- •5. Салықтардың сыныптамасы.
- •1.Салық салу обьектісі б/ша:
- •8. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орны
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі.
- •10. Халықаралық салық салу ерекшеліктері
- •11. Салық жеңілдіктері,түрлері және қолдану тәртібі
- •13.Салықтық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14.Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •17. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмі.
- •18. Корпоративтік табыс салыгы: есептеу төлеу механизмі.
- •24. Көлік құралдарына салынатын салық есептеу ж/е төлеу мерзімдері.
11. Салық жеңілдіктері,түрлері және қолдану тәртібі
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан ішінара немесе толық босату. Салық жеңілдіктеріне –салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Сондай-ақ, салықтық жеңілдіктердің 1993 жылға дейін салықтық кредит және 1995 жылға дейін салықтық каникул деген түрлері болды. Салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғаушараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық боойынша және т.т.);
Салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен қатар төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады. Салық төлеу мерзімін ұзарту өтініш арқылы беріледі.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілер бойынша топтауға болады: 1. Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.
Салық төлеушілердің өзіне салық жеңілдіктері беріледі. Жеке тұлғалардың мүлік салығында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде салық төлеуден босатылады.2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер. Бұл жерде салық салу объектілеріне жеңілдік беріледі. Мысалы: көлік құралдары салығында мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық төлеуден босатылған. 3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.Мәселен, жеке табыс салығы бойынша салық базасына мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыс қосылмайды.
4. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер.
Корпорациялық табыс салығында салық төлеушілер негізінен 30
пайыздық ставка бойынша салық төлесе, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушілер 10 пайыздық ставка бойынша салық төлейді.
5. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, қосылған қүн салығы бойынша салық кезеңі - күнтізбелік ай болса, ал ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық кезеңі бір жыл болып табылады.
6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі оңайлатылған декларация негізінде салық төлейді.
7. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон немесе патент негізінде төлейді.
Қазіргі кезде кең тараған салық жеңілдіктерінің түрлерін С.Г.Пепеляев ұсынған еді, яғни олар 3 топқа бөлінеді:
алып тастау;
жеңілдіктер;
босату.
Алып тастау - салық салудың жекелеген объектілері салық салудан алынып тасталады.
Жеңілдіктер - салық базасын қысқарту.
Босатусалық ставкаларын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер.
Салық жеңілдіктері кәсіпорын қызметтеріне төмендегі жолдар арқылы әсерін тигізеді, олар:
- өтімділікті жоғарылату;
- өндірілетін өнім түрін көбейту;
- кәсіпорындардағы керексіз және нәтижесіз өнімдерді қысқарту;
- ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыру;
- табыстарды жинақтау мен пайдалану мақсатын толықтыру;
- экологиялық режимді сақтау және кәсіпорындардан басқа салаларды дамыту.
Экономиканы дамытудағы салық жеңілдіктерінің тек ынталандыру үшін емес, тұрақтандыру үшін де қажет.
12.Салық салу элементтері мыналар: Салық субъектісі – заң б/ша салық төлеу міндеті жүктелген жеке ж/е заңды тұлғалар. Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым ж/е т.б. Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық ставкасы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты н/е процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады. Проценттік ставкалар 3-ке бөлінеді: үдемелі н/е прогрессивті; регрессивті ж/е пропорционалды. Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады. Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп н|е түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт. Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді. Салық қызметінің негізгі міндеттері: - салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; - салық салу мәселелері жөнінде басқа мем/мен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. Салық төлеушілердің міндеттері: 1) уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға; 2) мем/к салық комитетінің актілеріне б/ша есеп құжаттамаларды жүргізуге, оларды 5 жыл бойы сақтауға; 3) салық декларациясын уақытында тапсыру; 4) салық қызметінің талабы б/ша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге; 5) салық заңдарын, төлеу тәртібін, мерзімін қатаң сақтауға міндетті.
