
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1.1 Автоматиканың электромашиналы құрылғылары туралы жалпы мағұлыматтар
- •1.2 Тұрақты ток машинасының құрылысы мен жұмыс жасау принципі
- •2.1 Якорь реакциясы
- •2.2 Тұрақты ток тахогенераторлары
- •Тұрақты ток қозғалтқыштары. Моментер теңдігі. Тұрақты ток қозғалтқыштарының сипаттамалары.
- •3.1 Тұрақты ток қозғалтқыштары
- •Өрнегін ескерсек қозғалтқыш дамытатын момент:
- •3.2 Моменттердің теңдеулері
- •3.3 Тұрақты ток қозғалтқыштарының сипаттамалары
- •Параллель, тізбектей және аралас қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштары.
- •4.1 Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы
- •4.2 Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштар
- •4.3 Аралас қоздырылатын қозғалтқыш
Тұрақты ток қозғалтқыштары. Моментер теңдігі. Тұрақты ток қозғалтқыштарының сипаттамалары.
3.1 Тұрақты ток қозғалтқыштары
Айналу жиілігін бірқалыпты (плавно) және кең диапазонда реттеуді қажет ететін электржетектерінде тұрақты ток қозғалтқыштары кеңінен қолданылады. Тұрақты ток қозғалтқыштарының қасиеттері де генераторлардікі секілді олардың қоздырылу әдісі мен және қоздыру орамдарының қосылу схемасына байланысты. Қоздырылу әдісіне байланысты электромагнитті жіне магниттіэлектрлі қоздырылатын болып жіктеледі. Электромагнитті қоздырылатын қозғалтқыштар якорь орамдары мен қоздырғыш орамдардың арасындағы электрлік байланысқа байланысты тәуелсіз, параллель, тізбектей және аралас қоздырылатын болып бөлінеді. Магниттіэлектрлі әдіспен қоздырылатын қозғалтқыштардың магнит ағыны тұрақты магниттер арқылы пайда болады.
Жоғарыда атап өтілгендей тұрақты ток машиналары да қайтарымды, яғни генератор ретінде де қозғалтқыш ретінде де жұмыс жасай алады. Құрылысы жағыныан тұрақты ток қозғалтқыштары генераторлардан айырмашылығы болмайды. Егер генераторды бірінші ретті қозғалтқыштан ажыратып қоздыру және якорь орамдарына кернеу беретін болсақ, якорь қозғалысқа келіп машина электр энергиясын механикалыққа түрлендіріп қозғалтқыштық режимде жұмыс жасай бастайды. Якорь орамдарындағы ток пен ЭҚК бағыттары 3.1-суретте көрсетілген.
Электр
энергиясының механикалыққа түрлену
процессін 3.2 – суретте көрсетілген
энергетикалық диаграммадан анық көріге
болады. 3.2 – суретте
–
қозғалтқышқа
берілетін толық қуат;
–
қоздыру
тізбегіндегі энегия шығыны;
–
якорь тізбегіндегі қуат шығыны;
–
бос жүріс қуаты;
–
толық механикалық қуат;
– электромагнитті
қуат;
—
біліктегі пайдалы механикалық қуат.
3.1 –Сурет – Қозғалтқыштың якорь орамдарындағы ток пен ЭҚК бағыттары
Параллель
қоздырылатын қозғалтқыштың энергетикалық
диаграммасын қарастырамыз (3.3 - сурет),
диаграммадан
екенін
көруге болады
3.2 – Сурет - Тұрақты ток қозғалтқышының энергетикалық диаграммасы
3.3 – суреттен көрініп тұрғандай және өрнегін ескеріп қоғалтқыштың ЭҚК тепе-теңдік теңдеуін жазуға болады:
.
(3.1)
Якорь орамдарындағы тоқ:
(3.2)
3.3 – Сурет- Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының электрлік схемасы
Электромагнитті қуат:
(3.3)
мұндағы:
– якордың бұрыштық айналу жиілігі,
– якордың айналу жиілігі, айн/мин,
– қозғалтқыштың электромагнитті қуаты.
Өрнегін ескерсек қозғалтқыш дамытатын момент:
(3.4)
мұндағы
– машинаның
құрылымдық берілгендеріне байланысты
тұрақты коэффициент.