- •5. Салықтардың сыныптамасы.
- •1.Салық салу обьектісі б/ша:
- •8. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орны
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі.
- •10. Халықаралық салық салу ерекшеліктері
- •11. Салық жеңілдіктері,түрлері және қолдану тәртібі
- •13.Салықтық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14.Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •17. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмі.
- •18. Корпоративтік табыс салыгы: есептеу төлеу механизмі.
- •24. Көлік құралдарына салынатын салық есептеу ж/е төлеу мерзімдері.
13.Салықтық механизм: сипаттамасы және құрылымы
Салық механизмі –салықтар ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуді қамтамасыз ететін тәсілдер, әдістер ж/е элементтер ж/е салық заңдары мен салыққа қатысты келісімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы.
Салық механизмінің құрылымы келесідей: 1)салық салу элементтері; 2) салық салу тәсілдері; 3) салық салу әдістері; 4) салық салу қағидалары; 5) жоспарлау ж/е болжау.
Қандай да бір механизімнің құрамында бірнеше тетіктері мен элементтері болады.
Салық салудың элементтері: салық субъекті – салықты және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды тұлға. Қазақстанда заңды тұлға резидент емес және резидент заңды тұлға болып табылады. ҚР азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтағы жоқ тұлғалар болып жіктеледі. Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыспен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады. Салық ставкасы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты н/е процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады. Проценттік ставкалар 3-ке бөлінеді: үдемелі н/е прогрессивті; регрессивті ж/е пропорционалды. Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады. Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп н|е түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт. Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық салудың объектісін есепке алу және бағалау тәсілдеріне қарай 4 тәсілі бар: 1)кадастрлық; 2)салық төлеушінің декларациясы бойынша; 3)табыс алу көзі бойынша; 4)патент бойынша.
Кадастрлық әдіс бойынша салықты есепке алу және жинау салық объектілерінің сипаттамасы бойынша нақты табыстылықты ескерусіз жүргізіледі.
Салық төлеушілер декларациясында табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді шегерістерді көрсетеді және салық сомасын өзі есептейді.
Табысты алу көзіне қарай салық салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның бухгалтериясында табыс алу көзінде ұсталады.
Патент негізінде салық төлеу әр түрлі қызмет түрлерінен алынатн табысты анықтау және олардың көлемін есептеу қиын болған жағдайда қолданылады.
Салықтық есептің 2 әдісі бар: 1)кассалық; 2)есептік әдісі.
Кассалық әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыстың атқарылған, мүлік жіберіліп, оның ақысы түскеннен кейін ғана танылады.
Есептік әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыс атқарылған, мүлік жіберілгеннен кейін оның ақысы түспей тұрып танылады.
А.Смит б/ша салық салу қағидалары: 1)Әділділік; 2) айқындылық; 3) ыңғайлылық; 4) үнемділік.
Салық кодексі б/ша салық салу қағидалары: салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
