Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.3.1 Арал - Каспий аумағының кеңістік геодинамикасы

Каледон қатпарлығы аяқталуы мен герцин катпарлығы басталған дәуірде Тұран тақтасы Каспий маңы ойпатындай көтерілінкі болды.

Осы екі тақталардың бір-біріне жақындау жағдайлары мен Қазақстанның барлық көлеміндегі ұсақ тақталардың және жеке жөндеуін орнын ығысу мен бұрылуы герциндік қатпарлығы жоғарылау белдемімен байланысты деп айтуға болады.

Туарқыр қатпарлығы мен Қаратау тау құрылыстары, Сырдария өзенінің орта саласында ежелгі тақталы болған жерде пайда болған. Келесі төменгі және орта карбон дәуірлерінде осы аймақ толық су астында қалған.

Каспий теңізінің ортасындағы өрбу (төмен иілген) алап деп қарастыруға болады. Оның субмередианальдық бағыттамасында төмен иілу барысында әр түрлі антиклинальды және синклинальды құрылымдар тәуелді. Мысалы: венд пен кембрий дәуірінің басында Апшерон табалдырығы атты антиклиналь белдеуі мен Қарабұғаз домбек күмбезінің басты бөлігі, силурда және астыңғы девонда орталық Каспий дөмбек күмбезі, девон мен алғашқы карбонда Каспий маңы синеклизасының оңтүстік бөлігі әсерленген.

Силур мен алғашқы девон дәуірінде каледондық тектоген негізді аяқталу мезгілінде Арал теңізі мен Каспий теңізінің су айдынының орталық бөлімі континтальды рифтпен және Гвиней шығанағында ортакратондардың жағдайына ұшырады. Осы жер каледондық циклдың аяқталуымен және герциндік қатпарлықтары басталуы мен тангенцианальды күштер арқылы рифтердің кеміуімен байланысты мұхиттағы кейбір аралдардың бұзылған шөгінді жыныстарымен және Қарабұғаз ұсақ континентті сияқты көршілес құрғақшылықтардан, мысалы Солтүстік Үстірт көмпимесінен өзен суларымен көшкен терригенді шөгінділермен толтырылған.

Пермь дәуірінде Тұран тақтасының аумағында Маңғышлақ, Үстіртік Ассаке аудандық және Туаркыр-Көпқырлық көтерілімде сақталып қалған.

Арал-Каспий аумағында оңды және сол бағыттамалы бұрылу ығыспалары кезектесіп Каспий теңізінің солтүстік жағалауында юра дәуірінде Оңтүстік Маңғышлақ ауданында борда күрделі геодинамикалық жекежон аралық қысым мен айырылу жағдайларын туғызған. Олардың нәтижесінен ежелгі жас тақталар шегермасында сүйкену, сырғыма және сырғымалы шапшыма түрлі жергілікті көмпимелермен иінді осьтардың созылмалы жүйелері құрылған.

Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде су айдынында бір біріне шапшымалы рифттектілі әр жасты құрылымдар құрылу барысында ұзақ геологиялық өрбуімен әсерленген. Жоғары палеозойлық қатпарлы белі бар.

Осы белдем терригенді, карбонатты құрылымды палеозойлық түзілмеулердің белсенді пликативті және жарықшақты бұзылысты және әр түрлі, әр текті жарылымдар кең өрбіген ерекшелігімен сипатталынады.

Сырғымалы сипаттамалы бұзылыстармен қатар, жарылымды жүйелер бойында және оларға тік бағытталған шапшыма және сырғымалармен әсіресе Карпен-Бозащы және Оңтүстік палеозойлық белдемдер анық күрделенген.

Бор дәуірінде юра мегзілімен салыстырғанда осы аумақты шығыс және батыс бөлімдерінің геодинамикалық жағдайына қарама-қарсы болған. Арал -Каспий аумағы секірмелі солтүстікке қарай орын ауыстыруымен осындай жағдайға әкеліп соқты. Оңтүстік Маңғышлақ субдукциялы және обдукциялы белдемінің үстіне көшіп келіп, тектоникалық әсерге ұшырады. Солтүстік Үстірт пен оған тектес Каспий теңізінің су айдын көлемі оның бағыттамалы ығысуына ұшырады. Осы аумақтың Карпин-Бозащы қатпарлы шапшымалы белдемінің батыс шекарасы ретінде Бозащы көмпимесі болып есептеледі.

Солтүстік Үстірт иінді ойыстары мен көмпилер жүйесінің тіректі беткейлері бойынша аймақты және жергілікті құрылымдарын қарастыру арқылы палеозойлық, мезозойлық саптарда құрылымдық беткейлерінде ірі өзгерістер болмаған. Бұл мезгілде Каспий маңы ойпатының көршілес Карпен-Бозащы, Орал-Тобал және Орталық Қаратау қатпарлы шапшыма белдеулері геодинамикалық қозғалыстармен әсерленген. Сондықтан Солтүстік Үстірттің иінді ойыстары мен көмпиме жүйелері өте анық және көпшілік жағдайда жарықшақты бұзылыстарға қалыптасқан. Оңтүстік Батыс, Солтүстік Батыс және мередианальды бағыттамалы жарылған бұзылыстар осы аумақтың үшбұрышты сына түрлі бейнелігімен сипатталынады.

Песчаномыско - Ракушечный көмпимесі мен Қарабұғаз дөңбек күмбездер алаңында бұрғыланған ұңғымаларда тас көмір, гранит және метаморфизді жіктастар анықталған. Іргетас беткейінің құрылымында глобальды субендік бұзылыстар жүйесімен бөлінген өте ірі геологиялық объектілер анықталған. Каспий теңізінде және құрғақшылықта жекежондардың күрделі жүйелерімен қалыптасқан, горизонтальды бұзылыстардың іргетас беткейінің құрылымдарының қалыптасуында мағыналары өте зор. Сонымен жекежонды құрылымдар іргетастың беткейінің өте маңызды геологиялық ерекшелігін сипаттайды және бор дәуіріндегі субдукция әсерімен пайда болған.

Іргетастың беткейімен құрылымдар өздеріне сай ерекшелігі ретінде Оңтүстік Бозащы иінді ойысымен Жаргүрлі мен Ассакен аудан ойыстарында ұзынша құрылымдық элементтері Песчаномыско – Ракушечный компимесінде және Қарабұғаз дөңбек күмбезінде изометриялық бейнелі болып ауысқан. Маңғышлақ түрлі ұзын бұзылыстар геофизикалық мәліметтер кешені бойынша анықталған Каспий су айдынындағы Аграхано -Жамбай жүйесімен қиылып жатыр. Осы қаралып отырған бұзылыстың екі жағындағы геофизикалық өрістерінің ұқсас еместігін көпшілік зерттеушілер іргетас құрылымдық беткейінде өте ірі ығыспалы барыстар болғандықтан деп дәлелдейді.

Жалпы ығыспалы иілімдер өте нақты анықталған үш белдем бар: Аграхано - Жамбай, Тонамен және Токубай.

Триас түзілімдерінің аймақтық құрылымдары көбінесе солтүстік, батыс бағыттамалы ұзынша тектоникалық элементтермен, жекежонды құрылымды және астыңғы кешендердің құрылымдарымен сәйкестігімен сипатталды.

Осының бәрі шапшыма ығыспа барыстарының тек қана аймақтық құрылымдар құрылуына емес және олардың жергілікті элементтерінің қалыптасуындағы рөлі зор.

Беке - Башқұдық мегаантикальдық және Жетібай-Өзен баспалдағының шығыс аудандарында ең ірі көмпимелі құрылымдар өрбуі юра кешенінің өзара ерекшелігі болып есептелінеді. Батысқа қарай құрылымдардың көлемдерімен олардың биіктері белгілі азая түседі. Бұндай жағдайда шапшыма ығыспа иілімдердің белдемдік және жергілікті деңгейлері бірден-бірге нашарланғаны көрсетіледі.

Бор, палеоген қабатының кұрылысы астыңғы юра жастау жыныстарының құрылымына сай.

Қаратау Беке - Башқұдық және Жетібай өзені Шығыс геодинамикасы осы жерде ең биік және ірі түбтік тексіз құрылымдар өрбуінің ең басымды факторы деп есептеуге болады. Ұзынша құрылымдардың элементтерінің әр түрлі беделді құрғақшылық ауданда және олардың Каспий теңізінің су айдын көлемінде шектілуін шапшыма ығыспа барыстарының анықтамалық үлесін дәлелдейтін мәліметтер бар.

Палеозой мен мезозой дәуірінде түзілімдерінің шөгіну бағытымен тәртібін нақты өзгерткен геодинамикалық барыстан болған деп О.С.Обрядчиков және Таскенбаев К.М. есептейді. Скиф - Тұран тақтасы бөліну нәтижесінен және оның Тұран бөлімі солға қарай Оңтүстік Шығыс бағытталмалы 200 км ығысу әсерімен және жас тау жыныстарымен толып континенальдық рифті алап пайда болған.

Триас шөгінділерінің Оңтүстік Жем жарылымынан оңтүстікке қарай және Шығыс -Маңғышылақ ойысында қалыңдығы мол болған.

Тұран тақтасының солға бұрылған әсерінен жаңа Каспий жекежоны пайда болған деп есептеуге болады. Бұл ығыспа Орал-Мұғалжар, Линамент -Мургаб жарылымының (БастыУрал трансформаторының бұзылысы) оңтүстік жалғасын жарып және шығысқа қарай ығыстырды. Осы дәуірде Мургаб жарылымы батыс Арал теңіз жағалауы бойымен Торғай ойпаты Батыс Сібірдегі Уренгой транформалық жарылысымен қосылып жатыр деп болжауға болады.

Солтүстік Каспий аумағы эпигерцин тақтасында, Оңтүстік Каспий алып аудандағы кратонынан тыс облыста орналасқан.

В.Е. Хайн және басқалар бойынша Каспий теңізінің тектоникалық маңызы келбеттігін қарастыра отырып келесі қорытынды шығаруға болады. Каспийлік мұнай газдың үш алаптар арасында ұқсастығы мен айырмашылығы мол. Ұқсастығы: барлық мұнай газдылы алаптарға сипаттамалығы қабаттың бұзылып өзгеруіне байланысты рифтітекті.

Сонымен қатар оларды біріктіретін жағдай - бәрі мұнай газдылы, бір глобалды Баренцово- Каспий белдеміне қатынастылығы, бірақта олардың бірігуі осы алаптың аяқталған мезгілде болғаны. Сондықтан Каспий және солтүстік Каспий алаптарының Картинск-Бозащы көмпимесі бөліп жатыр, ал Орталық Каспий мен Оңтүстік Каспий алаптарының Ашлерон -Балхан көмпимесі бар.

Осы көмпимелер көршілес алаптар арқылы көмірсутектермен қамқорланған, сондықтан олар ішінде Ашлерон табалдырығы көмірсутектеріне бай.

Алаптардың өзара шығармашылығы іргетасының жасы, шөгінген мезгілі, қабаттың өзгеру дәрежелілігі. Шөгінді жұмыстарының стратиграфиялық бөлімі қимасындағы мұнайгаздылық аралығы, мұнайгаз аналық қабаттардың жасы геофизикалық мөлшерлері қабат және литосфера және қалыңдықтары, ыстық ағынның мөлшері, сынамалық белсенділігі сияқты құрылымдардың ішкі ерекшеліктері. Соның ішінде континентальдық қабаттың бұзылу дәрежесі өте маңызды және оны анықтау қажет. Бұл мөлшерлер Орталық Каспий алабында өте төмен және Оңтүстік Каспийінде ең жоғарғы мағыналы. Олар шөгінді жыныстың қалыңдығы мен көмірсутек, шикізат көлемін нақты дәрежелігін дәлелдейді. Қабаттың бұзылу дәрежелігі алаптың алғашқы өрбу сатындағы тереңдік барыстардың белсенділігін, субдукциямен мантедифрамалық зерттелуі қажет.

Орталық Каспий шығысында Балқан, Қаратау -Маңғыстау тауларымен, батысында Кавказ тауларының, оңтүстік жағында Красноводск - Апшерон түбегінен, солтүстікте Түп - Қараған түбектерінің аралығында орналасқан. Геологиялық - геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Орталық Каспий су айдынында көптеген болашағы бар құрылымдар белгіленген. Соның ішінде ең ірілері Түп -Қараған, Аташ, Жемчужина сияқты құрылымдар. Түп -Қараған бөлімі Баутино теңіз портынан сотүстік-батысқа қарай 40км орналасқан. Аташ құрылымы оңтүстік-шығысқа қарай 80-88 км орналасқан. Аташ бөлімінде көмірсутектің қоры 248,8 млн. тонна, ал Түп -Қарағанда 324 млн. тоннаға бағаланған.

Бозащы провинциясы Маңғыстау облысындағы Түп-Қараған ауданы территориясында орналасқан. Солтүстік Бозащыда жоғарғы палеозой, триас, юра, бор, палеоген және неоген жастарындағы түзілімдер айқындалған.

Маңғышлақ провинциясы Маңғыстау облысында орналасқан. Бұл жерде геологиялық- геофизикалық және бұрғылау жұмыстары нәтижесінде мұнай-газ шоғырлары табылған. Стратиграфиясында төменгі триас, юра, бор, кайнозой жасты түзілімдер белгіленген.