- •5. Салықтардың сыныптамасы.
- •1.Салық салу обьектісі б/ша:
- •8. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орны
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі.
- •10. Халықаралық салық салу ерекшеліктері
- •11. Салық жеңілдіктері,түрлері және қолдану тәртібі
- •13.Салықтық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14.Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •17. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмі.
- •18. Корпоративтік табыс салыгы: есептеу төлеу механизмі.
- •24. Көлік құралдарына салынатын салық есептеу ж/е төлеу мерзімдері.
24. Көлік құралдарына салынатын салық есептеу ж/е төлеу мерзімдері.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар ж/е шаруашылық жүргізу н/е жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. ҚР-да мем/к тіркеуге жататын ж/е есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады. Мыналар: 1) жүк көтергіштігі 40тн ж/е одан асатын карьерлік автосамосвалдар;2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды. Көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды: жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi ж/е өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау ж/е өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер; 1) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер; 2) мем/к мекемелер; 3) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы б/ша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен ж/е медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941ж 22 маусымнан 1945ж 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген ж/е Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен ж/е медальдарымен наградталмаған адамдар; 4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы б/ша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер; 5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы б/ша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар. Салық АЕК –пен белгіленген ставкалар бойынша төленеді. Ставкалар: жеңіл автомобильдер – двигательдерінің көлемі б/ша; автобустар – орын саны б/ша; жүк көліктері – жүк көтергіштігі б/ша; мотоцикл, шағын кеме, катерлер – двигателінің қуаты б/ша; ұшу аппараты әрбір киловатт қуаты үшін. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi б/ша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi. Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны б/ша жүргiзiледi. Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы б/ша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
25.Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмі. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары: 1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері; а) қол қойылатын бонус; б) коммерциялық табу бонусы; в) тарихи шығындарды өтеу б/ша төлемдер; 2) пайдалы қазбаларды өндіру салығы; 3) үстеме пайда салығы. Қол қойылатын бонус- жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі. Төлеушілер: ҚР-ның жер қойнауы ж/е жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) барлауға арналған келісімшартты; 2) пайдалы қ-ды өндiруге арналған келісімшартты; 3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардын бірін жасасқан жеке н/е заңды тұлға болып табылады. Төлеу мерзiмдерi: 1) 50% - қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде; 2) қалған 50% - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей. Декларация: орналасқан жері б/ша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі 2-ші айдың 15-не дейін табыс етеді. Коммерциялық табу бонусы. Төлеушілер: келісімшарт аумағында пайдалы қ-ды ком/қ табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар. С.с.объектісі: алынатын пайдалы қ. қорларының нақты көлемі. С.базасы: пайдалы.қ. қорлары көлемiнiң құны. Ставкасы: салық базасының 0,1%. Төлеу мерзімі: 1) пайдалы қ-ды өндiруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей; 2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қ. табылған кезде ҚР-ның осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мем/к органы пайдалы қ. қорларының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей. Декларация: жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері б/ша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі 2-ші айдың 15-не дейін табыс етеді. Тарихи шығындарды өтеу б/ша төлем -жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге ж/е кен орындарын барлауға мем/т шеккен жиынтық шығындарды өтеу б/ша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері. Төлеушілер: жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар. Төлеу тәртібі мен мерзiмдерi: жер қойнауын пайдаланушы бюджетке ком/қ табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап орналасқан жерi б/ша: 1)мем/т шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнiң жалпы 10000АЕК-ке тең н/е одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қ.-ды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi; 2) егер 10000 АЕК-тен асатын соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi 2-шi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей 2500АЕК мөлшерiнен кем емес сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi. Декларация: 1) орналасқан жерi б/ша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қ-ды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. 2) орналасқан жерi б/ша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi 2-шi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын ҚР-ның аумағында өндірілетін минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі б/ша жеке төлейді. Төлеушілер: пайд.қ-ды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар. С.с.объектiсi: пайд.қазб-ң нақты көлемi. С.базасы: салық кезеңінде өндірілген пайд.қ-ң көлемінің құны. С.кезеңі: күнтізбелік тоқсан. Төлеу мерзімдері: орналасқан жерi б/ша бюджетке салық кезеңінен кейінгі 2-ші айдың 25-нен кешіктірмей. Декларациясы: орналасқан жері б/ша салық органына салық кезеңінен кейінгі 2-ші айдың 15-нен кешіктірмей береді. Үстеме пайда салығы - үстеме пайда салығын төлеушi болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт б/ша салық кезеңiнде есептеледi. Төлеушiлер: жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт б/ша жүзеге асырылатын қызмет б/ша жер қойнауын пайдаланушылар С.с.объектiсi: жер қойнауын пайдаланушының шегерiмдер сомасының 25% тең сомадан асатын салық кезеңi үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт б/ша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлiгi. С.кезеңi: 1қаңтардан бастап 31желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл. Төлеу мерзiмi: бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi. Декларациясы: орналасқан жерi б/ша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей.
26.ҚҚС: есептеу және төлеу механизмі. Еліміздің салық жүйесіне 1992ж 1қаңтарынан бастап енгізілді. Төлеушілер: 1) ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар: дара кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент - заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;2) ҚР аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар. Салық салу объектілері: салық салынатын айналым; салық салынатын импорт. Салық салынатын айналым мөлшері міміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға ҚҚС енгізбей өткізілетін тауар,жұмыс, қызметтер құны негізінде айқындалады. Ставкалары: 12%, 0%. Салық кезеңі: күнтізбелік тоқсан.Декларация: орналасқан жер бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етеді. Төлеу мерзімі: орналасқан жер бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төленеді.
К.К кезең қорытындысы б/ша тауарды өткізу айналымы-ң мөлшері 30000АЕК-тен асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей ҚҚС б/ша есепке қою т/лы салық органына өтініш беруге міндетті. Егер ҚҚС төлеуші-ң соңғы 12 айлық кезеңіндегі салық салынатын айналымының мөлшері салық салынатын ең төменгі айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ҚҚС б/ша есептен шығару т/лы өтініш беруге құқылы.Есептеу әдістері: қосылған құн әдісі, айырма әдісі.ҚҚС-тың қайтарылуы: 1)ҚҚС-ты төлеушінің басқа салықтар бойынша берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу; 2) тауар импорты кезеңінде төленуге тиім ҚҚС-тың есебіне есепке жатқызу; 3)төленуге тиіс ҚҚС-тың есебіне есепке жатқызу; 4) ҚҚС төлеушінің банк шотына ақша аудару(басқа салықтар б/ша берешегі болмағанда ғана).
27.Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар. Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтарға ҚҚС және акциздер кіреді. 1)ҚҚС - еліміздің салық жүйесіне 1992ж 1қаңтарынан бастап енгізілді. Қосылған құн салығы – бұл салыұтың бір түрі, кез келген кәсіпорынның іс-әрекетіндегі тауарлар мен қызметтің кез келген түрін сатып алғандығы құнның өсуінен алынады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы - 13-ды құрады, 2007 жылы ол 14 құрады, ал 2006 жылы 15 құрады. Төлеушілер: 1) ҚР-да ҚҚС-ғы б/ша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар: дара кәсіпкерлер; мем/к мекемелерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалар; қызметін ҚР-да филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; 2) ҚР аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар. С.с.объектілері: салық салынатын айналым; салық салынатын импорт. Салық салынатын айналым мөлшері міміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға ҚҚС енгізбей өткізілетін тауар, жұмыс, қызметтер құны негізінде айқындалады. Ставкалары: 12%, 0%. С.кезеңі: күнтізбелік тоқсан. Декларация: орналасқан жер б/ша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етеді. Төлеу мерзімі: орналасқан жер б/ша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төленеді. 2)Акциздер. Төлеушілер: 1)ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын; 2) акцизделген тауарларды ҚР аумағына импорттайтын; 3) ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) ж/е дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізетин; т.б. Акцизделетiн тауарлар: 1)спирттiң барлық түрлерi; 2)алкоголь өнiмi; 3)темекi бұйымдары; 4)бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны; 5)10 н/е оданда көп адам тасымалдауға арналған двигателiнiң көлемi 3000 см3-тан асатын моторлы көлiк құралдары; 6) шикi мұнай, газ конденсаты; 7) ҚР-ның заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім. Ставкалары: нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. С.с.объектісі: 1) акциз төлеушінің өзі шығарған ж/е өндірген ж/е ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен операциялары; 2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) ж/е дизель отынын көтерме саудада өткізуі; 3) бензинді, дизель отынын бөлшек саудада өткізуі; 4) тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы б/ша мем/ке өткен ж/е өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі; 5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы; 6) акцизделетін тауарлардың ҚР-ның аумағына импорты. С.базасы: өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі. Төлеу мерзімдері: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей. Салық кезеңі: күнтізбелік ай. Декларация: есепті кезеңнен кейінгі 2-ші айдың 15-нен кешіктірмей.
28. Тіркелген салық ж/е ойын бизнес салығы. Тіркелген салықты төлеушілер: 1) ұтыссыз ойын автоматтарын; 2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді; 3) ойын жолдарын (боулинг, кегельбан); 4) картты (картинг); 5) бильярд үстелдерін пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады. Мыналар: 1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер; 4) ойын жолы; 5) карт; 6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
12 |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
18 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
83 |
Карт |
2 |
12 |
Бильярд үстелі |
3 |
25 |
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка б/ша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі. С.с. объектiлерi айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-інен кейін белгіленген ставка б/ша есептеледі. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны б/ша бюджетке төленуге жатады. Декларация- есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і.
Ойын бизнесі салығын Мыналар: 1) казино; 2) ойын автоматтары залы; 3) тотализатор; 4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде: 1) ойын үстелі; 2) ойын автоматы; 3) тотализатор кассасы; 4) тотализатордың электронды кассасы; 5) букмекер кеңсесінің кассасы; 6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы: 1) ойын үстеліне - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 830 еселенген АЕК мөлшерін; 2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 30 еселенген АЕК мөлшерін; 3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 125 еселенген АЕК мөлшерін; 4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 125 еселенген АЕК мөлшерін; 5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 75 еселенген АЕК мөлшерін; 6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 75 еселенген АЕК мөлшерін құрайды. Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.
2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:
1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;
2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;
3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;
4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.
29. 30. ҚР территориясында жүзеге асатын алымдар, төлемдер және баждар. Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңды ж/е жеке тұлғалардың мем/к органдардың оларға көрсететiн қызметтерi үшiн төленетiн мiндеттi төлемдерiн айтады. Бұл төлемдердiң сомасы жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне не белгiленетiн үлестерде бюджеттер мен тиiстi ұйымдарға не арнаулы қызмет көрсететiн ұйымдардың, мекемелердiң шығындарын iшiнара н/е толық өтеу, қызметiн дамытып, жетiлдiру үшiн түгелдей олардың қарамағына түседi. Алым дегенiмiз – белгiлi бiр қызмет түрiн бастар алдында н/е осы қызмет түрiне құқық берер кезде төленетiн мiндеттi төлем. 2002 жылы алымның 13 түрi болды. 2003 жылдан бастап “елтаңбалық алым” алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерiстер енгiзiлдi. Алымдар мен төлемдердi төлеу көбiнесе қаржы аспектiлерiн де, сондай – ақ мүлiктiк құқықтарды, техникалық рәсiмдер мен тiркеулердi, объектiнiң, қызметтiң белгiлi бiр халiн белгiлеудi дайындаумен байланыстарды да қоса, қызметтiң айтарлықтай кең аясы б/ша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердiң салық салу объектiлерi де сан алуан келедi, алымдар мен төлемдердi есептеу мен төлеу тәртiбi де әртүрлi болады. Алымдардың сомасы Үкiмет белгiленген мөлшерлемелер б/ша есептеледi ж/е тiркеулi орынға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi. Алымдарды төлеудiң қажеттiгiн тудыратын қызмет түрлерiнiң сан алуандығы олардың көбiсiн тиiстi қызмет көрсетулерге көбiнесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберiнен шығарып жiбередi. 1. Алымдар: 1. Тіркеу алымдары; 2. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүргені үшін алым; 3. Аукциондардан алынатын алым; 4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; 5. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.
2.Төлемақылар: 1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 3. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы. 4.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. 7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. 8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы. 9.Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 10. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Мемлекеттік бажды төлеушілер: Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан
2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін;
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
11) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистің куәлігін, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмі 21
Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмі 19
Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі 20
Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмі 25
Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдері 23
Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмі 17
Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдері 22
Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығы 16
Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі 18
Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу төлеу механизмі 24
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар 27
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы 7
Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орны 8
ҚҚС: есептеу және төлеу механизмі 26
ҚР террит-да жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар 29-30
Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі 9
Салықтардың экономикалық мәні және қызметтері 1
Салық жүйесін ұйымдастыру қағидалары 2
Салықтарды төлеу әдістері 3
Салықтық механим және оның элементтері 4
Салықтардың сыныптамасы 5
Салық жүйесі және салық саясаты 6
Салық жеңілдіктері, түрлері және қолдану тәртібі 11
Салық элементтері 12
Салықтық механизм: сипаттамасы және құрылымы 13
Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы 14
Тіркелген салық және ойын бизнес салығы 28
Халықаралықсалық салу ерекшеліктері 10
Экономиканы салықтық реттеу 15
