Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

18. Корпоративтік табыс салыгы: есептеу төлеу механизмі.

КТС заңды тұлғалардың табысына салынатын жалпы мем/к тікелей салық. ҚР-ның Ұлттық банкі мен мем/к мекемелерді қоспағанда ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы қызмет жасайтын н/е ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар КТС төлеушілер болып табылады. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер, казино; ойын автоматтары залы; тотализатор;букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асырып алатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.Салық салу обьектісі:-Салық салынатын табыс; -Төлем көзінен салық салынатын табыс; - ҚР-да қызмет ететін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаладың таза табысы. Салық салынатын табыс салық кодексіндегі түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Корпоративтік табыс салығы сомасы мына механизм бойынша есептеледі. КТС есептегенде салық салынатын табыс сомасын анықтаймыз. Салық салынатын табысты жылдық жиынтық табыс сомасынан шегерімдер сомасын шегереміз. Жылдық жиынтық табыс резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарына мыналар жатады: өткізуден түсетін табыс; құн өсімінен түсетін табыс; туынды қаржы құралдары бойынша табыс; міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс; бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс; өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс; дивидендтер; депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты ж/е т.б. Салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімдер төрт топқа бөлінеді. Олар: материалдық шығындар; жалдамалы жұмыскерлердің, қызметкерлердің еңбекақысы, әлеуметтік төлемдер; тіркелген активке амортизациялық аударымдар; басқа да шығындар (коммуналдық төлем, салықтар, алымдар ,төлемақылар, баж, айыппұл, сақтандыру жарналары, несие б/ша банктік пайыздар). Осы салық салынатын табыс сомасына түзету енгіземіз. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан: тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер; жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар; Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар; Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар; Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы табыстардан алып тасталуға жатады. Сонымен қатар, Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды: жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

Түзету жасалғаннан кейін 20% ставкамен ал ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10% ставкасында төленеді; резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15% ставка б/ша төлейді. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Салық декларациясы: 1. ҚР-ғы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын ж/е ҚР-да қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместі қоспағанда, к/к табыс салығы төлеуші КТС б/ша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

19. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмі. ЖТС мем/к бюджет кірістерінің басты көздерінің бірі ж/е басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың түрі болып табылады. Салық төлеушілер: салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар ҚР азаматтары ж/е азаматтығы жоқ тұлғалар. Салық салу объектілері: 1) төлем көзінен салық салынатын табыс, 2) төлем көзінен салық салынбайтын табыс. Салық салынатын табыс жалпы табыстан шегерімдерді шегергенде анықталады. Мыналар салық салу мақсатында табыс ретінде қарастырылмайды: бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар; жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР заңнамасына сәйкес өтеу; қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері; іссапар шығындары (ҚР ішінде) тәулігіне АЕК 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ал ҚР тыс жерде АЕК 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар; қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы; материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы; салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары ж/е т.б. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады: алименттер; ұйымдар салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар; борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар; бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар; пай бойынша табыстар; гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер; Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың; Соғыс жылдары кемiнде 6 ай жұмыс iстеген және тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;I, II, III топтардағы мүгедектердiң;«мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң;«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына – оның ата-анасының бiрiнiң қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;

Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анақтау кезінде күнтізбелік жыл ішінде әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады: ең төменгі жалақы мөлшері (18660); міндетті зейнетақы жарна сомасы; ерікті зейнетақы жарна сомасы; сақтандыру сыйлықақы сомасы; тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары б/ша сыйақыны өтеуге бағытталған сома; медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар, 8 еселенген ең төменгі жалақы шегінде.

Салық салынатын табыс сомасын 10% есептеп бюджетке аударамыз. Ал дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстарға – 5 % мөлшерінде есептейміз. Cалық агенттері жеке табыс алығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленгеннен кеінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Cалық агенттері төлем көзінен салық салынтын төленген табыстарға қатысты ЖТС бойынша есеп қисапты әрбір тоқсан үшін есепті тоқсаннан кеінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық органдарына табыс етуі керек.

20. Жер салығы: есептеу тәртібі ж/е бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі. Жер салығын төлеуші – меншігінде н|е тұрақты пайдалануында жер учаскесі бар заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері ж/е жерге иелік етуші жеке тұлғалар. Жер салығының мөлшері 1 га есептеліп, белгіленеді ж/е жер учаскесінің сапасына, құнарлылығына, орналасу өңірлеріне ж/е сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады, яғни, бонитет балына байланысты анықталады. Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін н/е пайдаланатын заңды ж/е жеке тұлғаның қарамағындағы жер учаскесі. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына ж/е  мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге; 2) елді мекендер жерлеріне; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс ж/е өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық ж/е тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге ; 5) орман қорының жерлеріне; 6) су қорының жерлеріне; 7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады. Жер салығын төлеу және есептеу үшін 2 құжат керек: 1.мемлекеттік акт,2.жер ресурстарын басқару жөніндегі уәілетті мем.орган әр жылдың 1қаңтарындағы жағдай б/ша берген жерлердің мем.сандық ж/е сапалық есебінің дерегі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер далалық, қуаңдалалық, шөл ж/е шөлейт деп бөлініп, бір га бонитет балына сәйкес базалық салық ставкасы есептеледі. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерге салынатын базалық  салық ставкалары. Қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік үй шаруашылығын, бағбандық ж/е саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге: 1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге; 2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.

Елді мекендердің жерлері тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда және тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкасы қаласына, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар ж/е облыстық маңызы бар басқа қалаларға арнайы белгіленген тенге б/ша есептеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне Салық Кодексінің талаптары ескеріле отырып, белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады. Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер  тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін Салық Кодексінде белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Осы жерлер бойынша салық сомасы

Салық кезеңі. Дара кәсіпкерлер ж/е заңды тұлғалар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. Мына тұлғалар жер салығының ставкасына 0,1 коэффициентін көбейту арқылы есептейді: 1. * балаларды сауықтыру мекемелері; * мем/к табиғи қорықтар; * мем/к ұлттық табиғи саябақтар; * ботаникалық зоологиялық бақтар. 2. * балық өндіру мақсатындағы мем/к кәсіпорындар; * ғылыми кадрларды мем/к аттестациялау саласындағы кәсіпорындар; * табиғи биологиялық ресурстарды ұлғайту, ормандардың табиғи әлеуетін көтеру қызметтерңмен айналысатын кәсіпорындар; * діни бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдар.

Жер салығын енгізудегі ең бастысы жерді және басқада ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру және шығынға қарсы механизмді құру. Сонымен қатар ол жерде әртүрлі шаруашылықты жүргізуге мүмкіндік беруі қажет. 1992 жылы енгізілді. Жер салығын енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Қалалық бюджетінің табыстары салық түсімдерден, салық емес түсімдерден, негізі капиталды салу түсімдері және жоғары тұрған бюджеттен келіп түскен трансферттермен құрылады. Жер салығы түрінде алынған қаржылардың қандай басқару деңгейінде жинақталуындағы мәселе маңызды методологиялық мағынаға ие болады. Теориялық көзқарастар бұл мәселеде екі нұсқа болуы мүмкін деп тұжырымдайды. Біріншісі, олардың тікелей мемлекеттік бюджетке түсуі және әртүрлі, ауыл шаруашылығымен тікелей байланысы жоқ мақсаттарға жұмсалуы. Екінші нұсқасы, жер салығы түріндегі жиналған қаражаттардың көп бөлігін жергілікті бюджетке қалдыруы. Келешектегі ренталық салым жүйесі негізінде рентаның неғұрлым көп бөлігі жергілікті жерде қалу принципі жатыр. Осы нұсқаның бірқатар себептер бойынша едәуір ыңғайлы екенін атап өту қажет. Ренталық табыстар, жер салықтары жергілікті бюджеттің тұрақталуына әсер етеді, жекелеген территорияларда өзін-өзі басқару процестерінің дамуына маңызды қаржылық тіректі құрайды. Осыдан жергілікті бюджетке жер салығы түріндегі түсетін қаражаттар негізінде ауыл шаруашылық өндірісі қажеттіліктеріне шығындалуы керек деген тұжырым жасауға болады. Бірінші кезекте бұған жататындар: жерлердің құнарлылығын, олардың мелиорациясын көтеру, ауылдық жерлерде әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның дамуы бойынша шараларды жүргізу. Соңғы нәтижеде жер салығы түрінде алынған қаржылар халықтың өмірлік деңгейін көтеру, ауыр аграрлық дағдарысты бастан кешіруді қамтамасыз етуі қажет.

21. Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмі. Әлеуметтік салық ҚР-дағы негізгі салықтардың бірі болып табылады. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мем|к әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген еді. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мем|к бюджеттің 15-16 пайызын құрайды. Төлеушiлер: 1) дара кәсiпкерлер; 2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; 3) ҚР-ның резидент заңды тұлғалары; 4) ҚР-да қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады. Салық салу объектісі 1) ҚРда қызметін құрақты мекемелер, филиалдармен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер және заңды тұлғаның құрлымдық бөлімшелері үшін: -.жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай және заттай нысандағы кез келген табыстар, сондай ақ өтемді қызметтер көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер жеке кәсіпкерлерге төлемдерді қоспағанда түріндегі оның қызметкерлерге төлейтіншығыс-тары; 2) Жеке кәсіпкерлер және жеке нотариустар мен адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда: -қызметкерлер саны. Салық ставкалары- әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі. жеңілдіктері: - Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді. Салық кезеңі-күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады. әлеуметтік салық  бойынша декларация -. Төлеушiлер орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

22. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдері. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдеріне: біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін; патент негізіндегі арнаулы салық режимін; оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Патент - төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат. . Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады. Салық кезеңі - Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1)  патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Оңайлатылған декларация негізінде:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3% мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері б/ша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі 2-ші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. Оңайлатылған декларация б/ша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі 2-ші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Бірреттік талон бойынша арнайы салық режимі 2013 жылдан бастап алынып тасталған.

23. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдері. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдеріне: патент негізіндегі арнаулы салық режимі, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады. Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі: 1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса; Салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса.Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]