
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
Бұл жүйелерді анықтау және негіздеу тереңдік сейсмикалық мәліметтерді зерттеу, іргетас бетінің морфологиялық және шөгінді тыстың одан терең беткейлерін талдауға, грави және магнитобарлау мәліметтеріне сүйеніп жасалған. Бұл мәліметтер кешені белгілі аймақтық жарылымдардың орналасуын нақтылауға және бұрын байқалмаған, бірақ литолого – формациялық аймақты бөлу сипаттамасына және жергілікті көтерілімдерге маңыздылығы бар жаңа жарылымдар аймағы анықтауға мүмкіндік береді. Платформалық және орогенді облыстарды, іргетас құрылымын және акваторийлардың шөгінді тысын бөлетін ірі жарылымдар жүйесіне ең алдымен Донецк – Астрахань және Оңтүстік – Ембі, Астрахан – Атырау және Кавказ орогенінің алдыңғы жүйесін атап кеткен жөн (218,219,220,221,222- суреттер).
Донецк – Астрахань және Оңтүстік - Ембі жүйесі ығыспа , жылжыма – шапшыма даму сызығыны 1шақырымнан 15 – 25 шақырымға дейін, бөлек бұзылыстар амплитудасы бірнеше жүз метрден 1 шақырымға дейін болатын ығыспа, ығыспа шапшымаман сипатталады. Бұл аймақтан солтүстікке қарай ежелгі платформа аймағында, біріншіден, жақын жарылымдардың деформациясынан, екіншіден, эпигерциндік платформа аймағының оңтүстігінен келген шайылу әсерінен триас және юра түзілімдерінің қалыңдығының әлдеқайда жоғарылағаны белгіленген.
Астрахан – Атырау жүйесі геофизикалық өрістен көрінген, юра түзілімдерінің табанынан төмен жатқан жарылымдармен берілген ені 5 – 10 шақырым лықсыма – жылжыма құрылыммен берілген. Юра және бор кешенінде ол үзілісті флексура, құрылымдық – тектоникалық элементтің кеңеюінің немее қалыңдығының сатылы өзгеру аймағы түрінде болады, жалпы, конседиментационды даму жүйесі ретінде келеді.
Кавказ орогенінің фонтальды жүйесі Кусар - Девичинск иіліміің жағалауына шығатын теңізде келетін тігіс - шапшыма – қатпармен зонамен берілген. Оңтүстікке қарай оның табиғаты өзгереді. Каспийдің ірі тектоникалық депрессияларын шектейтін флексуро – лықсымалы аймақтармен бірге маңызы бар басқа да ірі бұзылыстардың ішінен Орталық Каспийді Манычск - Мангышлак бағытында қиып өтетін, Скиф – Тұран платформасын юра – бор, пермь – триас түзілімдерімен қатпар аймағын сызықтық бөлетін флексуро – лықсымалы және тігіс – ығыспалы аймақты атауға болады.
2.3.5 Рифтогенді жүйелер
Іргетас құрылымының мәліметтер кешені мен геофизикалық, сонымен қатар жылу өрістерінің мәліметтері негізінде Каспий аймағында кеш тектоникалық прцесстермен өңделген, өте қалың шөгінді тыспен жамылған әржасты рифтогенді жүйелер белгіленген (258-сурет). Көптеген ғалымдар өз зерттеулерінде, мұндағы жоғарғы мантия және жер қыртысы құрылымы мен геофизикалық параметрінен рифт толудың шөгінді құрамының формациясы мен олардың құралуын қарастырған. Осылардың нәтижесінде осы жүйелерге қысқаша сипаттама жасалған.
Аралсор рифтогенді жүйесі. Шамамен, рифей, венд – ордовик дәуірлерінде қалыптасқан. Девон жүйесінде қалыпты қысылу байқалған, пермьнің басында рифт белдемінің төмен түсуімен және шөгінді тыстың жиналуының изостатикалық түзелуі басталған.
Карпинск кряжының рифтогенді жүйесінің де қалыптасуы рифей дәуірінде болған жүйенің девон түзілімдерінде ұсақ массивтер және сілтілі базиттер мен ультрабазиттердің дайкалары болған. Бұл осы дәуірдегі рифтогенездің белсенділігін көрсетеді. Соңғы палеозой (карбон соңы - пермь – триас басы, герцин және соңғы герцин этапы) бұл жүйеде қатпарлы белдемдерінің пайда болуымен байланысты.
Оңтүстік - Ембі рифтогенді жүйесі рифей – венд, ерте кембрийге дейінгі (архей – ерте протерозой) негізінде пайда болған. Ерте пермьде іргетастың рифті трогтарында инверсионды көтерілімдер аймағы пайда болған. Бұл көтерілімдер дамуы триастың аяғына дейін жалғасқан.
Шығыс - Манычск рифтогенді жүйесі жасы соңғы протерозойдан палеозойға дейінгі Скиф тақтасының қатпарлы - алаңдық гетерогенді негізінде пайда болған. Рифт жүйесі пермь – триастың терригенді - карбонатты және вулканогенді қабаттарымен толтырылған.
Орталық - Маңғышлак рифтогенді жүйесі, болжаммен, ерте - ортаңғы палеозойда қалыптасқан. Қысқа уақыттың соңғы палеозой қысылу фазасынан кейін, соңғы пермь – ерте триаста бұл жүйедегі рифтогенді процесстер қалпына келеді.
Аграхан рифтогенді жүйесі Каспий түзілімдеріндегі ең аз зерттелгеніне жатады. Ол Орталық - Маңғышлак жүйесін аяқтап, Аграхан – Атырау тектоникалық тігісі бойымен орналасқан. Түзілім құрамы Орталық – Маңғышлак жүйесінікіне сәйкес келеді деп жорамалданған.
Орталық – Үстірт рифтогенді жүйесі 2 кеңею фазасы кезінде қалыптасқан. Бірінші фазаға силур жасты қатты дислоцирленген ірі кесекті гравелиттер мен кварц – сидериттердің кезектесуі жатады. Екіншісіне, жоғарғы девон – карбон жасты карбонатты қабатша сәйкес келеді. Кеңею сатысы төменгі рифт қабатының белсенді қатпарлығы байланысты қысқа уақытты қысылу фазасымен бөлінген.
Қарааудан - Туарқыр біріктірілген рифтогенді жүйесі. Орталық – Үстірт сияқты ерте палеозойда, континентальді қыртыста пайда болған. девон – ерте таскөмір түзілімдері белсенді дислоцирленген амфиболиттермен , габброид интрузиясымен бөлінген кремнийлі тақтатастармен берілген.
Оңтүстік – Каспий рифтогенді жүйесі қазіргі геодинамика көзқарасы бойынша Батыс - Каспий жүйесімен байланысты. Бірігіп олар кеш кайнозойда орын алатын көрінбейтін рифтогенез, екінші құрылымды «көпсәулелі» кешенді құрайды. Оңтүстік – Каспий жүйесі ежелгі мезозой – эоцен субендікті континентаралық рифтогенді белдемінің бі сегменті болып табылады.
259- сурет. Каспий аймағының рифтотекті жүйесінің сұлбасы.
1 – рифтогенді жүйелер (Д. М. Мурзагалиев бойынша); 2 – көрінбейтін кайнозой рифтогенезінің гипотетикалық аймағы; басқа да тектоникалық жүйелер: 3 - Шығыс – Европа платформасы; 4 - Скиф – Тұран платформасы; 5 – Альпі ороген - қатпарлы белдемі; 6 – тереңдік тігіс аймағы және олардың индекстері (А - Солтүстік - Кавказ; Б - Түркмен; В – Үлкен Кавказ/Орталық; Г - Батыс Каспий; Д - Курин; Е - Кавказ алды - Иран); 7 – тектоникалық линаменттер; 8 – ыстық нүктелер (геотермикалық мәліметтер бойынша); 9 – рифтогенді жүйелер индекстері (Д. М. Мурзагалиев бойынша); Рифтогенді жүйелер (дөңгелектегі сандар): 1 – Аралсор; 2 – Карпинск кряжы; 3 - Оңтүстік - Ембі; 4 – Шығыс – Манычск; 5 – Орталық - Маңғышлак; 6 – Аграхан; 7 – Орталық - Маңғышлак; 8 – Қарааудан; 9 – Туарқыр; 10 – Оңтүстік - Каспий; 11 - Батыс – Каспий.
А)
260 а - сурет.
Каспий теңізінің стратиграфиясының сұлбасы(а).
Б)
260 б- сурет. Каспий теңізінің мұнайгаздылығы.