Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элек.Маш Пост тока Каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать

4.2 Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштар

Тізбектей қоздырылған қозғалтқышытың схемасы 4.3-суретте көрсетілген. Бұл қозғалтқыштарды іске қосу параллель қозғалтқыштарды іске қосу секілді, тек айырмашылығы бұл қозғалтқыштарды жүктемесіз қосуға болмайды, себебі айналу жиілігінің шмасдан тыс жоғарлап кетуі ықтимал. Сондықтан бұл қозғалтқыштарды кем дегенде номиналь жүктемнің 25 % аз емес жүктемемен іске қосу қажет, тек қуаты 100 Вт дейінгі қозғалтқыштарды бос жүріс режимімен іске қосуға болады, себебі олардың механикалық шығындары үлкен айналу жиілігі кезінде оның номиналь шамасымен пар-пар.

4.3 –Сурет - Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың схемасы

Төменде 4.4-суретте қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары көрсетілген. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштарда I = Iв = Iя. Білікке түсетін жүктеме өзгерсе I тогы да, сәйкесінше Ф магнит ағыны да өзгереді, нәтижесінде магнитті жүйенің аз қанныққан кезіндеғ, яғни магнит ағыны токқа пропорционал болған кезде, айналдыру моменті токтың квадратына пропорционал болады.

Жүктеменің шамасы жоғарлауымен қатар машинаның магнитті жүйесі қанығады да ток пен магнит ағыны арасындағы пропорционалдық қатынас бұзылады.

Қозғалтқыштың жылдамдықтық сипаттамасын сараптау үшін төмендегі теңдеуді зерттейміз:

. (4.3)

Жүктеме шамасы аз кезде магниттік жүйе қанықпағандықтан Ф- магнит ағыны I – токқа пропорционал, сондықтан U = const болған кезде жылдамдықтық сипаттама гипербола тәрізді болды жүктеме жоғарлаған сайын машина қаныға түседі де сипаттама қисаяды. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың жылдамдықтық сипаттамасы жұмсақ болып табылады.

4.4- Сурет - Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары

Т ізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың U = const болған кездегі n = f) механикалық сипаттамалары 4.5-суретте көрсетілген. Ra = 0 болғандағы сипаттама өзіндік деп аталады, якорь тізбегіне Ra,кедергісін қосып әртүрлі жасанды сипаттамаларды алуға болады және ол келергінің мәні неғұрлым үлкен болса сипаттаманың қаттылығы да соғұрлым төмен болады.

4.5- Сурет - Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары

Айналу жылдамдығын реттеу параллель қоздырылатын қозғалтқыштың жылдамдығын реттеу әдістерінедей, бірақ магнит ағынын өзгерту арқылы жылдамдықты реттеу қоздыру не болмаса якорь орамдарының бірін шунттау арқылы ғана іске асады.

Мепханикалық сипаттамаларының жұмсақ болуына байланысты тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштар әртүрлі электр жетектерінде, әсіресе жүктеме моменті үлкен аралықта өзгеретін және іске қосу процессі ауыр жетектерде (жүк көтергіш механиздер, бұрау механизмдері, тарту жетегі жәе т.б.).

4.3 Аралас қоздырылатын қозғалтқыш

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштарда магнит ағыны екі қоздырғыш орамдар арқылы, яғни параллель ОВ1 және тізбектей жалғанған ОВ2. орамдары арқылы пайда болады.

4.6 –Сурет- Аралас қоздырылатын қозғалтқыштың схемасы

Сондықтан оның механикалық сипаттамалары параллель (1-қисық) және тізбектей қозырылатын (2-қисық) қозғалтқыштардың сипаттамаларының арасында жатады. Параллель немесе тізбектей жалғанған орамдардың МҚК арақатынасына қарай аралас қоздырылатын қозғалтқыштың сипаттамаларын параллель қоздырылатын (3-қисық) немесе тізбектей қоздырылатын (4-қисық) қозғалтқыштардың сипаттамаларына ұқсас сипаттама алуға болады.

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштардың негізгі артықшылығы, олардың сипаттамалары жұмсақ бола тұра бос жүріс режимінде жұмыс жасауға қабілеттілігі, яғни айналу жиілігінің бос жүріс мәнінің болуы.

4.7- Сурет - Аралас қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары

Әдебиет 1 нег. [44-57], 2 қос. [753-760], 3 қос. [325-329].

Бақылау сұрақтары

  1. Параллель қоздырылатын қозғалтқыштардың айналу жиілігін қандай әдістермен реттеуге болады?

  2. Тұрақты ток қозғалтқыштарының қандай түрлерін білесіз?

  3. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың қандай ерекшеліктері бар?

  4. Аралас қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамасының қаттылығы неге байланысты?

  5. Реттеу реостаты қалай жалғанады?

.