Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.3.2 Каспий аймағының мұнай газды алаптары

Тұма құрылымдар санына олардың ортақ қорларына, яғни айтарлықтай көлемімен ерекшеленетін және қолданыстағы потенциалдың көмірсутектің жергілікті ресурстарын иеленеді, аудандарда су айдынының анықталған негізі ресурстық базалар жатады. Каспийдің әрбір субпровинцияларынан осындай құрылымдар айрықшаланып тұрады. Кейбір жағдайларда олар біртекті шектелген дөңбеккүмбезді, брахиантиклинальды немесе пішін сызығы күрделі, басқаларында – тығыз жақындасқан құрылымдық элементтер, дуал көрсеткіштері топтасқан немесе дөңбеккүмбезді көтерілімдерді өз ішінде көрсетеді. Төменде олардың қортынды мінездемесі көрсетілген (239- сурет).

239- сурет. Солтүстік және Орталық Каспийдің тума құрылымдарының және кен орындарының орналасу сұлбасы:

1-мезозой түзілімдерінің құрылымдары: а –көмпимелермен мен дөңбек күмбезбер белдемдері; б-жергілікті күмбездер; 2-палеозой түзілімдерінің құрылымдары: а-көмпимелер мен дөңбек күмбездер белдемдері: б-жергілікті күмбездер; 3-құрлықтағы палеозой түзілімдерінің кедертастары; 4-кенорындары: а-мұнайлы; б-газдылы; в-конденсаты.

Орталық Каспий - оңтүстікте Красноводск - Апшерон түбектерінен, солтүстікте Түп - Қараған (Маңғыстау) түбегіне дейінгі орталықта орналасқан. Орталық Каспий шығыста Ұлы Балқан, Қаратау - Маңғыстау тауларымен, батыста Кавказ тауларының аралығында орналасқан ірі теңіз ойпаты. Геологиялық жасы теңіз түбі қабаттарының жасы мезозой эрасында пайда болған таужыныстарынан құралған. Ол Кавказ - Маңғыстау тау жүйелерінің қабаттарымен сәйкес болады. Орталық Каспий теңізінің тереңдігі - 980м (236 -сурет).

Қазіргі Каспий теңізі үлкен үш геоморфологиялық элементке бөлінеді: Солтүстік Каспий, Орталық Каспий, Оңтүстік Каспий ойпаттары. Орталық Каспий шегі үш үлкен бедер элементтеріне бөлінеді: шельфтік белдем, терең ойпат, ойпат беткейі. (237 -сурет)

Орталық Каспийдің морфологиялық сипаттамасы бойынша ең терең аймақтың максимальді тереңдігі 788метр.

Каспий теңізі аумағында мұнайгазды және болашағы бар мұнайгаздылы аймақтар қатары белгіленген. Каспийдің эпигерциндік платформалар шегінде Кавказалды және Маңғышлақ құрылымдық ауданы жоғары болашағы бар аймақ қатарына жатады. Орталық Каспийдің шығыс бөлігіндегі Қарабұғазалды белдемінің теңіз жағында болашағы зор бор түзілімдері қалыптасқан (238 -сурет).

240- сурет. Каспий теңізінің геологиялық сұлбасы

1- казіргі теңіздік шөгінділер, 2- төрттік шөгінділер. 3- неоген, 4- палеоген, 5- бор, 6- юра, 7-триас, 8- пермь, 9- жоғарғы пермь және төменгі триас. 10- қышқыл интрузиялар, 11- орта жэне негізгі интрузиялар, 12- тектоникалық жарылым, 13- андезиттер, трахит, базальт және т.б.

Орталық Каспийдің литолого-стратиграфиялық сипаттамасы. Эпигерциндік Скиф-Тұран платформасында терең бұрғылаумен зерттеу кезінде палеозой шөгінді жыныстары анықталған. Ордовиктен девонға дейінгі аралықта граниттер, гранодиориттер және басқа да интрузивтік, эффузивтік жыныстар қалыптасқан.

241-сурет. Каспий теңізінің тектоникалық аудандастыру сұлбасы.(Л.И.Лебедев,1987ж)

1-Докембрий платформасы; 2-Докембрий және эпигерциндік платформалар аралығындағы өтпелі белдем ; 3-платформаның тұзды күмбездерінің таралуынан оңтүстік шекарасы; 4-эпигерциндік платформаның дөңестер контурлары; 5-көтерілімдер мен ойыстардың контурлары; 6-Терск-Каспий ойпаңының контуры; 7-Эльбрус мегантиклинория шекарасы; 8-Орталық Каспий моноклиналы; 9-Шығыс Каспий флексурасы; 10-Апшерон-Балкан маңы көтерілім белдемі; 11-Үлкен Кавказ мегантиклинориясы; 12-Терск-Каспий ойысы; 13-Оңтүстік Каспий ойпаты; 14-негізгі разломдар; 15-Оңтүстік Каспий белдемдері; 16-изобаттар. Картадағы сандар: I-кәсіптік Бозащы көтерілімі белдемі; II-Бозащы дөңесі; III-Оңтүстік Ембі көтерілімі; IV-Оңтүстік Бозащы ойысы; V-Түпқараған белі; VI- Беке Басқұдық белі; VII- Сығынды депрессиясы; VIII-Песчаномыс белдемі; IX-Қазақ шығанағының ойысы; X-Қара-Бұғаз дөңесі; XI-Кубадаг –Үлкенбалкан мегантклиналы; XII-Солтүстік Апшерон ойпаңы; XIII-Самур көтерілімі; XIV-Төменгі Кура депрессиясы; XVII -Орталық Оңтүстік-Каспий қатпарлық белдемі; XVIII-Түркмендік құрылым террасасы; XIX-Эльбрус алды ойыс.

242- сурет. Каспий теңізі түбінің мұнайгазды болашағының сұлбасы.

1-мұнайгаздылы аудандар; 2- тоғыры дәрежелі болашағы бар аудандар; 3-болашағы бар аудандар; 4-зерттеуге қажет аудандар; 5-болашағы нашар аудандар; 6-Шығыс Еуропа тақтасының шекаралық белдемі; 7-эпигерцинді тақтаның шекарасы; 8-кұрылымдык бөлімдер нұсқасы; 9-тереңдік жарылымдар; 10-Каспий флексурасы; 11-альптік қатпарлы облысының антиклинальды иілімдері.

Мұнайгаздылықты белдемдер: І-Солтүстік; П-Батыс Бозалы; III- Маңғышлақ маңы; ІУ-Терс-Промысл; У-Қарбүғаз маңы; УІ-Кубань маңы; УП-Дагестандық; УШ-Каспий-Кубань маңы; ІХ-Апшерон табалдырығы; Х-Бакин архипелағы; XI- Орталық Оңтүстік Каспий; XII-Батыс Түркмендік; ХШ-Оңтүстік.