Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УПП каз 1 кун.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
227 Кб
Скачать

Паразитологиялық зертхана ауданы мен бөлмелерінің жиынтығы

4-кесте

Қ/с

Бөлмелердің аты.

1

2

1.

Материал қабылдайтын, тіркейтін, нәтижесін беретін бөлме

2.

Гельминтологиялық зерттеулер бөлмесі

3.

Серологиялық зерттеулер бөлмесі

4.

Экспресс-диагностикалық бөлме

5.

Ыдыс жуатын бөлме

6.

Арнайы киім үшін гардероб

7.

Қызметкерлер бөлмесі

8.

Энтологиялық зерттеулер бөлмесі

9.

Қойма

10.

Сыртқы киім үшін гардероб

11.

Әжетхана (унитаз)

Ескерту: егер де паразитологиялық зертхана бактериологиялық зертхананың құрамына кіретін болса анализдерді қабылдау, тіркеу және нәтижесін беру, ыдыс жуу, пациентер күтуші бөлмелер бактериологиялық зертхананың аттас бөлмелерінде бірге атқаруға болады.

Құрғақ-ыстықты шкаф құрылымы және жұмыс істеу принципі

Жүргізу қадамдары

1.

Құрғақ-ыстық ауамен стерильдеуді арнайы шкафта жүргізеді. Ол қыздырғыш элементтерден, стерильдеуші камерадан, стерильденетін нысандарды қоятын торша сөрелер орналасқан корпустан тұрады.

2.

Зертханалық ыдыстарды (Петри табақшалары, градуирленген және Пастер түтікшелері, флакондар, колбалар, пробиркалар) стерильдеуден бұрын мұқият жуу, құрғату және қағазға орау қажет. Өйткені стерильдеуден кейін ашық болса қайтадан бактериялармен ластануы ықтимал.

Петри табақшаларын біреуден немесе бірнешеуден қағазбен орайды немесе арнайы металдық бикстерге жайғастырады.

Түтікшелердің жоғарғы шетін мақта тампонымен тығындайды, градуирленген түтікшелерді ені 4-5 см қағаз жолақтарымен орайды, қағаз сыртына оралған түтікшенің көлемдік мөлшері белгіленеді.

3.

Стерильдеуге дайындалған ыдыстарды тығыздап пешке орналастырады, бірақ стерильденетін материал біркелкі және сенімді қыздырылатын болу керек. Шкафтың есігін жабады, қыздырғыш приборды қосады, мақсатты температураны басқару пульты бар арнайы терморегулятордың көмегімен тұрақты ұстап тұрады: 1800С – 60 мин, 1600С – 150 мин., содан кейін қыздырғыш элементтер автоматты түрде өшеді.

4.

Тиісті тәсілмен оралған, стерильдеуге жататын заттарды сөреге көлденең қояды, желдеткіш және үрлеуіш терезе торлары жабылып қалмауы керек.

5.

Құрғақ-ыстық ауамен стерильдеудің артықшылығы сол, бұл кезде металдан жасалған саймандарды тот баспайды, шынылық беткейлері зақымданбайды, барлық нысандар біркелкі қызады.

Автоклавтың құрылымы және жұмыс істеу принципі

Жүргізу қадамдары

1.

Булы қысыммен стерильдеу автоклавта атқарылады. Стерильдеудің бұл тәсілі стерильденетін материалға үлкен қысымды қаныққан ыстық бумен әсер етуге негізделген. Бір рет осындай стерильдеудің нәтижесінде барлық микроорганизмдер вегетативтік және споралы түрлерінің бәрі өледі.

2.

Автоклав – үлкен көлемді қазан тәріздес құрылым, сырты металмен қапталған, қақпағы герметикалы жабылады, ол бұрандалы болттармен қатты бекітіледі. Сыртқы диаметрі кішілеу қазан қойылған, оны стерильдеуші камера деп атайды. Осы камераға стерильденетін заттарды қояды. Екі қазандықтың ортасында бос кеңістік болады, су жүргізуші камера деп аталады. Арнайы су өлшегіш түтікшеде көрсетілген деңгейге дейін су құйылады. Су қайнаған кезде су жүргізуші камерада бу пайда болады. Бу қалыптан тыс асып кеткенде, артығын шығарып жіберетін қауіпсіздік клапанмен жабдықталған. Стерильдеуші камерадағы қысым мөлшерін көрсететін манометр бар.

3.

Қазіргі кезде жұмыс режимін автоматты түрде реттейтін автоклавтар бар. Кәдімгі манометрден басқа олар электроконтактты манометрмен жабдықталған, ол қысымның белгіленген деңгейінен асып кетуіне кедергі жасайды, нәтижесінде автоклавта тұрақты температура сақталады.

4.

Қысымды бумен автоклавта әртүрлі қоректік орталарды (табиғи ақуыздарды емес); сұйықтықтарды (натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісі, су ж.т.б.); приборларды (әсіресе бөлшектері резинкадан тұратындарды) стерильдейді.

5.

Температура және стерильдеу ұзақтығы қоректік орталарды дайындау рецептінде көрсетілген көрсеткіш және қоректік ортаның құрамына қарай анықталады. Мысалы, қарапайым орталар (ЕПА, ЕПС) 1200C 20 мин. стерильденеді (қысымы 1 атм). Бірақ мұндай температурада қыздырған кезде жылдам өзгеріске ұшырайтын, құрамында ақуыздар, көмірсулар ж.б. бар қоректік орталарды осындай температурада стерильдеуге болмайды. Көмірсулы орталарды бөлшектеп стерильдеу әдісімен 1000C-та немесе автоклавта 1120C (0,5 атм) 10-15 мин. стерильдейді. Әртүрлі резинкалы түтіктері бар приборлар, сұйықтар, тығындар, бактериялық фильтрлар 1200C (1 атм) 20 мин. стерильдейді.

6.

Автоклавта инфицирленген материалдарды да зарарсыздандырады, және де спорасы бар бактериялармен жанасқан аспаптарды да автоклавта стерильдейді.

7.

Автоклавпен арнайы дайындалған қызметкерге ғана рұқсат беріледі, олар аппаратпен бірге берілетін нұсқауларды дұрыс және бұлжытпай орындауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]