
- •Патогенділігі бойынша I- және II-топқа жататын микроорганизмдермен жұмыс жүргізетін бактериологиялық зертханалардың бөлмелері мен аудандарының жиынтығы
- •Вирусологиялық зертхана ауданы мен бөлмелерінің жиынтығы
- •Паразитологиялық зертхана ауданы мен бөлмелерінің жиынтығы
- •Құрғақ-ыстықты шкаф құрылымы және жұмыс істеу принципі
- •Автоклавтың құрылымы және жұмыс істеу принципі
- •Термостаттың құрылымы және жұмыс істеу принципі.
- •Центрифуганың құрылымы және жұмыс істеу принципі
- •Электронды таразылардың құрылымы және жұмыс істеу принципі
- •Primo star микроскопта боялған препараттарды караудың стандартты технологиясы
- •9 Беттің 9 беті
Термостаттың құрылымы және жұмыс істеу принципі.
№ |
Жүргізу қадамдары |
1. |
Термостат – микроорганизмдерді көбейтіп өсіруге арналған қондырғы. |
2. |
Термостат – екі қабатты прибор, қабаттар арасында электрмен ысытылатын ауа немесе су болады. Термостат қажетті температураны автоматты түрде сақтайтын термореттеуішпен және температураны бақылау үшін термометрмен жабдықталады. |
3. |
Себінділер бар пробиркаларды термостат сөрелеріне орналастырады (штативтерге немесе арнайы торшаларға салып). Табақшаларды термостатқа түбін жоғары қаратып қояды. Термостатта ауа циркуляцияланып біркелкі жылу таралуы үшін сөрелердің тесіктері болуы керек және заттарды өте тығыз орналастырмайды. Дақылдарды салқындатып алмауы үшін термостатты ұзақ уақыт ашып қалдырмайды. |
Анаэробты термостаттың (анаэростаттың)
құрылымы және жұмыс істеу принципі
№ |
Жүргізу қадамдары |
1. |
Термостаттар – жұмыстық камералар ішінде тұрақты температуралық жағдай жасау үшін (бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізу үшін) қолданылады. Анаэробтарды дақылдандыру үшін анаэробты термостат – анаэростаттар қолданылады. |
2. |
Анаэробтар үшін термостаттың ішінде ауаны 80%-ға дейін ылғалдандыру үшін су құйылған ыдыс (лоток) болады. Термостатқа инертті газ толтырылған баллонды қосып камера ішінде анаэробиоздық жағдай жасайды. Және де газогенераторлық жүйені пайдалануға болады – ол анаэростаттағы оттегіні сіңіріп көмірқышқыл газын бөліп шығаратын химиялық заттар толтырылған пакеттен тұрады. |
3. |
Анаэробиоздық жағдайды бақылау үшін анаэростат ішіне Ps.aeruginosa дақылы себілген Симонс ортасы бар пробирканы қояды. Анаэробты жағдайда қиғаш агар жасыл түсті күйінде қалады, ал оттегі бар жерде Ps.aeruginosa цитрат утилиздейді – орта көк түске боялады. |
Центрифуганың құрылымы және жұмыс істеу принципі
№ |
Жүргізу қадамдары |
1. |
Зертханалық центрифугалардың роторларының 2 типі болады – бұрышты орналасқан және ілмелі стаканшалары бар. Көбінесе центрифугалар бірнеше ауыспалы роторлармен жабдықталады. Бұрыштық роторларда пробиркалар үшін ұяшықтары қозғалмайтын 450 ылдиланып орналасады. |
2. |
Әрбір центрифуга міндетті түрде берік қорғаушы қабатпен (кожухпен) жабдықталады, жұмыс кезінде оның қақпағы берік жабылып тұруы керек. Егер пробирка ұяшыққа қарағанда ұзындау болса ол қақпағын жабуға кедергі жасайды, айналыс күшінің әсерінен пробирка сынып, сынықтары жан жаққа шашырап қоршаған адамдарды жарақаттауы мүмкін. |
Электронды таразылардың құрылымы және жұмыс істеу принципі
№ |
Жүргізу қадамдары |
1. |
Таразылар келесі бөлшектерден тұрады:
|
2. |
Орналастыру және іске қосу:
|
3. |
Таразылардың жұмыс істеу принципі жүккөтергіш платформаға салынған жүктемені өлшеуге негізделген. Вибричастоталық прибормен жиілік (частоталық) сигнал беріледі, ол микропроцессорлық қондырғыда талданады (өңделеді). Таразыда өлшеу нәтижесі электронды таблода цифрмен көрсетіледі. |