Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.71 Кб
Скачать

3. 50 Орындық мейрамханаға арналған жұмыртқа салатын ыдыстың санын есептеу.

Жұмыртқа қоймасы - жұмыртқаны қабылдап алып, сақтауға арналған жай. Құс фабрикалары мен құс фермаларында Жұмыртқа қоймасы механика қолданылып, сұрыпталып, қораптарға салынатын бөлек цехтар түрінде жабдықталады. Цехтың құрамына жұмыртқаны сұрыптап, қораптарға салатын (әрбір 10 мың тауық жұмыртқасы не 7,5 мың күркетауық, үйрек және қаз жұмыртқасы үшін 3,5—5 м2), ыдыс-қораптарды сақтайтын және бықырлайтын бөлме жайлар, қызмет бөлмесі және компрессорлық жай қамтылады. Жұмыртқа қоймасының іші ылғалға берік, ашық түсті бояумен сырланады.

Жұмыртқа салатын ыдыс атаулары:

Пашотница для яиц 0,33

Рюмка – подставка для яиц 0,1

2-билет

1.Мейрамхананың түрлері, жіктелуі

Мейрамхананың түрлері

  • Гастрономдық мейрамхана

Бұл мейрамханада ең негізгі ерекшелік – тағамдардың күрделілігі. Шот тек ең соңында төленеді. Меню ас үйдегі тағамдардың түріне және жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Алкогольді ішімдіктерге тапсырыс беруге болады.

  • Демократиялық немесе күнделікті ресторан (casual)

Алдыңғы мейрамхана түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ, тек тағамдардың бағаларына және түрлеріне байланысты айырмашылығы болуы мүмкін. Норма бойынша, осындай мейрамханаларда жартылай дайын өнімдерден тағамдар дайындалады.

  • Таверна, бар, паб

Бұл мейрамхана түрі шотқа алдын ала төлеу керектігімен ерекшеленеді. Персонал тек үстелдердің тазалығына ғана жауапты. Бұл мейрамханаларда спорттық жаңалықтар тікелей көрсетіледі, сол себептен көптеген достар компаниясы осында келеді. Тағамдардың түрі шектелген.

  • Тез қызмет көрсету мейрамханалары (quick service)

Бұл мейрамханада официанттар жоқ, әр адам өзіне-өзі қызмет көрсетеді. Тағамдар жартылай дайын өнімдерден жасалады немесе алдын – ала дайындалады. Сол себептен, мәзірдегі тағамдардың түрі шектелген. Пиццерия үшін танымал.

  • Fast-food

Желілік мейрамхананың кеңінен танымал түрі. Тез қызмет көрсету жүзеге асырылады, бірақ тағам стандарттары басқа мейрамханаларға қарағанда әлдеқайда қатал. Сол себептен, тағамдар түрі тарылған. Бұл мейрамхана түріне «Макдональдс» мейрамхана желілерін жатқыза аламыз.

  • Забегаловка (Street food)

Тағамдардың шоты бірден төленеді. Тағам түрлері шектелген. Бірақ, тез әрі арзан тамақтануға болады. Тағамдары пайдалылығы және дәмділігімен ерекшеленбейді.

  • Асхана

Бұл мейрамхана түрі ең танымал болып табылады. Мәзірдегі тағамдар түрі күнделікті өзгеріп тұрады. Бұл мейрамхана түріне отбасылық мейрамханаларды жатқызуға болады, онда қызмет көрсету мен басқаруды белгілі бір отбасы мүшелері бірігіп атқарады.

  • Кейтеринг

Бұл тапсырыс беруші қалаған аймақта банкет өткізетін мейрамхана түрі. Басқаша атауы – шақыру бойынша қызмет көрсету. Төлем алдын-ала, тағам дайындалмастан бұрын төленеді.Сол себептен, тағамдар килограмдап өлшенеді.

Қазіргі кезде әр түрлі деңгейдегі тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған мейрамхана түрлері көп. Мейрамханаларды тағамдардың бағалары, ГОСТ(бірінші категориялы мейрамхана, екінші категориялы мейрамхана, асхана, кафе) және ас үйдің түріне байланысты жіктеуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]