
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары
- •2.1 Батыс Сібір мұнай-газды провинциясы
- •2.1.1 Батыс Еуропалық эпипалеозойлық тақта
- •2.1.2 Болгар тақтасы
- •2.1.3 Аквитан провинциясы
- •2.1.4 Баск провинциясы
- •2.2 Солтүстік Кавказ мұнай-газ провинциясы
- •2.2.1 Аймақтық мұнай-газдылы кешендер
- •2.2.2 Негізгі мұнайгазды облыстардың қысқаша сипаттамасы
- •2.2.3 Мұнай және газ жинақтарының орналасуының геологиялық ерекшеліктері
- •2.3 Орта Азия
- •2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы
- •2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары
- •2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
- •2.3.4 Ірі жарылымдар жүйесі
- •2.3.5 Рифтогенді жүйелер
- •2.3.6 Бозащы мұнай-газды провинциясы
- •2.3.7 Заволжско- Орал алды облысының кенорындары
- •2.3.8 Солтүстік-Үстірт мұнайгазды обылысының мұнай және газды кенорындары
- •2.3.9 Сурхан-Вахш мұнай-газды облысының мұнай және газ кенорындары
- •2.3.10 Оңтүстік Маңғышлақ провинциясы
- •Тектоникасы мен газдылығы
- •2.3.12 Зайсан болашақты-мұнайгаздылы облысы
- •2.3.13 Амудария газдылы мұнай провинциясы
- •2.3.14 Орталық Қарақұм мұнай – газ аймағы
- •2.3.15 Тәжік мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •Тәжік мұнайгазды облысының мұнайгаздылығы
- •2.3.16 Ферғана мұнайгазды облысының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері
- •2.4 Арабия тақтасы
- •2.4.1 Сирия
- •2.4.2 Түркия
- •2.4.3 Сауд Арабиясы
- •2.4.5 Катар
- •2.5 Оңтүстік Америка
- •2.5.1 Анд қозғалмалы белінің мезо – кайнозойлы қатпарлы құрылыстары.
- •2.5.2 Колумбия
- •2.5.3 Эквадор
- •2.5.4 Перу
- •2..5.5 Боливия – Аргентина провинция
- •2.5.6 Нигерия мұнайгаздылы алабы
- •2.5.7 Атлант мұхит маңы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •2 Жас платформалардың мұнайгазды провинциялары.................................3
2.3.3 Орталық Каспийлік мұнай газды алабы
Алаптың қайнар құрылымы ретінде Хвалынск, Орталық және Ялама – Самур көтерілімдері анықталған.Біріншісі өзінің зерттелген бөлігінде кесе көлденең бұзылыстармен бұзылған дуал тәріздес иілімдер көрінеді, соңғы екеуі Орта Каспийлік микроконтиненттердің гетерогенді іргетас дөңесінің үстінде пайда деп есептеледі.
243- сурет. Сегенды иінді ойысының тума құрылымдары. Юра жабынының беткейі бойынша хвалин көтерілімі
Хвалынское көтерілімі ( ОАО НК «Лукойл» жұмыстарымен ашылған кен орын, ОАО НК «Лукойл» лицензиалық аймағы ) Сегенды иінді ойысының шегінде, Беке-Башқұдық дуалының нақты жалғасында орналасқан (232- сурет). Ол юра, бор, мүмкін триас-пермь түзілімдерінде ерекшеленген. 2950 м жабық изогипстер бойынша көтерілім ауданы 173 шаршы шақырым құрайды. Өнімді болып юра, төменгі бор, мүмкін бор-полеогенді беткейлері анықталды. Кен орындар үшін, алынған мәліметтер бойынша 5-10 көп емес өнімді тақтатастар тиісті. Кен орынның жиынтықты қоры қазіргі бағалауы бойынша 340 млн.т ШО-дан жоғары болуы мүмкін.
Орталық көтерілім бірнеше биіктіктерден тұратын жүйені құрайды. Соның ішінде негізгі орынды өзіндік Орталық дөңбек күмбез алады (233 сурет). Көтерілім мезозой жасты Дагестан-Қазақ белдеміне кіреді. Ол Орта Каспий оңтүстік бөлігін Шығыс Дагестан жағалауынан Қазақ жағалауының Песчаный мүйісіне дейін қиып өтеді. Триас түзілімдерінде көтерілім 4000 м изогипстерімен сипатталады. 2357 км изогипс бойынша юра-бор түзілімдерінде неғұрлым көтеріңкі дөңбек күмбездің жинақталған ауданы 2357 шаршы шақырым, ОАО НК «Лукойл» эксперттер бағалауы бойынша болжамды ресурстар юра және бор түзілімдері бойынша 599 млн.т ШО-дан көтеріңкі болады
244-сурет. Самур- Песчаномыс белдемінің көмпимелерінің тума құрылымдары: а- Орталық көтерілім, б- Ялама- Самур көтерілімі: 1- изогипсілер, 2- жарылым бұзылыстары.
Ялама-Самур көтерілімі сонымен қатар күрделі көпкүмбезді жиналымдарды айқындайды. Олар юра және бор түзілімдерінде және аз мөлшерде триас-пермь кешенінде кездеседі (245- сурет). Ол азербайжан-дагестан жағалауына жақын құмтасты самур белдемдерінің, оңтүстік шығыс құлдилауында орналасқан. Оның солтүстік үстіңгі бөлігі алаптың ресей секторына тиесілі.
245-сурет. Ялама- Самур көтерілімі.
Бұл жерде өнімді юра, бор болып табылады. Аталған үміттер пермь-триас түзілімдерімен байланысты.
Бұрғыланған терең ұңғымада Орталық Каспийдің орта бөлігінде бір науа қимада орта миоцен мен ерте плиоцен түзілімдерінің жоқ екенін көрсетті. Ірі түйірлі орта плиоценді түзілімдер қалыңдығы 130 м –де сазды майкоптық қалыңдықта көлбеу жатады. Бұл алаптардың дамуында регрессивті фазалардың миоценде, ерте плиоценде және Майкоптың үстіңгі айтарлықтай бөлігінде эрозиялық көрсеткішті көрсетеді. Жоғарғы плиоцен және төрттік түзілімдердің жинақталған қалыңдығы науа шектерінде 1160 м көтеріледі. Сонымен қатар теңіз текті әлсіз карбонатты сазды төрттік түзілімдердің көп бөлігі 760 м кездеседі. Сондықтан функционалды қима уақыты және тасымал арнасы және қалдық аккумуляциясы бойымен, алдымен соңғы плиоценмен (ақчағыл) шектеседі. Шығыс Дагестан одағының морфологиялық ерекшеліктері және жарылымды құрылымдар, доға сияқты аймақтардың бұзылыстары, арнайы ірі көтерілімдермен оны шектеп, Дагестанның теңіз жағалаулық, қыртысты жарылымды белдемдерімен жегіледі. Оргоногенді қозғалыстардың ықпалынан осы бөлік Туран тақтасына кіретінін көрсетеді.
246- сурет. Композиттік сейсмика пішінінің сызығы бойынша Самурск- Песчономыс белдемінің көмпимелерінің оңтүстік- батыс төмендеу қанаты үстінің сейсмикалық қимасы: 1- сейсмологиялық шекаралар; 2- геологиялық негізделмеген сейсмикалық беткейлер; 3- жарылымды бұзылыстар; 4- жылдамдық болжамды инверсияларының шеттік белдемдер; 5- биогермдер даму белдемдер; 6- жанартаутекті шөгінді кешендердің дамуы мүмкін белдемдер, 7- геохронологиялық индекстер; 8- аймақты сейсмикалық беткейлер индекстері.
Қазіргі уақытта Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде кең көлемде геолого-геофизикалық жұмыстар жүргізілген. Мұнда 120-дан астам болашағы бар құрылымдар айқындалған.
Қазақстан бөлігіндегі барлық көмірсутектің геологиялық қоры 12-17 млрд. тоннаға бағаланған, соның ішінде Каспий маңы ойпатының тұзүсті шөгінділері 7-10 млрд. тонна, тұзасты 1млрд. тонна, теңіз бөлігіндегі мезозой кешенінің Бозащы аймағы 3-5млрд. тонна, Маңғыстау аймағы 1-2 млрд тонна. Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде мұнай және газ қоры 8 млрд тонна шамасында.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы 2003 жылы Каспий және Арал теңіздері жағалауындағы мұнайгаз жобасын жүргізу тиімділігін арттыру үшін кәсіпорын «ҚазМұнайТеңіз» теңіздік мұнай компаниясын құрды. Теңіздік мұнай компаниясына іздеу-барлау жұмыстары және жаңа кенорындарын меңгеру міндеттелінген. Қазіргі уақытта теңіздік мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» Қашаған және Құрманғазы компанияларының өнімдерін бөлісу келісіміне, Жемчужин, Арал, Түп -Қараған және Аташ көтермелі жүзбелі бұрғы қондырғыларының құрылысы жобасына атсалысуда. Соның ішінде болашағы бар Дархан, Абай, Исатай, Жамбыл, «Н» бөлім жобалары қарастырылуда. Түп -Қараған және Аташ бөлімдерін игеруді «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы ресейлік ЛУКОЙЛ кәсіпорынымен бірігіп жүргізуде.
Түп - Қараған және Аташ бөлімдері Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің орталығында орналасқан. Түп - Қараған бөлімі 1168 шаршы км ауданды, ал Аташ бөлімі 8400 шаршы км жуық ауданды алып жатыр. 2005 жылы Түп -Қараған бөлімінде жобаланған 2500 метр тереңдікке дейін бірінші рет барлау ұңғымасы бұрғыланды. Мұнайгаздылы беткейлері табылмады. Екінші рет барлау құрылысы 2007 - 2010 жылдарға жоспарланған.
Аташ бөлімінде ұңғыманы бірінші рет барлау құрылысы 2007 жылға жоспарланған.
2005 жылдың желтоқсан айында Жемчужин бөлімінде өнімдерін бөлісу келісміне «ҚазМүнайГаз» (25%), Oman Pearls Company (20 %) және Shell (55%) компаниялары қатысты.
«Н» бөлімі Каспийдің Қазақстандық бөлігінен Ақтау теңіз портынан оңтүстікке қарай 80 км- де орналасқан және он болашагы бар құрылым белгіленген: Нұрсүлтан, Ракушечное теңізі, Кетік, Аль - Фараби, Ақбота, Ақбота - 2, ¥лытау, Сарыарқа, Самал, Ақмола. Бөлім 7625 км ауданды алып жатыр.
247 -сурет. Каспий теңізінің Қазақстан секторы.
Морфологиясы және іргетастың ішкі құрылымы
Аймақ бойынша өткен (1972 – 1992 жж.) және қазіргі (2001 ж. дейінгі) сейсмикалық және басқа геологиялық – геофизикалық мәліметтерінің біріктірілген талдауы, біріншіден – Каспий акваторийі бойынша, іргетастың әр жасты жоғарғы және төменгі ярустарының беттік құрылымдық сұлбаларын қарастыруға мүмкіндік берілді. Бұның негізінде континентальді және теңіздік элемент құрылымдарының қатынасын нақтылай аламыз. Оның морфологиясының ерекшелігі арқылы құрлықта белгіленген көптеген элементтердің теңіздік жалғасын зерттеуге болады. Сонымен қатар кейбір осы су айдындағы элементтер өздерінің сипатын өзгертеді. Олармен бірге құрлықта теңдесі жоқ құрылымдық пішіндер анықталады. Аймақтың тегіс жерлерінде іргетас бетінің абсолютті амплитуда өзгерісі шамамен – 25 шақырым. Іргетастың төменгі тереңдігі Солтүстік (16 шақырымға дейін) және Оңтүстік (20 – 24 шақырымға дейін) Каспийде болып табылады. Оңтүстік – Каспий төмендеу облысы іргетас бетінің жоғарғы градиентті аймақтарымен шектелген. Олар жиынтық амплитудасы бірнеше шақырымға жететін (2 – 4 – тен 8 – 12 шақырым дейін) лысыма немесе ығыспа – шапшыма сәйкес келеді. Іргетастың жоғарғы градиентті аймағы Солтүстік - Каспий төмендеу облысына да қатысты, бірақ мұнда Шығыс Европа платформасының оңтүстік шеткі жүйесінің ығыспа - шапшыма тігіс орнын көрсететін оңтүстік шегарасы бойымен ерекшеленеді. Карпинск кряжының теңіздік жалғасын зерттей келе, оның жағалық сызықтан кейін тез терең түсуін байқаймыз және ол бір – бірінің арасында іргетасы 9 шақырым тереңдікке төмен түскен ойпаң орналасқан солтүстік және оңтүстік 2 тармаққа бөлінеді. Бірінші тармақ кряжды Бозащы дөңбек күмбезімен қосады, ал екіншісі көптеген бұзылыстардан оның оңтүстігін Камышан – Каспий сатысын Таулы Маңғышлак аймақты құрылымдарымен біріктіреді. Сонымен қатар, жоғарғы палеозой триас түзілімдерімен күрделіленген, іргетастың жоғарғы ярусында сипатталатын Орталық Маңғышлақ қатпарлы аймағының Қазақ жағалауына шыққанда, олардың оңтүстікке қарай Тер - Каспий иілімі бағытында өз осімен бұзылуы байқалады. Мұндай түзілімдер тек Каспийдің оңтүстік бөлігінде, Оңтүстік – Каспий ойпаңының (Бакин архипелагы және Гонграньдаг – Окарем) батыс және шығыс шеттері бойымен кайнозой түзілімдерінде байқалады. Орталық Каспийде бұл құрылымдық кешенге іргетастың төменгі ярус бойымен Оңтүстік Маңғышлақ және Шығыс Кавказалды иілімдерін біріктіретін арнаға сәйкес келеді. Орталық Капийдің іргетас бетінің морфологиялық ерекшеліктері геофизикалық өріс талдаулар негізінде 60 – жылдары Я. П. Молвицкий және т.б. зерттеушілермен айтылған Тұран және Скиф тақталарын бөлетін Астрахан - Гурьев (Атырау) туралы ойларын дәлелдейді. Жаңа сұлбаларда бұл аймаққа Каспийдің Солтүстік - Шығыс жағалауындағы Астрахан түбегі бағытындағы Өлі Қолтық бағытында созылып жатқан солтүстік - шығыс бағыттағы жарлар және арналардың дамуы сәйкес келеді.
248- сурет. Әржасты іргетас бетінің картасы (тереңдік, м.)
249- cурет. Түзілген қыртыс бетінің күмбезді құрылымдық сұлбасы (төменгі ярус іргетасының жабыны):Д. В. Шлезингер, 1965; В. Н. Шолпо, 1978; И. А. Резанов, 1980; Г. В. Краснопевцева, 1984; В. Ю. Керимов және т.б., 1990. М. С. Арабаджи және т.б., 1996; А. Н. Якобсон, 1996 ; Ю. А. Волож және т.б., 1999 (1, 2); С. Л. Костюченко және т.б.,2001;(өзгертулер ментолықтырулармен). Изосызықтар тереңдігі, шақырым.
Мұнда оған Прорва ойпаңының іргетас тереңдігі 16 шақырымға дейінгі ості сызық сай келсе, ал геологиялық картада Каспий маңы ойпаңындағы тұз күмбездерінің құрылымдарындағы даму облысының оңтүстік шекарасындағы эоцен және олигоцен – неоген түзілімдері арасындағы шекара болып келеді. Бұл сызықпен Сарықамыс ауылынан солтүстікте, оңтүстікте Биікжал күмбезін (9 – 11 шақырым тереңдік) шектейтін жар бойымен өтетін және геологиялық тұрғыдан бор түзілімдерінің оңтүстік шекарасына сәйкес келеді. Астрахан - Атырау жарылымынан батысқа қарай ірге тас ярусының жоғарғы беті субендік сызықтық және изометриялық пішінді Шығыс - Мамычск иілімі мен Карпин кряжының әрекеттесуінен түзілген. Бұл аймақтан шығысқа қарай, негізінен, солтүстік - шығыс бағытта ұзыннан осьпен созылып жатқан Орталық Маңғышлақ жүйесі мен Орталық Каспий массивінің солтүстік - батыс шетіне қатысты изометриялық пішінділер кең дамыған. Орталық Каспийдің батыс және оңтүстік – батыс бөліктеріне Тер – Каспий иілімінің теңіздік жалғасы кіреді. Оның платформа жағынан тектоникалық шектелуі, көбінесе, шайылған және субендік пен субмеридианды флексуралы – лықсымалы аймақпен берілгендігінен. Кавказ орогені жағынан шектеулі іргетас рельеф аймағының жоғарғы градиентті сұлбаларында көрсетілен ороген астына құлайтын ығыспа, ығыспа шапшыма, шапшыма айқын берілген. Каспий жағалауының батысында, Дербент қаласының маңында іргетас бетінде 7 – 8 шақырым тереңдікте Тер – Каспий және Оңтүстік - Каспий ойпаңының жүйесіне қатысты Солтүстік – Апшерон иілімін (11 – 13 шақырым.) бөлетін қосылу жері байқалады. Геологиялық карта бойынша, қосылу жері аймағында Тер – Каспий иілімінің орогенді - қатпарлы бортына(форланд) сәйкес кайнозой түзілімдерінің дислокация аймағының солтүстіктен таралуы аяқталады. Оңтүстікке таман орналасқан Кугар – Дивичинск иілімінде (іргетас тереңдігі 8 – 9 шақырым.) бұл дислокациялар жоқ немесе Басты Үлкен Кавказ Жотасының Тифан антиклинорийіне параллель субендікте таралады. Көптеген басылым мәліметтері, геологиялық және сейсмикалық түсірулер нәтижелері және геофизикалық өріс талдаулары, осы негіздерге тұрғызылған аймақтық геологиялық қималар, іргетастың жоғарғы және төменгі ярустарының морфологиялық ерекшеліктері оның ішкі тектоникасының сұлбасын құрастыруға мүмкіндік береді ( 230-238 суреттер).
250- сурет. Каспий теңізі және жақын орналасқан аймақтардың іргетасының сұлбасы. Іргетастың қатпарлы – метаморфтық кешенінің жасы: 1 – рифейге дейін; а - кері тұрақтылық аймағында; б – екінші коллозиялық қатпарлық аймағында жасарғандары; 2 – орта палеозойға дейінгі; а – кері тұрақтылық аймағында; б – екінші коллозиялық қатпарлық аймағында жасарғандары; 3 - рифей – палеозой (ортаңғы девонға дейінгі); а - кері тұрақтылық аймағына; б – екінші коллозиялық қатпарлық аймағында жасарғандары; 4 – рифей - палеозой, юра(?) уақытында рифтогенді өңделу нәтижесінде жаңарған; а – кері тұрақтылық аймағында; б – екінші коллозиялық қатпарлық аймағында жасарғандары; 5 – жоғарғы пермьге дейінгі; а – кері тұрақтылық аймағында; б – екінші коллозиялық қатпарлық аймағында жасарғандары; 6 – жоғарғы пермьге дейінгі, пермь – триас рифтогенді процестерінен жаңарған; 7 – ортаңғы триасқа дейінгі, рифтогенді; а – кері тұрақтылық аймағында; б – инверсиялық қатпарлық аймағында; 8 – ортаңғы юраға дейінгі; а – кері тұрақтылық аймағында; б – екінші коллозиялық қатпарлық аймағында жасарған; 9 – ортаңғы юраға дейінгі, юра – бор (а) және кайнозой (б) рифтогенді өңделу аймағында жаңарған; 10 – жоғарғы борға дейінгі (эоценге дейінгі ?); 11 – плиоценге дейінгі, рифтогенді; а – кері тұрақтылық аймағында; б – инверсиялқ қатпарлық аймағында; 12 – плиоцен - төрттік жылжымалы түзілімді аймағы (гранитсіз облыс); Тектоникалық шекара және жарылымды бұзылыстар: 13 – басты тігіс жүйесі; 14 – плиоцен - төрттік жылжыма түзілімді аймақ шекарасы; 15 – аймақтық тектоникалық элементтер шекарасы: жылжыма, шапшыма және ығыспа, рифті трогтар және ығыспалар; 16 – басқа бұзылыстар: лықсыма, ығыспа, шапшыма және жылжыма; 17 – ежелгі массив шекаралары; Басқа белгілер; 18 – рифейге дейінгі және палеозойға дейінгі массивтер; а – кері тұрақты; б – жай әрекеттердің өңделуі; 19 – жарылымды бұзылыстар индекстері; 20 – құрылымдық элементтер индекстері; Іргетас құрылымының элементтер тізімі: Басты тігіс жүйесі: А – Палеотетис (аймақтар: А1 – Донецк - Астрахань, А2 – Оңтүстік Ембі), Б – Мезотетис (аймақтар: Б1 - Солтүстік - Манычск, Б – Солтүстік - Маңғыстау), В – Неотетис (аймақтар: В1 – Солтүстік Кавказ, В – Батыс - Каспий, В – Түркмен); Жарылымдардың кейбір аймақтары: 1 – Жағалық, 2 – Аграхан – Атырау, 3 – Оңтүстік – Сегендік, 4 – Орталық - Каспий, 5 – Солтүстік Қарабоғаз немесе Кендірлік; Ежелгі (байкалға дейінгі және плеозойға дейінгі) массивтер: 1 – Бозғын (Батыс Калмыцк, Заветнин), 2 – Астрахань, 3 – Ақкөл, 4 – Оңтүстік - Жамбай (Солтүстік – Каспий), 5 – Новобосатинск, 6 – Биікжал, 7 – Шұқат, 8 – Өтебай, 9 – Мыңсуалмас, 10 – Орталық Каспий, 11 – Қарабоғаз, 12 – Оңтүстік Каспий, 13 – Сафедруд, 14 – Мзандаран; Рифтогенез аймағы және сонымен бірге тартылған іргетастың рифтогенді өңделу аймағы: 15 – Манычск, 16 – Ноғай, 17 – Кавказалды - Маңғышлак, 18 - Оңтүстік – Маңғышлак, 19 - Ақсу – Кендірлік (Қазақ шығанағы), 20 – Огурчинск, 21 - Севан – Акерин, 22 – Оңтүстік - Каспий; Қатпарлы белдеулер мен аймақтар: а - Қаракөл - Смушков, б – Оңтүстік - Ембі, в – Карпинск – Бозащы, г – Орталық - Үстірт, д – Құм маңы - Тюленев, е - Слтүстік – Кавказ форланды, ж – Солтүстік Кавказ, з – Басты Жота, и - Курин, к – Кіші Кавказ - Эльбрус, л - Кубадаг – Үлкен Балхан, м – Копетдаг, н – Гекчедаг – Монжуклин.
251- cурет. Аймақтық құрылымдық – геологиялық талдауға қолданылатын сейсмикалық қималар сұлбасы. 1 – ГСЗ КМВП қималар сызығы, пикеттер, км., 2 – жер қыртысының дәлдік тереңдік зондылауы, 3 – МОГТ сейсмикалық және уақыт бойынша қималары және олардың номерлері, 4 - жер қыртысы және шөгінді тыстың геологиялық қималары.
252- сурет. В-В сызығы бойынша геологиялық қима:1- эвапориттер.
253- сурет. В– В сызығы бойынша геологиялық қима: 1 – іргетастың қатпарлы кешені; 2 – интрузия; 3 – кенорын ұңғымалары: а - мұнай, конденсат; б – газ, өнімді түзілімдер жасы; 4 - тіректі – параметрлі ұңғымалар.
254- сурет. С - С сызығы бойынша геологиялық қима: 1 – ультрабазиттер, 2 – эвапориттер; 3 – органогенді түзілімдер; 4 – кенорнындағы ұңғымалар: а - мұнай, конденсат, өнімді түзілімдер жасы, б - газ; 5 - тіректі – параметірлі ұңғымалар.
255- сурет. D - D сызығы бойынша геологиялық қима: 1 – іргетастың қатпарлы кешені; 2 – интрузия; 3 - кенорын ұңғымалары: а - мұнай, конденсат; б – газ, өнімді түзілім жасы; 4 - тіректі - параметрлі
256-сурет. Е - Е сызығы бойынша геологиялық қима.
257- сурет. F - F сызығы бойынша геологиялық қима: 1 – стратиграфиялық шекаралар; 2 – сейсмикалық шағылу горизонты; 3 – субконтинентальді/субмұхитты қыртыс; 4 – Оңтүстік Каспийдің қызылтүсті өнімді сериясы.
258- сурет. Қарабұғаз массивінің қазіргі орналасуы (а) мен Азов – Каспий (б) аймағының мезозойға дейінгі ежелгі іргетасының жекесындары мен массивінің Солтүстік – Кавказ (Азов - Каспий) ассоцияциясының гипотетикалық сұлбасы: 1 – массивтер және олардың қазіргі координаттары, дөңгелектердегі әріптер - массив индекстері, а – Орталық Каспий, б – Қарабоғаз, в – Оңтүстк - Каспий, г – Сафедруд, 2 - а – тектоникалық пелеотігістер және олардың индекстері (А - Ақсу – Кендірлі; Б – Түркмен, В – Оңтүстік - Каспий), б – басқа жарылымдар, КМ – Каспий микроконтиненті, массивтер: д - Воронеж, е – Украин, блоктар: ж – Приазов, з – Ростов, и – Сасық, к – Ставрополь, л - Өзек – Суат, м – Оңтүстік - Ставрополь, н – Минераловодск, о – Орталық – Кавказ, блокаралық ойыстар: п – Шығыс - Ставрополь, р – Чернолес.
Сұлбаға сай (250-сурет) аймақтың солтүстік бөлігін, Палео - Тетис тігіс жүйесін Донецк - Астрахань - Оңтүстік - Ембі маңында жасарған, Каспий маңындағы Солтүстік Каспийді қосқанда, ендік бойынша 45˚ 30 ауданды рифейге дейінгі іргетасты алып жатыр. Солтүстік Үстірт жағынан бұл облысқа батысында ығыспа аймақпен шектелген және 6 – 8 шақырым тереңдікте Қарын – Тоқубай көтерілім аймағымен, ал оңтүстігінде іргетастың жоғарғы ярусы соңғы палеозой – триастың дислоцирленген шөгінді – жанартау текті қабатшасымен берілген. Солтүстік – Үстірттен батысқа және Солтүстік – Каспий облыстарынан оңтүстікке субендік бағытта созылған даму сызығы қатпарлы жоғарғы пермь іргетасына Карпинск - Бозащы кряжының көтерілім жүйесі сәйкес келеді. Карбон – пермь жасты іргетастың жоғарғы ярусты жыныстары көптеген іздеу – бұрғылау мәліметтерімен дәлелденген. Осындай жаспен Орталық - Каспий арқылы батыстан шығысқа созылған Тұран тақтасының Оңтүстік - Маңғышлак көтерілімі мен иіліміне дейінгі Скиф тақтасының оңтүстік сатысынан 3 – 7 шақырымы төмендеген сызыққа сәйкес келеді. Бірақ, бұл сызықта Орталық - Каспий аймағы және Қарабұғаз массивтерінің кері іргетасы жай рифтогенді, кей жерде ерте киммерий қатпарлы әрекеттерімен берілген. Бұл сызықтың солтүстік шекарасы ретінде жарылымдар болып табылады, олар солтүстікте кеңею облыстарын соңғы палеозой – ерте палеозой қысылу облысы мен қатпарлығын және оңтүстікте рифтогенезді бөлетін Мезо – Тетис жүйесін қарастырады. Палеорифт орнында қатпарлы аймақтың түзілуі бұл процесстің толық аяқталуы Орталық - Каспий - Қарабоғаз іргетас массив тобының солтүстік жылжымалы фронты бойымен Тұран тақтасы аймағындағы Орталық - Маңғышлақта орналасқан сегментке ғана тән. Сәйкесінше, бұл қатпарлықтың ерте киммерий жасы ерте альпілі («неотетисті») уақытымен сәйкес келеді: оның кеңею нәтижесінде солүстік - шығыс бөлігіндегі қатты массивтер осы массивтердің ығысу жолында орналасқан риф аймағын солтүстікке және солтүстік - шығысқа қарай «қысылған». Осы ығысудың әлсіз құрылымдық нәтижелері ретінде Бозащы ауданындағы Орталық - Маңғышлақ аймағынан солтүстікке қарай жерде жекежон және іргетастың мезозойға дейінгі дислокация күмбезі түрінде, ал қатпар емес түрінде Таулы Маңғышлақта ерекшеленеді. Өңделген мезозойға дейінгі іргетастың қарастырып отырған сызығының оңтүстік шекарасы ретінде Альпі белдеуінің құрылымының даму облысы солтүстіктен шектейтін Нео - Тетис тігіс жүйесін түзетін жарылымдар болады. Бастысы, геологиялық мәліметтер бойынша, Нео - Тетис облысында палеозойдан кейінгі (триас – юра және одан да жас) жыныстармен түзілген іргетас оның барлық аумағын алмайды. Ол тек Үлкен Кавказ сызығына, батысында Курлинск иілімінің солтүстік бөлігіне, шығысында Копетдаг облысына ғана сай келеді ( 256,257- сурет). Оңтүстік - Каспий ойысының іргетасы геофизикалық мәліметтерге қарамастан жер қыртысының терең зерттеуінен, құрылымда әр жерде жоғарғы «гранит - метоморфтық қабат» жоқ болып келеді. Морфологиялық жағынан жаңа сейсмикалық мәліметтерге қарағанда, бұл аймақтың - қатпарлы үзілімдерге емес, керісінше массивті – блокты болып келеді. Бұл мұнда мезозойға дейінгі құрылымда ірі Оңтүстік - Каспий массивінің болу мүмкіндігін көздейді. Бұл жайлы А. Н. Шарданов жазған және бұл «Каспий микроконтинентінің» ежелгі массивінің ірі тобының құрамды бөлігіне кіруі мүмкін. Соңғысы, мезозой және ерте кайнозой түзілімдерінен құралған (258,а-сурет) қатпарлы аймақтың іргетас құрылымынан шығу жолымен құрастырылған. Әзірше, бұл «микроконтиненттің» палеокординатта орнын анықтау қиындау. Сондықтан, аймақтың мезозойға дейінгі және жоғарғы - палеозойға дейінгі құрылымындағы қай протоплатформа (протоконтинент) облысының бөлігі екенін айту қиын. Бірақ, басқа морфологиялық белгілерінен оның Скиф тақтасы (Ставрополь және Ростов) (258, б- сурет) және Орталық Кавказ жеке жонының батыс бөлігін қосқан Европа палеоконтинентінің оңтүстік шетінде қалыптасқан, ежелгі іргетастың жеке жондары мен масивтерінің Солтүстік- Кавказ ассоцияциясына жататынын болжаймыз. Бұл көтерілген жеке жондар жүйесі палеозой алабын солтүстікте - Днепр – Солтүстік - Каспий және оңтүстікте – Кавказалды деп екіге бөледі. Соңғысының шеткі аймағының іздері жанартаутекті, шөгінді – жанартаутекті және терригенді – карбонатты ортаңғы - жоғарғы палеозой қабатты болып келеді, бұлар көтерілімдер (антиклинорий) түзіп немесе Эльбрустағы орогенді аймақта және Кіші Кавказ аймағындағы Мисхано –Зангезурск және Шарур - Джульфинде, Үлкен Кавказдағы Орталық массивтің кембрийге дейінгі және кембрийге дейінгі - ерте палеозой іргетасының көтеріліміне қатысты.