Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.16 Mб
Скачать

2.3 Орта Азия

Альптік белдемінің кеңістік геодинамикасы ғарыштық түсірілімдердің С.С.Щульц жұмысынан алынған әр түрлі бағыттамалы тау жоталары және оларда бөліп жатқан жайылымды таулармен ойпаттары бар таулы аудандар. Мысалы, Иран, Алтай, Қазақстан, Жонғария және Монғолия бұралған құйын түрі қозғалыстармен әсерленгені ғарыштық түсірілімдерде көрнекті. Бұндай қозғалыстар тау жоталарымен қатпарлықтардың Кавказда болмасы Орал тауларындай алғашқы созылымды бағыттамасы бейнелерін күрделі өзгерткен болуы керек.

Басқа жағдайларда, мысалы Гималай, Қарақұм Тибет көлемінде, жоталардың созылымды бейнелері сақталған, бірақта кең кеңістікте континентальді қабат белсенді субдукциялық барыстар әсерінен қалыңдықтарын екі есе ұлғайтқан. Ғарыш түсірілімдерінде осы таулы елдердің Тибет астында қарай еніп жатқан Үнді литосфералық тақтасының жоғары орналасқан қабаттарға қысым әсері көлденең жарылым мен жарықтар түрінде анық байқалады (228-сурет).

Айырылу мен рифттектіліктің кезектілігі субдукциялық белдемдерде белгілі (Камчатканың орталық грабені, Поопо және Титикака көлдерін өтіп жатқан Андридттік жүйесі;Охот және Жапон теңіздерінің рифті жүйелері).

Аравий тақтасының солтүстік шектігіндегі бұзылыстарды ығысу және төмен ену жүиелерінің мысалы ретінде қарастыруға болады. Синай жарты аралының шығысында Өлі теңіз, Ливан, Сирия, Искендерон шығанағының шығысында Осман ауданы үстімен ығысу жүйесі Шығыс Армяндық таврада төменге ену белдеміне көшкен. Шығысында Ван көлінің оңтүстік батысында бұл белдем солтүстік –солтүстік бағыттамалы Орталық Курдистанның оң бағыты ығысу (бұрылу) жүйесімен түйіседі.Үнді тақтасы батыстан, солтүстіктен және солтүстік шығыстан шетте жатқан ығыспамен ену жүйелерінің құрылымы ұқсас. Сүлейменов таулары мен солтүстік – шығыс Авганистан солға бұрылған ығыспа жүйелері Солтүстік Памирдің Дарбаз – Қаракөл жүйесіне ауысады. Солтүстік Памир шығысында оңға бұрылған Солтүстік - батыс және солтүстік – солтүстік – батыс жайылымы Памир – Қаракөрім және Тянь-Шань – Кумьлунь ығыспасымен шектелген.

Тянь-Шань мен Памир аралық шекарасы Алтай және Сурхаб өзенінің саласымен өтеді. Оңтүстікке қарай Петр І мен Заалай атты биік жоталары орналасқан. Олардың жас мезозойлық шөгінділері Солтүстік Еуразия мен Үнді континентальді жеке орындары түйіскен әсерінен өте күрделі келген. Сондықтан Оңтүстік Тянь-Шань бір бөлігі астынан қысқан нәтижесіне оңтүстікке қарай секірмелі көшіп батысқа қарай ығысып Памир жоталарының жүйелерімен біріккен .Ежелгі палеозой лық тау жыныстарын мезозойлық және кайназойлық қабаттармен жабылған.

Ең ірі солтүстік-батыс жайылымды Памир-Қаракөрім және Тянь-Шань-Куньлунге (Таласо – Ферғана ығысымы олардың бір бөлігі)қатарлас ығыспалар оңға қарай бұрылған ығыспалар. Олардың ығысу қозғалыс өте белсенді және осы дәуірде жалғасып жатыр.

Айырылу белдемдерін жолақ бедерлігі тек қана белсенді жарықшақты жанартаулар атылған (Исландия,Афар,Африкандық рифте) жерлерде өрбімейді, олар жанартаулар болмаған жерлерде де жиірек кездеседі. Мысалы Байкалдық жолақ рифті жүйесінде көмпимелер мен ойыстар белдемелері бір-біріне қатарлас орташа аралықтары 30-35 мың м. жерде орналасқан.

Сондай ақ ығыспа құрылымдары бір бөлек қатпарлы құрылымдарда емес, ұзын созылмалы тау жоталар аумағында да кездеседі. Орал және Апалачи солға бұрылмалы ығыспалар түрі, Солтүстік – Америка континентінің батысындағы және Батыс – Канададағы жаға жоталары оңға бұрылмалы ығыспалар. Копендаг жотасында оңға бұрылған ығыспасы екені айқын.

Орталық Азияның біршама бөлігі, оның ішінде Түркменстан, Өзбекстан аумағы және жалпы ауданы 2 млн.шаршы шақырым үлкен Қазақстанның оңтүстік бөлігі, бұл Скиф тақтасының Каспий теңізінің солтүстік және орталық бөлігі арқылы бірігіп жатқан шығыс жалғасы болып табылады.

Тұран тақтасы оңтүстігінде – альпілік қатпарлы құрылыстары Копендаг және Копендагалды ілгері иінді ойысымен, шығысында – Орталық Азияның эпиплатформалық орогенді обылысының құрамына кіретін Тянь-Шань таулары құрылымдары жүйесімен айналдыра қоршалған.арал теңізінің солтүстікке қарай Торғай иінді ойысы арқылы Тұран тақтасы Батыс Сібір эпипалезойлық платформасына түйісіп жатыр. Солтүстік – батысында Орыс платформасының тереңдік жарылымдар жүйесімен шектеліп жатыр.

Платформаның қатпарлы іргетасының жасы әркелкі – каледоннан соңғы герциндікке дейін. Іргетастың ішкі құрылысы күрделі, мұнда Арал теңізінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатқан Орал қатпарлы жүйесінің тектоникалық аймақтары және сонымен қатар Оңтүстік Тянь-Шаньның төмен түскен иіндері анықталған. Іргетастың каледондық жасы Қазақстанның орталық бөлігімен жанасып жатқан платформаның солтүстік бөлігін сипаттайды, ал герциндік іргетас – оның оңтүстік бөлігін, бұл бөлік Тянь-Шань субендікті иіндерінің батыс жалғасында пайда болған. Платформа іргетасының эпикаледондық және эпигерциндік бөліктерінің арасындағы шекарасы нақты белгіленбеген. Кейбір кезде оны Шу ойысынан оңтүстікке қарай Талас-Ферғана тереңдік жарылымымен Қаратау жотасын бойлай жүргізеді. Басқа мәліметтер бойынша оны оңтүстікке қарай, яғни Сырдария ойысының оңтүстік-батыс борты бойынша. Ал Тұран тақтасының солтүстік-батыс бөлігінде бұл шекара, шамасы, Солтүстік Бозащы көтерілімі мен Маңғышлақ көтерілімі арасындағы тереңдік жарылым бойымен өтеді. Орталық Азия эпипалеозойлық платформасының дамуындағы ерекше кезең тектоникалық ойыстар мен иінді ойыстардың (жарылым маңы иінді ойыстары,тауаралық ойыстар) даму сатысы болып табылады. Олар перм алдық іргетастың жеке бөліктерінің ысырылысуы салдарынан пайда болады. Бұл ойыстар мен иінді ойыстардың шегінде қалың пермотриастық түзілімдер мен төменгі және орта юраның континенттік шөгінділері жиналған. Платформаның оңтүстік-батыс аудандарында тұрақты платформалық тәртіп негізінен жоғарғы юрадан бастап қалыптасқан, ал солтүстік-шығыста - бор кезеңінен басталады. Осыған байланысты бұл жерде негізгі 3 құрылымдық ярусқа бөліп қарастыруға болады. Төменгі ярус, метаморфталған және дислокацияланған палеозойлық тау жыныстармен сипатталған қатпарлы іргетас. Орта құрылымдық ярус аралық кешенмен сипатталған, моласс түрлі пермь және триас түзілімдері (Маңғышлақ,Туарқыр), ал кейбір жерлерінде рэт-лейастық және ішінара орта юра түзілімдері (Сырдария,Шу ойысы). Жоғарғы құрылымдық ярус платформалық кешенмен сипатталған, құрамына мезокайназойдан жоғары жатқан түзілімдер, аален ярусынан бастап кіреді. Бұл кешен мұхиттық, тоғандық және континенттік тас келбеттіктері эпиконтиненттік таяз сулы шөгінділерімен сипатталады. Оның қалыңдығы, платформаның ішкі иінді ойыстарында 3000-3500м-ге жетеді, ал оның оңтүстік шетінде 4-6 км-ге дейін өседі.

Палеозой қатпарлы іргетасының тысы бірқатар бөлшектенуімен сипатталады, бұл жерде иінді ойыстар мен дөңестер қатары пайда болады. Шөгінді тыстағы дөңестерге дөңбеккүмбезді көтерілімдер сәйкес келеді. Платформаның шығыс бөлігінде кейбір дөңестер іргетас тысында жақпартасты палеозойлық таулар түзеді (Қызылқұм массивтері, Сұлтан-Уиз-Даг, Кара-Даг және т.б).

Жалпы алғанда, платформаның тереңдік құрылымында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған сатылы жүйе байқалады (А. А. Борисов және т.б.,1960ж.). Солтүстік-шығысында палеозойлық қатпарлы іргетас жоғары көтерілген және орталық Қазақстан массивтері ауданында жалаңаштанып жатыр. Массивтен оңтүстікке қарай біршама таяз шу ойысы орналасқан, ойыс оңтүстік-батысында жоғары Қара-Тау палеозой массивімен шектелген. Бұдан әрі біршама терең Шығыс-Аралмаңы иінді ойысы және Сырдария ойысы жатыр, бұлар да оңтүстік-батысында жоғары көтерілген (биіктігі 1500 м) палеозойлық Қызылқұм массивтерімен (Орталық-Қызылқұм және Нуратин көтерілімдер аймағы) шектелген. Әрірек терең иінді ойыстар жүйесі жалғасады, оның құрамына іргетасы 600 м тереңдікке астасатын Амударья және Оңтүстік Маңғышлак-Үстірт ойыстары кіреді. Амударья ойысының солтүстік-шығыс баурайы Бұхар, Чарджоу және Багаджин тектоникалық сатыларымен күрделенген. Оңтүстікке қарай Қарабұғаз және Орталық-Қарақұм дөңбеккүмбездері және оларды бөліп тұрған Туарқыр көтерілімдер аймағы созылып жатыр. Палеозойлық іргетас тысы 0-ден 3000 м тереңдікке дейін еңістеліп жатыр. Ары қарай іргетас Предкопетдаг иінді ойысының бағытымен 4000-6000 м тереңдікке терең батып жатыр, иінді ойыстың орталық бөлігінде 10000 м-ден астам тереңдікке еңістеніп жатыр.

Көтерілімдер мен иінді ойыстар жолағы солтүстік-батыс және батыс-солтүстік батыс болып сағаланады, олар, сірә іргетастың палеозойлық құрылымды аймақтарының сағалануынан қалыптасқан. Бұдан басқа көлденең (субмеридиональді) сағалану да байқалады. Эпикаледондық платформаның тысында эпигерциндікке қарағанда аз айқындалған тектоникалық формалар таралған. Эпипалеозойлық платформаның аумағында негізінде герциндік құрылымды күрделі бөлшектенген оның шеткі бөлігі анық көрінеді. Оны Оңтүстік Тұран шеткі ойысы ретінде қарастыруға болады. Платформаның ішкі және шеткі бөліктері Сұлтан-Уиз-Даг және Қызылқұм таулы массивтерімен бөлінген, бұлардың шегінде палеозой жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстік Тұран ойысының аумағында пермотриасты кешен кеңінен таралған. Бұл кешен платформаның ішкі бөліктерінде кездеспейді. Бұл аймақтағы платформаның тұрақты төмендеу тәртібі негізінен юрадан басталады. Оңтүстік Тұран шеткі ойысымен жақында ашылған мұнайгазды провинциясы байланысты, мұнда юра және бор түзілімдері мұнайгаздылығы болып келеді.

228-сурет. Ғарыштық түсірімдерді тұжырымдау мәліметтері және жердегі геологиялық зерттеулер қортындылы бойынша Солтүстік Еуразияның жаңа тектоникасы мен геодинамикасының сұлбасы [87].

1-шарьяждар мен шапшымалар (а-басынды шарьяждық қаусырмалардың және сутуралык белдемдер тігісі; б-шарьяждар мен шапшымалар); 2-оң бағытты ығыспа ; 3-сол бағытты ығыспа;4-жаңа айырылым мен ығыспа-айырылым белдемдері; 5-өте ірі дөмбеккүмбезді көтерілімдер; 6-өте ірішеңберлі түрлі ойпаттар мен ойыстар; 7-трапптар өрбу алаңдары; 8-геодинамикалық жайы анықталмаған линаменттер.

Орталық Азияның эпипалеозойлық платформасының ішкі бөліктерінен тыс бөліктерінің өнеркәсіпті мұнайгаздылығы әлі дәлелденбеген. Құрамына Сырдарья және Шу ойыстары, Шығыс Аралмаңы және Ташкентмаңы иінді ойыстары кіретін бұл аймақ әзірше перспективті мұнайгазды аймақ ретінде қарастырылады. Гравиметриялық және магниттік мәліметтер бойынша Тұран тақтасының палеозойлық іргетасы көлденең және тік жарымдармен бұзылған. Кейбір жарылымдар тереңдік жарылымдар ерекшеліктерімен сипатталады және үлкен арақашықтықта жүйеленген.

Торғай депрессиясы екі ірі геоқұрылымды элементтер Евразия - Тұран мен Батыс Сібір тақталар арасында байланыс ретінде болады (229- сурет).

229- сурет. Торғай депрессиясы.

Мезозой-кайнозой құрылымының ерекшелігі бойынша Торғай депрессиясының оңтүстік-шығыс бөлігі жеке геоқұрылымды бірлік ретінде бөлініп тұр, оңтүстік-Торғай ойпаты сияқты. Ойпат екі ойыстан тұрады -Жыланшық оңтүстікте және Арысқұм оңтүстіктегі ойпаттың мезозой- кайнозойдағы құрылымының қалыптасуы өте күрделі. Қазіргі құрылысы қалыптасуына ең көп әсер берді Шығыс-Европа мен Қазақстан палеотақталардың тектоникалық қозғалыстары.

Оңтүстік- Торғай ойпатының кембрийге дейін табан өзінен жеке қыртыстың батылған бөлігі болады. Оның бетінің гипсометриясы ойпат аралығында 700-800 м Мыңбұлақ, 1200 м дейін және 4400 м сәйкес Жыланшық пен Арысқұм ойыстарында (231-сурет).

Триас кезең соңында ең жоғарғы гипсометриялық қалып қазіргі Оңтүстік-Торғай ойпатының жері болады.

Ең жоғарғы бөлігінде палеозой жыныстарының қалыңдығы 1,3-1,5 –шақырымнан аз болмады (А.Б.Ли, Х.Х.Парагульков және т.б. 1985). Триас пен юра кезеңдер басында тектоникалық қозғалыстардың батулармен ауысып Оңтүстік-Торғай ойпат дамуының рифті кезеңі болып саналады (А.А.Абдулин, 1979).

Г.Ж.Жолтаев, Т.Х.Парагульков геологиялық тарихында даму кезеңі триастың соңынан және юра дәуір аралығында болған деп есептейді [32].

Геодинамикалық моделіне сай Торғай ойпаты ерте және орташа триаста солтүстікке қарай орналасып, кейін орташа және жоғарғы триастан юра кезеңінен бастап қайтадан орналасты (232-сурет), яғни әртүрлі қозғалыста болды. Бұл қазіргі құрылымдық грабен, грабен- синклиналь қалыптасуына себеп болды.

Барлық грабен мен грабен-синклиналь үшін жалпы алғашқы бор кезеңіне дейін құрылымдық бөлінуі болады және жеке дамуы ірі түйіршікті заттар тік баурайынан орталығына қарай және еңісі баурайында ұсақ түрлі жыныстарға ауысады. Бор кезеңі алдындағы Торғай ойпатының дамуы қазіргі континентальды Рейн рифтін құрылымына ұқсас (233-сурет).

Грабендер Орталық-Қазақстан қалқанның жалпы көтерілуі кезінде қалыптасты. Біртұтас көтерілменің бөлінуіне байланысты әр бір грабен шөгінділер жиналатын жеке құрылымға айналды (234-сурет).

Оңтүстік-Торғай ойпатының геология-құрылымды ерекшеліктері оның жерінде юра мен неоком көлемінде аймақтық мұнайгаз жинағы және мезозойда пайда болғандықтардың шөгінділерімен байланысты белдікті мұнайгаз жинағын бөлуге мүмкіндік береді.

230-сурет.Оңтүстік Торғай ойпатының құрылымдық тектоникалық үлгісі [19].

1 - жазық бетіне шыққан іргетас; 2 - Оңтүстік Торғай ойпатының шекарасы; 3 -триас- юра грабен-синклиналі; 4 - юра түзілімдерінің таралу шекарасы; 5 - негізгі бұзылыстар; 6 - мезокайнозой түзілімдерінің табанының изогипстері; 7 - бұрғыланған ұңғымалар; 8 - жергілікті күрылымдар; 9 - көмірсутектер кенорны; 10 -аймақты профиль. Грабен-синлиналдар 1-13: І.Ащыкөл; 2.Баймұрат; З.Жаңакұрал; 4.Сазымбай; 5.Құлағақ; 6.Қайдағұл; 7.Шеркітау; 8.Жіңішкеқұм; 9.Сарылан; 10-Бозынген; 11 .Ақшабұлақ; 12.Арыскұм; 13-Дауыт.

231- сурет. Алғашқы және орта триастың рифтітекті белдемдері[124;125]

Шартты белгілері:1-Субдукция сызығы; 2-Континенттік рифт (Шығыс-Европа,Қызыл теңіз); З-Спрединг сызығы.

232- сурет. Бинен қаласынан Бонга дейін, Рейн аңғар үстінен жүргізілген геологиялық қима. В. Мейер және Н. Стетсом (1983 ж.)

1 - кристалды тірек; 2 - төменгі девон (шөгінді қабат); 3 - төменгі девон (порфироидтер, туффиттер); 4 - кварциттер эмсалар; 5- төменгі девон (хермескел қабатшалары); 6 - жас жанартау құрылыстары; 7 - негізгі бұзылыстар; 6 - кливаж.

233- сурет. Арысқұм ойысының палеотектоникалық профилі [49 ]

I - орта юра басында; II -соңғы юра басында; III - алғашқы бор басында; IV -соңғы бор басында; V - палеоген басында; VI - осы дәуірлік кұрылым.

234- сурет. Оңтүстік Торғайдың мұнайгазгеологиялық аудандастыру сұлбасы.

235- сурет. Құмкөл мұнайгазды кенорнының құрылымдық картасы.

236- сурет. Құмкөл мұнайгазды кенорнының геологиялық қимасы.

237- сурет. Арысқұм газды кенорнының құрылымдық картасы.

238- сурет. Арысқұм газды кенорнының геологиялық қимасы.