Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
90.83 Кб
Скачать

10. Халықаралық салық салу ерекшеліктері

Халықаралық салық салудың негізгі принциптері

1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.

2. Қазақстан Республикасында резидент еместер Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетiн табыстардан салық төлейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер Қазақстан Республикасында мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетiн табыстардан да салық төлейді.

3. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.

Резиденттер

1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы (Қр азаматтығы не тұруға рұқсаты болса, отбасы не жақын туыстары ҚР-да тұрса, меншігінде жылжымайтын мүлкі болса) Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Респуб­ли­касының резиденттері деп танылады. 

2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн Қазақстан Респуб­ли­касында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. 

Резидент еместер

мыналар:

1) резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;

2) қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады. 

Резидент еместер ҚР заңнамасына сәйкес өзінің қызметін тұрақты мекеме құрып немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңда белгіленген тәртіппен салық органына салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес тұлғалар табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды. Ставкалары: 15 %, ал тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент; халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент; құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес тұлғалар Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы алып тасталған, заңда көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.