Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
90.83 Кб
Скачать

17. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмі.

Салық төлеушілер: Салық салу обьектісі бар жеке тұлғалар. Салық салу обьектісі: Жеке тұлғаларға меншік құқығына тиесілі ҚР-ның аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар ж/е өзгеде құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар ж/е аяқталмаған құрылыс обьектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығын салу обьектісі б.т. Салық ставкасы: Жеке тұлғалардың салық ставкасы мүлік салығы салық салу обьектілерінің құнына қарай есептеледі. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі: Жеке тұлғалардың салық салу обьектілері б/ша салықты есептеуді салық кезеңінің 1тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу обьектілерінің орналасқан жері б/ша салық органдары жүргізеді. Егер салық салу обьектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында 12 айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы айқындалған салық сомасын 12-ге бөлу ж/е салық салу обьектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу обьектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабер есептеледі. Бірнеше салық салу обьектілері б/ша салық төлеуші 1 жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі б/ша бөлек жүргізіледі. - салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі. - салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың 1-ші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі. - бюджетке салық төлеу салық салу объектілерін орналасқан жері б/ша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі. - салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мем/к тіркеу кезіне дейін н/е тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төленушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органы жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі. Салықтың жылдық сомасын салық салу объектісіне меншік құқығын мем/к тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім б/ша) бюджетке енгізу мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді. - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мем/к тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті мем/к орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді. Салық кезеңі 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл б.т. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін 1-ші салық кезеңі б.т. Егер ұйым әділет органында мем/к тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді.