Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элек.Маш Пост тока Каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать

3.2 Моменттердің теңдеулері

Электрмашиналарының роторына әсер ететін айналдырғыш және тежегіш моменттер бір-біріне теңесуі қажет. Қозғалтқыш дамытатан айналдырғыш момент кез-келген уақытта және қандайда болмасын жағдайларда білікке түсетін барлық моменттердің қосындысына тең болуы қажет.

Роторға мынадай моменттер әсер етеді: 1) бос жүріс моменті Мо;2) пайдалы молмент Мн(жүктеме); 3) айналатын бөліктердің инерциясымен пайда болатын динамикалық момент Мдин.

Аз қуатты машиналарда бос жүріс моменті Мо номиналь моменттің шамамен 20 % құрайды, ал динамикалық момент бұрыштық жылдамдақтың өзгерісі кезінде пайда болады және ол төмендегіше анықталады:

,

мұндағы J — айналатын бөліктердің инерция моменті; — якордың бұрыштық айналу жиілігі. Динамикалық Мдин моменттің таңбасы - таңбасына байланысты.

Моменттер теңдігі:

мұндағы Мо + М2 = Мс; Мс – статикалық момент немесе кедергі моменті.

Онда: .

Қалыптасқан жұмыс режимі кезінде = const; Мдин = 0; М = Мс.

Қозғалтқыш dMc /dn > dM/dn.шарты орындалғанда ғана бір қалыпты жұмыс жасайды.

3.3 Тұрақты ток қозғалтқыштарының сипаттамалары

Электрқозғалтқыштарының, соның ішінде тұрақты ток қозғалтқыштарының да қасиеттері олардың іске қосылу, жұмыстық, механикалық және реттеу сипаттамаларымен анықталады.

Қозғалтқышты жүргізіп жіберу кезінде оның тыныштық күйден бір қалыпты жылдамдықпен жұмыс жасау режиміне көшкенге дейінгі аралығы іске қосылу сипаттамасымен сипатталады, ол токтардың немесе моменттердің - еселік коэффициентімен көрсетіледі, мұндағы Iп – іске қосу тогы, Iном – номиналь ток.

Қозғалтқышты ток көзіне қосқан кезде оның якоры қозғалыссыз күйде болады, сондықтан = 0, егер якорь тізбегінің индуктивтілігін L, = 0, онда іске қосу кезіндегі ток ендеше якорь тізбегінің Ra кедергісінің шамасы аз болғандықтан іске қосыу тоғы номиналь токтың шамасынан 3-15 есе жоғарлап кетуі мүмкін. Іске қосу тоғының шамадан тыс жоғары болуы қозғалтқыш үшін қәуіпті, сондықтан = (3 – 5) болатын, тек қуаты аз қозғалтқыштарды ғана іске қосу ток көзіне тікелей қосу арқылы жүргізіледі. Аз қуатты қозғалтқыштардың якорь тізбегінің кедергісі айтарлықтай жоғары және олардың роторының инерция моменті аз.

Қуаты орташа және үлкен қозғалтқышьарды іске қосу олардың якорь тізбегіне қосымша іске қосу кедергісін енгізу арқылы немесе қозғалтқышқа берілетін кернеуді төмендетіп беру арқылы жүргізіледі. Іске қосу кедергісін енгізу арқылы қосу кезінде оның шамасын іске қосу тоғы номиналь шамадан 2-3 есе ғана жоғары болатындай етіп таңдайды, яғни:

Реостатты іске қосылатын параллель қоздырылған қозғалтқыштың принципальді схемасы 3.4 –суретте көрсетілген.Іске қосу кедергісі Л түйіспесі арқылы ток көзіне қосылған, Я әне В түйіспелері якорь және қоздыру тізбектерін ток көзіне жалғайды.

3.4 –Сурет - Параллель қоздырылған қозғалтқышты реостатты іске қосу схемасы

Іске қосу моментінің үлкен шамасын алу үшін қоздыру тізбегіндегі Rp кедергісі іске қосу кезінде толығымен ажыратылып тасталынады. Төмендетілген кернеу арқылы іске қосу арнаулы схемалар, яғни қозғалтқыш шығыс кернеуі реттелмелі ток көзінен қоректенетін схемамен жвалғанған кезде ғана мүмкін.

Қозғалтқышты реверстеу, яғни якордың айналу бағытын қарама-қарсыға өзгерту үшін якорь немесе қоздыру орамдарының ұштарын орнын ауыстырып қосу жеткілікті.

Қоздыру тогы мен якорь орамдарына берілген кернеудің номиналь шамалары кезіндегі U = U ном = const, Rp = const және Rд = 0 болғандағы айналу жылдамдығының, пайдалы моменттің, пайдалы әсер коэффициентінің және якорь орамдарындағы токтың, яғни - параметрлерінің Р2 – пайдалы қуатқа тәуелділіктері қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамаларын көрсетеді.

Қозғалтқыштың негізгі сипаттамасы U = U ном = const, Rp — const, Rд = const болғанда n =f(М) тәуелділігі механикалық сипаттама болып табылады.

Якорьдың айналу жылдамдығының қозғалтқыш якорына берілетін кернеуге, якорь тізбегінің кедергісіне және негізгі магнит ағынына байланыстылығы реттеу сипаттамаларымен сипатталады, яғни қозғалтқыш якорының айналу жылдамдығын қандай әдістермен реттеуге болатынын көрсетеді.

Әдебиеттер 1нег. [1-5,2-3], 1 қос. [3-12], 3 қос. [4-20].

Бақылау сұрақтары

  1. Тұрақты ток қозғалтқыштарының қандай түрлерін білесіз?

  2. Тұрақты ток қозғалтқышы мен генераторының қандай айырмашылықтары бар?

  3. Тұрақты қозғалтқыштарының қандай артықшылықтарын білесіз және олар не үшін қолданылады?

  4. Тұрақты ток қозғалтқыштарының негізгі сипаттамалары қөандай?

  5. Іске қосу тогын шектеу не үшін қажет және оның қандай әдістері бар?