
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
Оңтүстік Маңғышлақ солтүстігінде Қаратау жотасымен, оңтүстігінде Қарабоғазкөл шығанағы арасында орналасқан. Оңтүстік Маңғышлақ мұнайгаз провинциясының ашылуы Қазақстан мұнай барлаушыларының кейінгі жылдардағы үлкен жетістіктерінің бірі.
Оңтүстік Маңғышлақ мұнай және газ кенорны халық шаруашылығында үлкен маңызға ие.
Оңтүстік Маңғышлақ провинциясының солтүстік бөлігі шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жаңа шоғырлы объектілерді жаңа мұнай және газ кенорындарымен байланысты жаңа тұтқыштарды іздестірудің және болжаудың қажеттілігімен байланысты ерекше қызығушылық тудырады. Геологиялық барлау жұмыстарын жолға қою соңғы жылдары Өзен – Қарамандыбас аймағы кенорнын ұзақ игерумен және оған жалғас жатқан аумақтардың ресурстық базасын толықтырудың қажеттілігімен байланысты өзекті маңызға ие болуда. Мұнай және газға арналған келешегі бар тұтқыштарды шоғырландыру іске асырылуы мүмкін жұмыстар мен аймақтардың өскелең бағыттары ұсынылып отыр.
277- сурет. Оңтүстік Маңғышлақ.
III-шағылу беткейі бойынша(готериев табаны) құрылымдық сұлба картасы(құрастырғандар: В.Г.Матвеев; А.Б.Живодерев; Ю.А.Волож) [ ]
1-III шағылу беткейі (готерив табаны) бойынша изогипсалар;
2-А шекаралық беткейі бойынша пермь-триастың табаны Vгр=4800-5400м/с; 3- жоғарғы бордың(дат ярусыеың табаны Vгр=3600-3700 м/с) шекаралық изогипсалары; 4-сырғымалар; 5- тереңдік жарылымдар; 6-өндірістік мұнайгаздылы анықталған құрылымдар; 7-терең барлау сатысындағы құрылымдар; 8- терең барлауға зерттеу қажет құрылымдар; 9-құрылымдық тектоникалық белдем шекаралы;
Екінші қатарлы құрылымдар: I-Беке-Башқұдық белбесі; II-Жетібай-Өзен баспалдағы; III-Сегенді депрессиясы; IV-Жазғұрлы депрессиясы; V-Каракие төменсуы; VI-Песчаномыс-Ракушечный көтерілімі; VII-Қарыншарық дөңесі; VIII-Туарқыр-Қараудан белбелесі.
Оңтүстік Маңғышлақтың геологиялық- құрылымдарының негізгі
кескіндері
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарыда Оңтүстік Маңғышлақтың терригенді жыныстарының өндірісті мұнай газдылығы дәлелденді, триас және юра жасты түзілімдері өнімді болды. Табылған кенорындарының ерекшелігі көп қабаттылығы болады. Кейбір кенорындарының қимасында өндірісті мұнай газдылы беткейлерінің саны 20-ға дейін барды. Оңтүстік Маңғышлақ иінді ойысының солтүстік бөлігіндегі кенорындары мұнайлы (Жетібай, Өзен). Оңтүстігінде көбінесе газ кенорындары орналасқан (Тенге, Тасболат).
Оңтүстік Маңғышлақтың мұнай – газдылығының келесі ерекшелігі мұнай–газ кенорындары бұзылыстармен күрделенбеген жайлы құрылымды антиклинальды және брахиантиклинальды қатпарлармен байланысты. Кенорындарының кеніштері негізінде дөңбек күмбезді. Барлық кеніштері толық деп есептеуге болады. Тек қана Өзен және Жетібай кенорындарында беткейлерінің коллекторлық қасиеттерінің өзгеруі бір қалыпсыз болғандықтан бірнеше литологиялық қалқанған кеніштер кездеседі. Оңтүстік Маңғышлақтың кө кеніштері өнімділікті шекаралықтарының орналасуы солтүстікке қарай құламалы және олардың құрылымдарымен салыстырғанда аздап сәйкес еместігі екені байқалады. Соңғы жағдай қабаттық сулардың солтүстіктен оңтүстікке қарай аймақты арынды болғанымен байланысты деп есептеледі.
Оңтүстік Маңғыстау ойпатының тектоникалық құрылым элементтеріне Жетібай-Өзен сатысы, Жазғұрлы және Сегендік ойпаттары жатады. Жетібай- Өзен сатысы солтүстігінде Маңғыстау жүйесінің дислокациясы болып табылатын Бек-Башқұдық беткейімен қиылысады. Жетібай-Өзен сатысы оңтүстік жағында Көкүмбай сатысымен жалғасады. Оңтүстігінде орналасқан Жазғұрлы және Сегендік ойпаттары өзара ерекшеліктері арқылы бөлінеді. Жазғұрлы ойпаты оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде Песчаномыс-Ракушечный дөңес белдемімен және Қарынжарық ершігімен шектеседі. Оңтүстік-Маңғыстау ойпаты оңтүстігінде Қараудан–Бозащы құрылым белдемімен қиылысады.
Тектоникалық құрылымы
Маңғышлақ Үстірт МГП-ы шегiнде Оңтүстік Маңғышлақ және Солтустiк Үстiрт мнайлы-газды облыстар бөлінеді.
Оңтүстік маңғышлақ МГП Қазақстан өнеркәсібіндегі iрi шикiзатты база болып табылады. Маңғышлақ мұнайының алғашқы шапшымасы 1961 жылы маусым айында Жетiбай алаңында ашылған. Сол жылдың желтоқсан айында Өзен мұнайының алғашқы фонтаны алынды.
Геологиялық жағынан ол Скиф-Туран эпимезозой платформасының бiр бөлiгiн алып жатыр, мұнда шөгінді мезозой кайназой тысы қатпарлардың күрделі жүйесiне қыртысталған юраға дейіні кристалды таужыныстарына жайғасып жатады, ал Орталық бөлiгiнде геофизикалық әдiстермен континенттік қыртыс үшін типті гранитті қабат табылған.
Ортаңғы Каспий алабының шығысында қатпарлықтың Қаратау белдемi аса жоғары көтерiлiл, ол батыста бiртiндеп Түпқараған белiне өте отырып, оңтүстiк-шығыс солтүстiк-батыс бағытта батырылады, мұнда жер үстіне жоғарғы бор таужыныстары шығады. Ары қарай, Каспий теңізінің айдыны шегінде мезозой түзiлiмдерi iрi пермотриасты ойыстар түзе отырып терең батырылады. Гравиметриялық зерттеулер көрсеткендей, айматтық теңiздiк бөлiктерiнде, жекелеп алганда Маңғышлақ дислокациясы белдемiнде қатпарлықтың сызықтылығы жазылады.
Оңтүстік Маңғышлық ойпаты – іс жүзінде Ортаңғы Каспий алабының (синеклизасының) шығыс орталық қанатының жалғасы. Бұл құрылымның солтүстікiк шекарасы Маңғышлақ дислокация белдемдерi көтерiлiмiн бойлай, шығыста — Биринжик ойпатымен өтеді, ал оңтүстік шектеуіне Қарабұғаз дөңесi жатады. Оңтүстік Маңғышлақ ойпаңының негiзгі элементтері құрлықта Жетiбай - Өзен және Қоқымбай сатылары, Түпқараған, Бекешбашқұдық белдерi, Песчаномыс — Ракушечті дөңесі көтерілімі, Сығынды жәнг Жазғұрлы депрессиялары, Солтүстiк — Қарабұғаз (Ақтау Кендiрлiк) сатылары болып табылады. Оңтүстiк Маңғышлақ – Үстірт – Солтүстік Түркiмен жүйесiнiң батулары аталған құрылымдары, сондай-ақ Ассаксаудан және Дарьялық — Даудан ойпаңдарын қосып алады.
Жазғұрлы депрессиясы Сығындының шығыс жағасында орналасқан және одан Қарашғия ойпаңымен бөлініп жатыр. Депрессиядардың өлшемдерi юраға дейiнгi түзiлiмдердiң бетi бойынша 180 м, 70-80 км. Амплитуда 1500-2000 м. Қарабұгаз маңы Солтүстiгiнде (Атабұрын алаңыт) триасты түзiлiмдер 3305 м тереңдiкте ашылды. Солтүстiк Қарабұғаз маңының батыс бөлiктерiнде (Оңт. Аламұрын, Жаңаорпа,Тамды) триастық түзілімдері шамасы болмайды және орта төменгi юра терригендi – сазды таужыныстар палезойдың күшті дисслокацияланған түзілістерінде жайғасады. Тұтас алғанда бұл ауданның қимасы нашар зерттелген, мезозой және палеозой түптерінің стратиграфиясы мен корреляциясы әзірше жауапсыз тұр.
Песчано — Ракушечный дөңесі көтерілімінде (пішіні изометрлі) триастың бетi 3,2-3,6 км тереңдiкте ашылған.Тыстық қалыңдығы мұнда 4 км және одан асады. Түпқарағанн белiндегі көтерілім терең батудағы Сығынды депрессиясымен бөлiнедi. Орталық Маңғышлық қатпарлығымен ол Жетiбай - Өзен сатысы және шығыста Жазғұрлы депрессиясы, батыста Сығынды, Қарағия ойпаты арқылы байланысады.
Песчаномыс – Ракушечная көтерілімімен батысырақ Жемчужнина көтерілімі бөлініп шығады, яғни ол Каспий теңізінің батыс жағалауындағы Кизляр ойысына түседi. Мұнда пермотриас түзлiмлерiнің беті 2000 м құрылымға күрт батады. Песчаномыс- Ракушечняк көтерлiмi оңтүстiк батыс бағытта теңізге моноклинді батырылады.
Каспий аймағының күрделi құрылысты аудандарының бірі Қарабұғаз деңесі және Красноводск, Үстiрт аудандары болып табылады. Шекарасы шамамен солтүстiкте Қарбұғаз шығанағы және Шағадам – Дагаджик массивінің ортасымен, оңтүстiкте Солтүстік – Балқан дислокациясы белдемiнде, шығыста Чильмамедқұм белдемінде өтеді. Территория палеозой кристалды таужыныстардың терең емес (1005-1750 м) жатыстығы өзгеше массивті білдіреді.
Қарабұғаз дөңесі изометрлiк құрылысты, кристалдық iргетастың бетi 1005 м тереңдiкте ашылған Омчалы көтеріңкі бөлiгiне ие. Батысқа қарай, Қаршы ауданында 200-250 м. Карабұғаз дөңесінің өлшемдерi - 100х150км.
Красновод қыратының – ені 100 -150 және ұзындығы 150-170 км iрi тектоникалық құрылымдардың бiрi. Солтүстiкте іргетастың 1200-1750 м бетіндегі Қарабұғаз дөңесi батыста 2000-2500 м дейiн және шығыста одан аса Үстірттің ббөліктері орналасқан. Туарқа көтерiлiмiнiң өлшемдерi - 270х40 км, созылымы – ОШ – СБ, амплитудасы 2,5-3,0 км қатарда. Оның ядросында пермотриас қызылтүстілердің (4,5 км жуық ) қуатты қатқабатты iргетасының дислокациялы таужыныстарының шығуы және юра мен бор жүйесiнiң барлық бөлiмдерiнiң түзiлістері бар. Оңтүстiк — батыс беткейге Қарабұғаз дөңесінің солтүстiк-шығысы жалғасады.
Стратиграфиясы
Кейінгі жылдары геолого-геофизикалық зерттеулер және бұрғылау жұмыстары Жетібай-Өзен сатысы аумағында мұнай және газ шоғырланғанын көрсетті. Осы қарастырылып отырған аумақтың геологиялық жарылымы төменнен жоғары қарай төменгі триас түзілімдерімен, юра, бор, кайнозой кешенімен белгіленген.
Төменгі триас
Оңтүстік Маңғыстау ойпаты аумағында төменгі триас түзілімдері инд және оленек жасты. Инд жасында қоңыр құмтастар, аргиллиттер, сирек қабатты доломиттер белгіленген. Төменгі триас таужыныстарының қалыңдығы 1500метр.
Юра
Юра түзілімдерінің жыныстары жоғарғы, ортаңғы, төменгі юра жастарымен белгіленген. Төменгі юра түзілімдерінде саз, құмтастар, алевролиттер, гравелиттер кездеседі. Төменгі юра жыныстарының қалыңдығы 50м.
Ортаңғы юра түзілімдерінің құрамына аален, байосс, бат ярустары кіреді. Аален ярусында әртүйірлі құмтастар және конгломераттардың қалыңдығы 100-200м. Мұнда сұр және қара- сұр саздар кездеседі. Байосс ярусы түзілімдерінде құмтастар мен құмайттастар бар. Таужыныстарының қалыңдығы 400-500м. Бат ярусында ұсақ түйірлі сұр құмтастар, саздар, құмайттастар бар. Қалыңдығы 150м. Жоғарғы юра түзілімдері келловей, оксфорд, киммеридж-титон жыныстарымен белгіленген. Мұнда құмтастар, құмайттастар, саздар, мергелдер, доломиттер кездеседі.
Бор
Бор түзілімдері төменгі, жоғарғы бор жасымен сипатталады. Төменгі борда неоком, апт, альб жыныстары кездеседі. Бұнда құмтастар, әктастар, құмайттастардың қалыңдығы 250м. Апт түзілімдерінде ұсақ түйірлі құмайттасты құмтастар. Қалыңдығы 95-110м. Альб ярусында құмтас және құмайттас қабатты қара-сұр түсті саздар. Кешеннің қалыңдығы 50м.
Жоғарғы бордың қалыңдығы 300 метрге дейін.
Кайнозой
Түзілім палеоген, неоген, төрттік жасты жыныстармен көрсетілген. Таужыныс құрамы карбонатты-сазды болып сипатталады. Барлық кайнозой түзілімінің қалыңдығы 280-300 м.
Маңғышылақ ойпатының оңтүстік бөлігіндегі биотиттік граниттердің жасы – силур, төменгі таскөмір трансгрессивті аален шөгінділері түзілген. Карпин беткейінің оңтүстігінде юра шөгінділері тас көмір жасты жыныстары ашылған, онда метаморфталған құмтастар, көмірлі-кремнийлі және серицитті тақтатастар қалыптасқан.
Каспий аумағында мезазой кешенінің 3 жүйесі сипатталады. Триас шөгінділерінде қызыл түсті құматстар, құмайттастар, аргиллиттер қалыптасқан. Қалыңдығы 700-13000 метрден жоғары.
Юра
Юра шөгінділері таскөмір тақтатастарынан бастап қызыл түсті триасқа дейін кең таралған. Төменгі юра түзілімдерінде ұсақ және орта түйірлі құмтастар, құмайттастар, сазды және карбонатты шөгінділер түзілген. Орта юраның аален ярусында қалыңдығы 80 метрге дейін құмды-сазды түзілімдері дамыған. Жоғарғы юрада терригенді - доломитті таужыныстары, доломиттелген құмайттастар, әктастар және құмтастар түзілген. Қалыңдығы 30-180 метр.
Бор
Төменгі борда терригенді-карбонатты жыныстар, құмтастар, құмайттастар, саз шөгінділері қалыптасқан. Төменгі бордың қалыңдығы 500-800м.
Жоғарғы борда сазды – құмайттасты жыныстар, жасыл, сұр түсті глауканитті құмтастар, ашық-сұр түсті мергелдер және сазды әкткстар, орогенді-кесекті әктастар түзілген. Жоғарғы бордың қалыңдығы 250–400 м.
Палеоцен-эоцен түзілімдерінің қалыңдығы 180-250 м. Олигоценнің түзілімдерінде сазды қабаттың қалыңдығы 1000-1400 м.
Миоценде қалыңдығы 500-600 м шамасында құмды-сазды шөгінділер қалыптасқан. Плиоценнің ақшағыл және апшерон ярустарында құмтастар, саздар, құмды-әктастар жұқа қабатты құм түзілімдері бар.
Мұнайгаз кенорындары
Өзен кенорны Маңғышлақ мұнайгаздылық атырабынының территориясындағы бiршама зерттелгендердің бiрi. Мұнайгаздылық түзiлiмдердiң стратиграфиялык қимасын құрылымды зерттеу және корреляциялау үшiн тiрек қызметiн аткарады.
Жаңа Өзен – Маңғышлақ шөгiндi алабының Жазғұрлы - Сығынды iшкi ойпаңындағы алып мұнайгаз кенорны. Жаңа өзен қаласынан оңтүстiкте 150 км жерде орналасқан. Аймактың геолого-геофизикалық жұмыстары 1953-1 956 жылдары жүргізілген. Терең 6ұрғылау 1960 жылы басталған. 1 962 жылы ашылды.
Кенорын жергiлiктi көтерiлiмдер мен күмбездер қаратымен күрделенген, батыс – солтустiк – батыс созылымының iрi брахиантиклиналь катпарына тураланған. Валажин жікiқабатының табаны бойынша кұрылымның өлшемдерi 900 м тұйықталған изогипстер контурында 200 м жуық амплитудамен 45х9 км құрайды. Ю - ХII өнімдi горизонтының жабындысы бойынша (жоғарғы юраның келловей жікқабаты), 1130 м изогипс контурында, кетерiлiмдердiң өлшемдерi 300 м амплитудамен 41х11 км. Жоғарғы және төменгi бор (сеноман, альб, ант жiкқабаттары және неоком), жоғарғы және ортаңғы юра (келловей, бат, байос. Аален жікқабаттары түзiлімдерiнде өнеркәсіптік өнiмдiлік анықталған. Өнімдi қабаттың биіктігі 1500 метрге жетеді. Бор кешенінде таужыныстардан 12 газдьт, ял юра қатқабатынан - 13 мұнайлы және мұнайгазды горизонттар бөлiнiл шығады. Өнiмдi горизонттардың көпшiлiгі көп қаттық болып келедi. Тұтқыштарының типтері бойынша шоғырлар негізінен қаттық, дөңесті, тектоникалық және литологиялық шектелген. Негiзгi дөңесте Ю ХII - 10 ХУІІ горизонттарының - бiр ғана су-мұнай жапсары бар, осыған байланысты шоғырлар типi бойынша массивті-қаттыққа жатуы ықтимал.
Жинауыштары саңылаулы, құмтастар мен құмайттастардан құралған. Газдық горизонттардың ашық кеуектілігі 26,8-30,6%, өтiмдiлiгi 0,2-0,4 мкм2 дейiн. Юра қатқабатында бiршама жоғары кеуектiлк (26,5%) және өтiмдiлiк (0,523 мкм2) ХIII горизонтта (келловей жiкқабаты) белгiленген. Қалған горизонттарда кеуектілік 18-25% дейiн. өтімділік 0,02-0,3мкм2 шегiндс ауытқиды. Өнімді горизонттардың жапқыштары 2-60 м қалыңдықтағы саздар болып келедi. Жинауыштардың тиімді қалыңдығы кең шекте өзгередi.
2,7-14,1 м дейiнгi газқанығу төменгi бордың газдың шоғырларында 4-30 м дейiн, юра горизонтында, сәйкес түрде 2,6-167 м дейiн және 1,0-20 м дейiн. Мұнайдың тығыздығы 844- 874 кг/м3, күкірттiң мөлшерi 0,16-2%, парафин 16-22,6%, шайыр 8-20%. Мұнай қанығу коэффициентi 0,53-0,73, газқанығу коэффицентi 0,5-0,6. Қаттық 57-84°С температурасындағы бастапқы қаттық қысым 11,2-19,35 мпа. Мұнайдың бастапқы шығымдары горизонт бойынша тәулiгiне 1 м3-тен 81 м3 дсйiн өзгередi. Газдық фактор 47-275 м3/м3.
Өзен кенорны Жетiбай - Өзен тектоникалық сатыларының Өзен – Қараманды бас антиклиналь сызықтарының солтүстiгiнде орналасқан және субендiктi созылымның iрi антиклиналь қатпарымен байланысты. Құрылымының өлшемдері юра өнімді горизонттарының жабындысы бойынша 33х9,8 км-дi құрайды, ал амплитудасы 175-тен (турон жабындысы бойынша) 300 м дейiн (келловей өнiмдi горизонты бойьшша) өзгередi. Түсу бұрышы солтүстiк қанатта 3, оңтүстiк қанатта 5-6°.
Өзен кенорнының өнеркәсіптік мұнайгаздылығы 1961 жылы анықталған. Ары карайғы iздеу-барлау жұмыстарымен бүкiл дерлiк юра-бор қимасының мұнайгаздылығы дәлелденеді.
Төменгі бор түзiлiмiнде турон (1 горизонт), сеномал (ІІІ-горизонт), альб (III-Х1 горизонттар) және неоком (ХII горизонт) түзiлiмiне стратиграфиялық тураланған 12 газдылық горизонт айқындалады. Газдылық қатқабат қабаттасқан құмтасты, құмайттасты және сазды таужыныстардың қуатты сериясымен қалыптасқан. Литологиялық ерекшеліктері бойынша бұл түзiлiмдер айқын түрде екi кешенге бөлiнедi: жоғарғы — терригенді (ІІ -ХI горизонттар ) және төменгi - терригендi - карбонатты (ХII горизонт).
Газдылық қабат 720 м жетедi. Өнеркәсіптік мәндегі газ қорлары ІІ-ҮІ, ҮІІІ, Х-ХІ горизонттарда шоғырланған. Негiзгi қорлары төрт төменгі горизонтта жатады.
Юра өнімді кешенiнде мұнайгаздылық жоғарғы юраның келловей жiкқабатынан ортаңғы юраның аален жiкқабатына дейiн анықталған. Шоғырлар мұнайдың өлшемдері мен қорлары бойынша бiршама елеулiсі ХШ-ХҮIII горизонттарға тураланған. Олар мұнайгаздылықтың жоғарғы қабатына бөлектенеді.
ХIIІ- ХҮІІІ горизонттар қимасында негізінен мұнайлы және Хумұрын күмбезінің негiзгi дөңесiнiң шегiнде ғана мұнай-газ шоғырлары айқындалған. Құрылым дөңесіндегі ХIII жоне ХІҮ горизонттарда құмтастар линзасына тураланған өлшемi және қоры бойынша шамалы газдық шоғырлар қоймасы бар.
ХҮI, ХҮІІ, ХҮІІІ және ХIҮ, ХҮ горизонттардың шоғырлары қуатты, мықты берік қаттарға жинауыштарға тураланған.
ХIIІ- ХҮIII горизонттардың жатыс тереңдігі 1050-1450 м. ХIII- ХҮIII горизонттар бойынша кенорындарының әртүрлi бөлiктерiнде өлшенген қаттық қысым 113-тен 124 атм - дейiн, температура 63-74° өзгереді.
Мұнайгаздылықтың төменгі қабатына ХIХ-ХХҮ горизонттардың мұнай және газ шоғырлары жатады. Мұнда басым түрде мұнай-газды және газды шоғырлар дамыған.
Мұнайгаздылықтың төменгi кабатының жатыс тереңдiгi негiзгi күмбезде 1450-1700 дейiн. Парсы – Мұрын (бiршама батырылған) кумбезiнде 1500-1880 км дейiн езгереді.
Қазiргi уақытта Өзен кенорнының барлық мұнай шоғырлары пайдаланылып жатыр.
Жетiбай мұнайгаз конденсатты кенорны Ақтау каласынан оңтүстік – шығыста 80 км жерде орналасқан. Құрылым 1955 жылы айқындалып, кенорын 1961 жылы ашылды.
Құрылымының өлшемдері 22,5х6,5 км, амплитудасы 60 м.
Өнімділіктері жоғарғы және ортаңғы юра түзiлiмдерi болып табылады, онда қабаттасқан құмтастар, құмайттастар және саздардан құралған 13 горизонт анықталған. Өнімді горизонттардағы құмтастар қатпарының саны 8 дейiн өзгередi. Киманың өнімді бөліктерінің жалпы қатқабаты 700 м асады. Стратиграфиялық онiмдi горизонттары жоғарғы юраның келловей жікқабатына, ортаңғы юраның бат, байос және аален жiкқабаттарына жатады, одан 2 газды, 11 мұнайлы, және 7 мұнайгазды (олардың бiреуi газ конденсатты) түзiлiмдер бөлініп шыққан. Тұтқыштарының типтері бойынша шоғырлар қаттық, дөңестік, бiрақ сондай-ақ массивті-қаттық, литологиялық шектелген. Өнiмдi горизонттардың жатыс тереңдiгi 1700-2500 м.
Жинауыштары саңылаулы. Жинауыштарының мұнайқанығу қалыңдығы 1,3-21,2 м шегінде, газқанығу 2-14,4 м дейiн. Барлық горизонттардың мұнайы 830-870 кг/мк3 тығыздығы бойьнша жеңіл және орташа, шайырлы 4,53-15,5%, Жоғары парафинді 17,2-25%, аз күкіртті 0,2-0,28%. Асфальтендердің мөлшері 0,9-3,4% дейiн ауытқиды. 300°С дейiн фракциялардың шығуы 25-42%. Ерiген газдың құрамы: метан 58,86-764%, ауыр көмірсутектер 22-37, азот 1,3-5,8%, көмiрқышқыл газы 0,3-1,1% . Газ телпегiндегi бос газ метанды құраушылары 78,6%жетедi, ауыр көмiрсутектер -11-18%, концентрациясы тереңдiкпен төмендейтін азот (10,3% дейiн) және көмiрқышқыл газ -0,23-1,2% келловей горизонтының газконденсатты шоғырларында тығыздығы 689-704 кг/м3 тұрақты конденсат бар. Йод, бор жане бром қатысады. Кенорны пайдаланылып жатыр.
Газ шоғырлары қиамының жоғарғы бөліктеріне тураланған (Ю-1 және Ю-ІІ горизонттары) Төменде мұнайгазды және мұнайлы шоғырлар біркелкі кездеседі.
Мұнайгаз шоғырларындағы газды бөліктердің биіктігі 4-тен (Ю-ХІ горизонтының Б шоғыры) 37 м дейiн (Ю-ІІ горизонтының Б шоғыры) мұнай бөліктерінің биіктігі 12 –ден (Ю-Х горизонтының Б шоғыры) 35 м дейiн (Ю-ҮІІІ горизонтының Б шоғыры)өзгереді. Таза мұнай шоғырларының биiкгiгi 10-нан (Ю-ҮІІ горизонтының шоғыры) 91 м дейiн (Ю-Х горизонтының шоғыры) ауытқиды.
Жетібай кенорнындағы көмірсутектердің негiзгi қорлары Ю-ҮІІІ, Ю-Х, Ю-ХІІ горизонттарының шоғырларына байланысты яғни олардан бiршама елеулі мұнай шығымдары алынды (Ю-ХІІ горизонтынан №207 ұңғымада тәулiгiне 275 т дейiн).
Мұнайгаз және мұнай шоғырларының жатыс тереңдiгi 1700-2450 метрдi құрайды. Шоғырлардың әртүрлі тілімдерінде өлшенген қысым 175-250 ат-ға дейiн, температура 78-99С дейін өзгередi.
2.3.11 Шу-Сарысу газды облысы