Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
90.83 Кб
Скачать

8. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орны

Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің түрлері;

Салық – мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардан алынатын, мемлекет бекіткен міндетті төлем.

Алым – қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін төленетін міндетті жарна.

Төлемақы – қайтарылатын және эквивалентті төлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Төлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келген тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектлерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрде алынатын алым.

Мемлекеттік баж – құқықтық маңызы бар қызметтерді жүзеге асырғаны үшін және соған мемлекеттік органдар немесе құзырлы тұлған өкілеттілік берген құжаттарды беру кезінде алынатын – міндетті төлемақы. Немесе баж дегенміз, мемлекеттік қызметтің орнына құқықтық маңызы бар қызметтерді қолданғаны үшін алынатын міндетті төлемақылардың бір түрі.

Кедендік төлемақы – кедендік істі жүзеге асыру кезінде алынатын төлемдер.

Қазақстанда бюджеттік кірістің негізгі бөлігі (80%-ға дейін) салықтық түсім есебінен және елдің әлеуметтік-экономикалық даму көлемінен қалыптасады. салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі.

Салықтар қоғамдағы экономикалық қатынастардың аса маңызды және қажетті бөлігі болып табылады. Мем/ң ең басты мәселелерінің бірі мем/ң кірісін қалыптастыру көздері туралы мәселе болып табылады. Салықтар мем/к бюджеттің басты кіріс көзі болуымен қатар, өндірісті реттеу, әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, субъектілермен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық базасын жасау функцияларын атқаратын қоғамдық қайта құрудың жаңа құралы болып табылады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық ж/е тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мем/к бюджет ж/е салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мем/т белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың ж/е шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар н/е оларға барабар төлемдер болып табылады. 2012 жылы республикалық бюджет кірістері құрамында ең жоғарғы үлес салмақты – 97,3% салықтық түсімдер құраған. ҚР мем/к бюджеті кірістерінің құрамы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен ж/е салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. Бюджет кiрiстерi салық ж/е басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мем/ке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын ж/е мем/ң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске ж/е ҚР-ның басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер – ҚР-ның Салық кодексiнде белгiленген салықтар ж/е бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады. Баршамызға белгiлi елiмiздiң салық жүйесi бiршама өзгерiстерге ұшырап, дамып ж/е нығайып келедi. Бұл орайда 2005 ж. 1-шi қаңтарынан iске қосылған Салық Кодексiне байланысты салық салу iсiнде көптеген өзгерiстер мен жаңалықтар енгiзiлдi. Бюджеттік салықтың қарым-қатынасқа қолданылатын оперативті салықтық әдістердің араласуы, салықтың әкімшілік салықтық құқық бұзушылықтың алдын алады ж/е де бюджетті салықтық тексерулер нәтижесінде айқындалған төленбеген салық сомалары арқылы толтырады. Соның нәтижесінде салық жүйесінің тиімділігі анықталады ж/е оның салықтық топтарымен жекелеген салық түрлері, осының барлығы қабылданған оптималды салық концепциясын куәландырады, яғни экон/қ шындылыққа сай салық салу процесін реттейтін салық кодексіне өзгерістер енгізу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]