Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
90.83 Кб
Скачать

14.Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы

Салық саясаты – қоғамның даму ерекшеліктеріне сәйкес нақты экономикалық жағдайларын ескере отырып салық қызметі органдарының салық салу саласындағы атқаратын іс-шаралары. Салық саясатының мақсаты – мемлекетті қаржымен қамтамасыз ету.Салық саясатының міндеттері: 1) салық қызметтерін ұйымдастыру; 2) салықтық болжау; 3) салық заңнамаларын насихаттау; 4)экономикалық, математикалық модельдеу арқылы салықтық түсімдерді талдау; 5) мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; 6)жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау; 7)нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру.

Салық саясатының модельдері: 1)Максималды ставкалар саясаты; 2)Минималды ставкалар саясаты; 3)«Ақылға сыятын салықтар» саясаты.

Максималды ставкалар саясаты моделінде мемлекет тек фискалдық мақсатты көздей отырып, салықтың пайыздық мөлшерлемесін максималды жоғарылатып, салық жеңілдіктерін азайта түседі. Мемлекет бұл модельді дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қолданылады.

Минималды ставкалар саясаты моделінде мемлекет фискалды мақсатты ғана көздемей, кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық дамуына максималды қолайлы жағдай жасайды. Бұл модельді стагнация болуы арқылы экономикалық дағдарыс болу қаупі болатын жағдайда қолданылады.

«Ақылға сыятын салықтар» саясаты модельдің мәні салық салудың жоғары деңгейі мен мемлекеттік бағдарламаларды ұйымдастырушылардың санының артуында. Салық саясатының тәжірибелік сипаты салық механизмінде көрініс табады.

Салық саясаты 3 этаптан тұрады: 1)Салық жүйесінің дамуының концепциясын жасау; 2)Салық салу қағидалары мен бағыттарын анықтау; 3)Нақты мақсаттарға жету бағыттағы іс шараларды іске асыру;

Салық саясатының масштабына байланысты бөлінеді: 1)Сыртқы 2)Ішкі.

Салық саясаты 2 түрлі жол арқылы жүзеге асады: 1)Революциялық( бүкіл салық жүйесін өзгерту); 2)Эволюциялық.

15. Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістері. Салықтың экономикалық мәні мынада: 1) Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді. 2) Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мем/т үлесіне жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мем/к бюджеттің кірісіне қарай, мем/ң кәсіпкерлікпен айналысуының ж/е әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Мем/т құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында эконо/қ салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру төлем қабілеті бар сұраныс көлемі реттеледі. Экономиканы салықтық реттеу саласында (өндірістік күштердің дамуы темпімен деңгейі, инвестициялық процесстер т.б.) салық ставкалары айырықша орын алады. Бұл процесстің теориялық мазмұны жеткізілген тепе-тендікті білдіреді. Нақты соманың беделдігі тәжірибиеде мағыналы болып табылады. Барлық экономистер үшін белгілі "Лаффер" әсері онда шектен асқан салықтық алымдар (жылдық жиынтық табыстан -35%) салықтық түсімдермен табыс соммасының төмендеуіне әкеледі. Сол себебтен бюджет жүйесінің ішінде салықтардың бөлінуі салықтарды болжау мен реттеуге тәуелді болып табылады. Салықтық реттеу - салық механизмі элементтерінің ішінде ж/е мем/к салық менеджменті саласында мобильді болып табылады. Салықтық реттеу - бұл өндірісті дамыту үшін мем/ң жанама шаралар жиынтығының әсері, ол жалпы салық салу деңгейін төмендету н/е жоғарылату арқылы бюджеттік алымдардың нормасын өзгерту жолы. Салықтық реттеудің мазмұны мен мақсаты, салық салу жүйесінің реттеушілік қызметінде қарастырылған. Салықтық реттеу әдістерінің мақсаттары мен салаларына байланысты әрекет ететін салаларға бөлінуі мүмкін: салықтық жеңілдіктер жүйесі (преференциялар), санкциялық әдістер шарасы ж/е бюджеттік салықтық тепе-теңдік әдістері. Бүгінгі таңда салықтар бюджет жүйесінің белгілі бір топтарына тіркелген. Олар өзіндік ж/е тіркелген болып саналады, басқалары бөлшектеп сол н/е басқа бюджеттерге түседі. Мыс, корпоротивтік табыс салығы оның бөлінуі 50 % ж/е 50 % болып табылады, ал мүлікке салынатын салық толығымен жергілікті бюджетке түседі. Тиімді салық жүйесін құру үшін, оның ішкі экон/қ құрылымы ең алдыменен салық ставкаларының мөлшерін дұрыс қолдану қажет. Салықтық реттеудің негізгі бір қүралы салық ставкасы болып табылады. Салық ставкаларын бекіту методологиясы ж/е оның базасы өте маңызды сұрақ болып табылады. Мем/т бекітетін әртүрлі салық ставкалары, өндіріс шығындарын жоғарылатады. Бұл жинақтық мүмкіншіліктерін кеміту, соған сай инвестицияға әсерін тигізеді, ол өз негізінде өндірістің өсуін кемітеді де ұсынысты төмендетеді. Қарастырылып жатқан теория "Лаффер" қисығына негізделген. Ол салықтардан түскен бір табыс екі деңгейлі салық салуды береді - төмен ж/е жоғары. Мыс, мем/т нөлдік табысты, салықтық ставкасы (Т) н/е 100% болған жағдайда алады. 100% салықтық ауыртпалық жағдайында өндіріс тұншықтырылады да келешек уақытта іс әрекетін тоқтатады. Лаффердің қисығына сүйенсек, белгіленген шектен (Т) салық салудың нормасының жоғарлауы бюджет табыстарының соммасын өсіреді. Себебі нарықтық экон/қ агенттердің қызығушылығын тимейді. Теория жүзінде оптималды салық ставкасы (Т) бар деген ойлар бар, ол мем/е максималды табыс әкелуге (Дтах) ж/е сол уақытта рентабелді кәсіпорындар үшін қуатты әсер тигізеді. Тауар өндірісін жоғарылату үшін мем/т жоғарғы салық ставкасын бекітпеу керек (тиым салынған зона), ол өндірісті кеңейтуде тежеу жасайды, кәсіпорындардың өнім өндірісінің нәтижесіне деген қызығушылығын төмендетеді. А. Лаффердің ойынша "егерде нарықтың сәттілігі жоғарғы ж/е прогрессивті салықтармен кездессе, онда экон/қ белсенділік төмендейді". Салық ставкасын төмен белгілеу мем/ке максималды табыс әкелмейді. Салықтық реттеудің тәсілдері екі өзара байланысты салаға бөлінеді: салық жеңілдіктері ж/е салық санкциялары. Бұл ішкі жүйелердің оптималды сәйкестілігі салық салуда икемділікті қамтамасыз етеді ж/е соңында салық саясатының нәтижелігін көрсетеді. Салықтық техниканың ағымдағы түзетулері экон/қ конъюктураның дамуына әсерін тигізеді. Инвестициялық процесстерімен сыртқы экон/қ әрекетті салықтық реттеу жалпы елдің шаруашылық комплексінің құрылымына позитивті әсер етеді.

16. Заңды тұлғалардың ж/е дара кәсіпкерлердің мүлік салығы. Салық төлеушілер: 1.ҚР-ның аумағында меншік, шаруашылық жургізу н/е оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар, соның ішінде ҚР-да қызметін жүзеге асыратын ҚР-ның резидент емес тұлғалары; 2.ҚР-ның аумағында меншік құқығында салық салу обьектісі бар дара кәсіпкерлер; 3.Концессия шартына сәйкес концессия обьектісі болып табылатын салық салу обьектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер б.т.

Салық салу обьектісі: Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ҚР-ның аумағындағы: 1.техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мем/к орган белгіленген сыныптама б/ша негізгі құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар н/е ХҚЕС-на сай ж/е ҚР-ның бухалтерлік есеп ж/е қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлікке инвестициялар; 2. концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

салық базасы: салық салу объек­тi­л­ерiнiң орташа жылдық баланстық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын  қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.

Салық ставкалары: 1.Заңды тұлғалар үшін 1,5%; 2.Мүлік салығын 0,5% ставка б/ша төмендегілер төлейді: -дара кәсіпкерлер; -оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар. 3.0,1% б/ша төлейтін заңды тұлғалар: -діни бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдар; -негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар; -ғылыми кадрларды мем/к аттестаттау саласындағы функцияларды ж.а-тын мем/к кәсіпорындар; -мем/к меншіктегі ж/е бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының ж/е т.б табиғат қорғау мақсатындағы обьектілері б/ша заңды тұлғалар.

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі: Салық төлеуші салық кезеңіндегі 25ақпан, 25мамыр, 25 тамыз ж/е 25қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдалынылатын салық салу обьектілері б/ша белгіленген ставкалар б/ша ж/е тәртіппен есептеп, төлейді. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем­дер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап са­лық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айла­рының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтер­лік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері өзгергенде ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу обьектілері б/ша 1ақпан, 1тамыз ж/е 1қарашадағы жағдай б/ша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15ақпанынан, 15мамырынан, 15тамызынан, 15қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі. Декларация есепті жылдың кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]