көтеріңкі блоктар айқындалған. Басқа ойпаңдар – Тасбұлақ, Жезқазған, Байқадамда да жергілікті құрылымдардың сериясы, соның ішінде мұнайгаз іздеу жұмыстарын жабдықтау үшін практикалық қызығушылық туғызатын тұзкүмбездер айқындалған. Мезозойға дейінгі түзілімдерде газдың химиялық құрамы бойынша айырмашылықты бірнеше газды кешендер айқындалған: девон және төменгі таскөмірлі –көмірсутекті-азотты, пермьдік –азотты және гелийдің жоғарғы мөлшерімен азотты-көмір сутекті болып бөлінеді.

1997 жыл бойынша жоғарғы девон, төменгі карбон, төменгі пермьдік жыныстарды өнеркәсіптік қорлармен азотты-гелийлі және көмірсутекті газдың сегіз кенорыны ашылды.

Шу – сарысу ойпатында өндірістік газдың бар екендігі 1961 жылы дәлелденген. Газ негізінен төменгі тас көмір (визе, турне ярустар) және төменгі пермь шөгінділерінде табылған. Амангелді кен орны 20 жыл консервацияда болып пайдаланылмады.

Іздеу нәтижесінде кен орнында 17 ұңғыма бұрғыланды: 11 іздеу, 6 барлама ұңғымалары. Оның 8–і консервацияда, ал 9 ұңғыма жойылды. «Амангелді» кешенінде төменгі визе, серпухов және төменгі пермь шөгінділерінің газдылығы анықталған, сондықтан өнімді төменгі визе беткейінің құрылысын және де ол беткейге ұштасқан газ конденсат кенішін қарастырамыз.

Төменгі визе беткейінің шегінде үш жыныс текшесі (будасы) байқалған (А, Б, В). А және В текшелерінің әрқайсысы 4 қабат-коллекторларға, ал б текшесі 2 қабат-коллекторға бөлінген. Қабылданған қабат қиамсының тарамдалу үлгісі бойынша бұл коллектор үшін жапсарлас қабаттардың жайылу және қосылу коэффициенттері есептелген.

278- сурет. Шу-Сарысу синеклизасының мұнайгаз геологиялық аудандастыру сұлбасы

Стратиграфиясы

Девон жүйесі

Девон түзілімдері іргетаста сәйкессіздікпен жайғасқан. Тасбұлақ және Көкпансор ойпаңдарында және Төменгі шу ойпатында фамен түзілімдерімен бірге тұзды қатқабаттан түзілген. Қатқабаттың жоғарғы бөлігін қалыңдығы 400 м дейінгі тас тұзы, доломиттер, әктастар қабаттарымен бірге сұр, ангидриттелген құмайттар,құмайттастар құрайды. Тұзды қатқабаттың төменгі бөліктерін қалыңдығы 500 м құмайттар, құмайттастар, доломиттердің қабатшықтарымен бірге тас тұзы құрайды. Тұздардың бұл өатқабаты Придорожное газ кенорынының қимасында кездеспейді. Орта-төменгі девонға жататын қиманың төменгі бөліктерінде дөрекі сынықты жыныстар эффузия-шөгінді жыныстарымен кезектеседі. Девонның тұзастылық түзілімдерінің қалыңдығы 1500 метрден асады.

Таскөмір жүйесі

Таскөмір жыныстары девон түзілімдеріне сәйкес түрде орналасқан. Олар қызыл сұртүсті құмтастардан, қабаттасқан құмайттастарм мен құмайттардан түзілген. Түзілімдердің қалыңдығы 1500 м дейін.

Төменгі таскөмір түзілімдері тастопша ларға мүшеленеді. Олар шұбар түсті құмайттастардан, оолитті және детритті әктастардан құралған, қалыңдығы 215 м. Жоғарғы визе қара-сұр әктастардан, құмайттардан, құмайттастардан түзілген, жоғарғы бөліктерінің әрбір жерлерінде ангидриттер 420 м дейінгі саратов тастопша сының қара-сұр әктастардан, құмтастардан және құмайттастардан түзілген.

Таскөмір жүйесінде газ кенорындары серпухов жоғарғы визе түзілімдеріне және төменгі визе – жоғарғы турне түзілімдеріне байланысқан. Жинауыштары әктастар мен құмтастардан құралған. Шоғырлары массивті және қабаттық дөңестенген, антиклинді көтерілімдерге тураланған.

Пермь жүйесі

Пермь түзілімдері асинхронды өзгеретін ішкі континенттік алап түзілістерінен тұздылықтың әртүрлі бөліктерімен көрінеді. Тастопша лардың даталануы мен мүшеленуі бір мағыналы емес.

Жоғарғы бөлім мен төменгі бөлімнің жоғарғы басы тұзкөл тастопша сы екі тастопша ларға мүшеленеді. Жоғарғы тұзкөлдік тастопша қызыл, сұр және шұбар түсті қабатшықты құмайттар және құмайттастардан түзілген. Қалыңдығы 100-450 м.

279- сурет. Шу-Сарысу мұнайгазды алабы (К.А.Айтабаев, Ю.А.Семин, Н.Т.Тукенов және т.б. бойынша орталық бөлімінің қысқартылған түрі).

а- девонға дейінгі іргетас шыққан жерлері; б-жарылымдар; в- алап шекарасы; г- турне жабынының тереңдік изосызықтары, шақырым; д-жергілікті көтерілімдер; е- түз көмпимелі көтерілімдері; ж-газдылы кен орындары.

1-Тимгалин-Тастин мега белбелесі; 2- Кокпансар ойпаты; 3-Мойынқұм ойпаты; 4- Сузак-Байқадам ойпаты; 5- Тасбұлақ ойпаты; 6- Төменгі Шу дөңесі.

Ойпаңдағы төменгі тұзкөл тастопшасының қабаттары қызыл және сұр түсті құмайттастар, доломиттер, әксаздар және ангидриттер қатташықтары мен будалары кезектесіп келетін тас тұздарын құрайды. Синеклиздік көтерілімдері мен ернеулерінде тас тұзын: ангидриттер, оңтүстік-шығыс аудандарда – гипстелген қызыл түсті жыныстар алмастырады. Төменгі тұзкөл тастопша сының қалыңдығы 500 м дейін. Қазан – кунгур тастопша ларының жасы өсімдіктер тозаңы мен шаңының тарауы бойынша анықталған.

Төменгі бөлімге Соркөл және Қарақыр тастопшалары жатады. Соркөл тастопшасын басым түрде ұсақ түйіршікті құмтастар, әксаздар, доломиттер, құмайттар, гипс, ангидриттер, глаубериттер қабатшықтарымен қатар сұр және жасыл-сұр құмайттастар түзеді, ойпаңда оған тас тұзының қаттары қатысады, қалыңдығы 210 м.

Ерте пермьдік жас - котилозавр, барлық өсімдік қалдықтарының табылуы бойынша анықталады. Қарақыр тастопшасы жоғарғы таскөмір түзілімдеріне сәйкес түрде жатады және құмтастар, құмайттар, ангидриттер, глаубериттер линзаларының қабатшықтарымен бірге сұр, сазды кремнийлі әктастардан құралған, қалыңдығы 70 м.

Өнеркәсіптік газдылық Соркөл тастопшаларының тұзастылық түзілімдеріне байланысты. Саңылаулы-жарықшақты типті жинауыштар құмтастар мен құмайттастар болып табылады.

Бор жүйесі

Бор жүйесі сенон және турон жікқабаттарынан түзілімдерінен құралған кварцты құмдардан, қиыршық тастардан, малтатастардан, конгломераттардан түзілген. Динозавр сүйектері, акула тістері жиі кездеседі. Қалыңдығы 80 м дейін. Турон түзілімдері палеозой жыныстарының пенепленденген бетіне орналасқан, желге мүжілудің ертедегі қабықтары дамыған. Саз қабатшықтарымен бірге сұр құмдардан құралған. Қалыңдығы 160м дейін.

Палеоген жүйесі

Олигоцен. Жоғарғы олигоцен – асқазансор тастопша сы ашық-сұр, жасыл құмдардан құралған, қалыңдығы 12 м.

Орта және төменгі олигоцен. Құм қабатшықтарымен бірге қызыл және шұбар түсті саздардан түзілген, қалыңдығы 150 м дейін.

Эоцен. Пирит тасберіштерімен, глауконит түйіршіктерімен, акула тістерінің қалдығы және балық қабыршағымен бірге жасыл-сұр саздардан құралған, қалыңдығы 180 м дейін.

Палеоцен. Қара – сұр саздардан, құмайттардан және кварц-слюдалы құмдардан түзілген, қалыңдығы слюдалы құмдардан түзілген, қалыңдығы 2-30 м.

Неоген жүйесі

Неоген түзілімдері даталануы жеткілікті түрде шартты аймақтық горизонттармен тастопша ларға бөлінеді.

Жоғарғы плиоцен. Дөрекі сынықты жыныстар: конгломераттар; қойтастар, гравелиттер және қиыршық тастар басым болады. Қалыңдығы 100 метр.

Жоғарғы плиоцен және ортаңғы плиоцен. Оның құрамы өзгермелі: синеклиз перифериясы бойынша дөрекі сынықты жыныстар, ал орталық және батыс аудандарда – шұбар түсті, сирек емес гипстелген саздар мен құмдар басым болады 50 – 60 м дейін.

Төменгі плиоцен және жоғарғы миоцен. Олигоцен және өте ертедегі түзілімдер үстінде трансгресті жатады. Қызыл саздардан, әктасты тасберіштерден, әксаздардан, құмдар қабатшықтарынан түзілген, негізіне базалдықконгломераттар орналасқан, қалыңдығы 150 м дейін.

Орта және төменгі миоцен. Арал горизонты. Сұр саздар мен құмдар қабатшықтарынан түзілген, саздары жиі гипстелген, қалыңдығы 275 метрге дейін.

Төрттік жүйе

Төрттік түзілімдер неоген, палеоген және біршама ертедегі жыныстар үстінде сәйкессіз жатады. Басым түрде аллювиал және пролювиал құмды-сазды түзілістер мен эолды құмдардан түзілген. Тау бөктерінде қойтасты-малтатасты түзілістер дамыған.

Амангелді кен орнының географиялық және экономикалық жағдайы

Географиялық орны бойынша Амангелді газ кешені Шу мен талас өзендерінің арасындағы Мойынқұм құмының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Оған қоса оңтүстік –бастыс жағынан Кіші Қаратау жазығы ұласып Үлкен Қаратаудың бір бұтағына жалғасады.

Кен орынның географиялық координаттары: о.е ж.ұ.. орогенді сипаттамасы бойынша Мойынқұм ауданы солтүстік –батыс бағытына қарай 20 м дейін көтеріліп созылған құмды белестермен белгілі. Құм шекарасы оңтүстік және оңтүстік шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасқан, оны талас өзені басып өтеді, өзен аңғарларына мал айдалып бағылады. Мұндағы жер бедерінің абсолюттік межесі кен орнында +350 - +360 м ұлғайып, Тараз қаласының маңында +600 м жетеді. Жазықтықтың оңтүстік жағы көтеріліп Тянь-Шаньға ұласады.

Су көзі болып артезиандық ұңғымалар мен құдықтар табылды. Су деңгейі ұңғыма сағасынан 10-20 м тереңдікте жатады. Дебиті жоғары (тәулігіне 45 текше метр), минералдығы 3-5 г/л болатын палеогеннің сулы горизонты 60-220 м тереңдікте жатыр. Бұрғылау жұмысын сумен су ұңғымалары қамтамасыз етеді. Бұрғылау ерітіндісінде сазбалшық, кен орнының оңтүстік жағында 75 шақырымдағы Кеңес сазбалшық карьерінен жеткізіледі. Құрылыс материалдары ретінде пайдаланатын құм мен қиыршық тастар кен орнының оңтүстік-батыс жағынан ағып өтетін талас өзені бойыеда жеткілікті. Бутобы тастар солтүстікке қарай 120 км жердегі Ұланбел селосында өңделеді.

Амангелді алаңынан оңтүстік-шығыстан (Жамбыл ГРЭС) солтүстік-батысқа қарай жоғары вольтті ток желісі (ЛЭП) өтеді. Елді-мекен сирек қоныстанған. Ең жақын елд-мекен талас өзенінің жағасына орналасқан ойық селосы - кен орнынан 70 шақырым, оңтүстікте. Халқының негізіг кәсібі – қаракөл өсіру.

Амангелді кен орнын, облыс орталығы Тараз қаласынан Ақкөл, Ойыс, Ұланбел селоларымен байланыстыратын тас-жол басып өтеді. Кен орынның аумағында отын базасы жоқ. Жергілікті халық және кәсіпорындар отын ретінде, тасымалдалып келетін көмір және сексеуілді пайдаланады. Климатының негізгі ерекшелігі қатаң континентті, жазы ыстық ( ), қысы суық, қары аз ( ).

Тектоникасы

Амангелді кенорны тектоникалық қатынаста Шу-Сарысу депрессиясының оңтүстік жағында орналасқан. Мұнда Мойынқұм ойпаты мен талас көтерілімі шекаралас жатыр.

Мойынқұм ойпаты литофациалды және құрылымдық ерекшеліктері бойынша бір-бірінен айырмашылығы өте күшті үш қабаттардан тұрады:

Төменгі қабат – метаморфты, интрузивті және вулканды шөгінді жыныстарынан тұрады. Бұл қабат палеозой және төменгі палеозойға дейін созылып жатыр.

Ортаңғы қабат – терригенді галогенді және карбонатты тау жыныстарынан тұрады. Бұл қабат девон, карбон және пермь жүйелерін алып жатыр.

Жоғарғы қабат – негізінен континентальды терригенді жыныстарынан тұрады. Бұл қабат палеоген, неоген және төрттік дәуірлерді алып жатыр.

Амангелді кенорнының шығыс бөлігі, Миштин иіліміндегі Мойынқұм ойпатының Шу-Сарысу депрессиясында орналасқан.

Амангелді құрылымы қабаттары солтүстік-шығысқа жылысқан брахиантиклиналь түрінде келеді. Солтүстік-шығыс құрылымында сеймикалық барлау әдісі кезінде шөгінділер тірек (опорный) горизонттарынан корреляциясын жоғалтқан аймақ екндігі байқалған, ол 10-14 ұңғымаларды бұрғылау кезінде дәлелденген. 3-ші ұңғыма қимас ыкөршілес 11 жіне 18 ұңғымаларымен салыстырғанда жақсы межесі 18 ұңғымадан (-1787м), 53 м төмен орналасқан (-1840,2 м), яғни оның құрылымы қатар орналасқан ұңғымалардың құрылымына сәйкес келеді. байқау барысында бұл ұңғымалардан газдың әлсіз ағыны табылған. Бұл 3-ші ұңғымада ашылған қабаттар өнімді төменгі визей горизонтына жататынына қайцшылық келтірмейді. Құрылым өлшемі -1960м тұйық изогипс 14,2х6,4 км құрайды, көтерілу амплитудасы 260м.

Стратиграфиясы

«Амангелді» құрылымы аймағында жоғарғы девон, карбон, пермь шөгінділері ашылған, олар қалыңдығы 400 м мезокайназой жынысының астына орналасқан. Девон шөгінділері 1 ұңғымада анықталған, ондағы төменгі орта девон қалыңдығы 160 м, онда конгломераттар және аргилиттер тығыздалған күйінде кездеседі. Жоғарғы девонда құмдар, қиыршық тастар, құмайттастар, конгломераттар өзара қабаттаса келе 220 м қалыңдықты құрайды.

Карбон жүйесі (С)

Карбон жүйесі төменгі және ортаңғы-жоғарғы болып екі бөлімге бөлінеді.

Төменгі карбон жүйесі ( )

Төменгі карбон жүйесі турне, визе және серпухов жікқабаттарынан құралған.

Турне жікқабаты ( )

Турне жікқабаты төменгі карбон шөгінділері құм, құмтастар, мергель мен аргилиттердің өзара қабаттасуынан тұрады. Қалыңдығы 320м.

Визе жікқабаты ( )

Визе жікқабаты литологиялық бөлінісінде төменгі және ортаңғы-жоғары болып бөлінеді. Газдыконденсаттық кенішіне жапсарлас төменгі визе ярусының төменгі қабатында көмір қаттары аралас аргилиттер, сазды құмдар, ал жоғарғысында – әктас қатпары араласқан құмтастар мен аргилит кездеседі. Қалыңдығы 80м. Ортаңғы-жоғарғы визе ярусы ( ) бөлігі негізінен әктастардың, доломит, ангидрит, саздар және аргилит пен құмайттастар қат-қабаттарынан түзілген. Қалыңдығы 240м ден 320м-ге дейінгі өзгерісте болады.

Серпухов жікқабаты ( )

Серпухов жікқабаты құмайттастардан, доломиттерден және аргиллиттерден тұрады. Қалыңдығы 800м.

Ортаңғы-жоғарғы карбон жүйесі ( )

Ортаңғы-жоғарғы карбон жүйесі шөгінділері тасқұдық жікқабатында түрлі-түсті аргиллиттер, құмайттастар, саздар және құмды қоспалардан тұрады, үсті қалың қызыл түсті құмды алевролит және аргиллиттерден жабылған. Қалыңдығы 420 м.

Пермь жүйесі ( )

Пермь шөгініділері тұзасты, тұзды және тұзүсті қабаттарға жіктеледі. Төменгі пермьнің тұзасты қалыңдығы негізінен аргиллиттер, саздар, құмайттастар түзеді. Қалыңдығы 280-290 м жетеді. Тұзды қабат қызыл сульфатты ангидриттерден құралған. Қалыңдығы 320 м. Жоғарғы пермьнің тұзүсті қабаты негізінен құмды, ал қалған бөлігінде құмтастар, алевролиттер, аргиллиттер шөгінділері араласып жатады. Шөгінді қалыңдығы 260 – 280 м аралығындағы өзгерісте болады.

Мезозой – кайназой шөгінділерінде құм, саз және алевролит араласып келеді. Құрылым шегінде оның қанаты 178 – 346 м аумақта.

Кесте – 17.

Амангелді кенорнының литологиялық қимасы

Интервал

Қалыңдығы

Тау жыныстары

Бұрғылау

бойынша категорисы

0-280 м

280 м

Құмдар, құмтастар, саздар, құмайттастар

ІІ

280-570м

290 м

Қызыл түсті аргилиттер, құмайттастар және құмтастардың өзара араласқан қатпарлары

ІІІ

570-960м

390 м

Тасты тұздардың, аргилиттердің және жартылай ангидриттердің өзара орналасқан қатпарлары

ІV

17- кестенің жалғасы.

960-1260м

300 м

Қызыл түсті құматстар, аргилиттер және құмайттастар

IV

1260-1650 м

390 м

Қоңыр түсті, тығыз, қатты құмтастар, құмайттастар және аргилиттер

V

1650-1790 м

140 м

Сұр, қара-сұр түсті, тығыз ангидриттелген әктастар, сұр түсті әр түйіршікті құмтастар, сұр, қара сұр түсті болып келетін және құрамында ангидрит пен пирит бар аргилиттер

V

1790-2140 м

350 м

Сұр, қара – сұр түсті , тығыз ангидриттелген әктастар, сұр түсті әр түрлі түйіршікті құмтастар, сұр, қара түсті болып келетін және құрамында ангидрит пен пирит бар аргилиттер

V

280- сурет. Орталық газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

281- сурет. Батыс Опақ газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

282- сурет. Придорожный газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

283- сурет. Малдыбай газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

284- сурет. Анабай газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

285- сурет. Амангелді газдыконденсатты кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

286- сурет. Айрақты газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

287- сурет. Солтүстік Үшарал газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

288- сурет. Үшарал- Кемпіртөбе газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.

289- сурет. Үшарал- Кемпіртөбе газды кенорнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасы.