
- •Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
- •2.Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
- •3.Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
- •4.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
- •5.Қазіргі идеологияның негізгі түрлері.
- •6.Саяси билік пен мемлекеттік билік.
- •7.Саяси жүйе туралы ұғым.
- •8.Саяси сана және саяси идеология.
- •9.Демократия туралы ұғым және оның белгілері.
- •10.Қазіргі сайлау жүйесі.
- •12.Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •13.Тұлға – саясаттың субъектісі мен объектісі.
- •14.Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •15.Этносаяси жанжалдар.
- •17.Жеке адамның құқығы мен бостандықтары.
- •16.Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар.
12.Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқығы мен бостандықтары қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Жалпы алғанда құқықтық мемлекет деп құқық, заң заң үстемдік ететін мемлекетті айтуға болады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері:
заңның жоғарлылығы, қоғамдық ӛмірдің барлық саласында заңның үстемдігі;
заңдардың құқықтық сипаты, яғни олардың халықаралық құқықтық стандартқа (нормаларға) сәйкес келуі;
азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шын мәнінде жүзеге асырылуы және адамның еркін дамуы;
мемлекет және жеке адамның ӛзара жауаптылығы;
биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бӛлінуі, бұл қайсы бір органның билікке монополиясына жол бермейді;
заңның орындалуын қадағалайтын бақылау мен қадағалаудың нәтиежелі формаларының болуы.
Азаматтық қоғам деп қатынастардың ерекше саласын ең
алдымен, мүліктік, рыноктық, семьялық, ӛнегелілік қатынастар саласы түсініле бастады, олар мемлекетке тәуелсіз болуы тиіс. Азаматтық қоғамға ресми, мемлекеттік институттардан басқа олардың бақылауына ұшырамайтын азаматардың ӛмір сүруі әдісі жатқызылады.
Мәселе мемлекеттік биліктің «азаматтық істерге», адамдардың жеке ӛміріне араласпауы туралы болып отыр. Мемлекет «түнгі сақшы» қызметін ғана атқаруы тиіс. Азаматтық қоғам деп ресми билікпен теңестірілмеген рыноктық қатынастар, іс-әрекеттердің басқа да формалары түсініледі.
Азаматтық қоғамның жалпы идеялары, принциптері:
экономикалық еркіндік, меншіктің түрлі формалары, рыноктық қатынастар;
адам және азаматтардың табиғи құқықтарын сӛзсіз мойындау және қорғау;
биліктің легитимдігі және демократиялық сипаты;
азаматтардың барлығының заң алдында және құқығы жағынан теңдігі;
биліктің бӛлінуіне негізделген құқықтық мемлекеттің болуы;
саяси және идеологиялық плюрализм, жария оппозицияның болуы;
сӛз, баспасӛз бостандығы, БАҚ-ның тәуелсіздігі;
мемлекеттің жеке адамдардың ӛміріне араласпауы;
таптық келісім, әріптестік, ұлттық келісім;
нәтижелі әлеуметтік саясат, ол адамдарға дұрыс ӛмір сүруге жағдай жасайды.
13.Тұлға – саясаттың субъектісі мен объектісі.
Саясаттың объектілері – саясат бағытталған жеке индивидтер мекемелер.
Барлық объектілерді 2 деңгейге бөлу
а) әлеуметтік. Бұған индивидтер, класстар, әлеуметтік қабаттар кіреді
б) институтциялық. Түрлі саяси институттар, мемлекет, партиялар, саяси қозғалыстар
Саясаттың субъектілері – саясатты іске асыратын және оны жасайтын жеке адамдар, мекемелер.
14.Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
Саяси партия – белгілі бір әлеуметік топтардың мүддесін кӛздейтін ӛз мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресетін және оны қолдауға ұмтылатын адамдардың ұйымдасқан тобы. ХІХ ғасырдан бастап партиялардың қалыптасуының негізгі әдістері кӛрінді:
партиялар электораттық құрылымдардан: сайлаушыларды тіркеу ассоциацияларынан (Ұлыбританиядағы Либералдық және Консервативтік партиялар), нақты үміткерлерді қолдау комитеттерінен (АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар), сайлаушы блоктардан («Яблоко», СПС (оңшыл күштер Одағы), «Единство»); парламенттік фракциялардан (мысалы, Ресейдегі Мемлекеттік Думаның «Халық депутаты» фракциясы Ресей Федерациясының Халықтық партиясы болып құрылды); қоғамдық ұйымдар бастамаларымен: кәсіподақтар, экологиялық, жастар ұйымдары т.б. Мысалы, британ лейбористік партиясы 1899 жылы тред-юниондардың (кәсіподақтардың) Конгресі бастамасымен құрылды. Кәсіпкерлер одақтары, аграрлық бірлестіктер, діни, этникалық қауымдар да ӛз партияларын құруға мүдделі.
Сонымен бірге әдебиеттерде партиялардың құрылуының басқа да әдістері көрсетіледі:
«жоғарыдан» құру. Партия мүшелері мемлекеттік аппарат шенеуніктерінен, саяси элита мүшелерінен, парламенттік топтардан, жіктелген партия мүшелерінен құрылады;
«төменнен» құру. Мұнда белгілі бір доктрина немесе жетекшіге бағытталған бұқара маңызды роль атқарады;
аралас түрі, алғашқы екі әдістің қосылуынан құрылады. Элитарлық адамдар мен қатардағы азаматтардың күш біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы, мысалы, бір үміткерді және саяси жетекшіні қолдау жӛніндегі парламенттік топтардың адамдармен бірігуі.
Партияның саяси ӛміріндегі маңызы оның қызметтерінен кӛрінеді:
үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және шоғырландыру;
саяси әлеуметтену және қоғамдық пікірді қалыптастыру;
саяси идеология мен қоғамдық пікірді қалыптастыру;
саяси элита қатарын толықтыру және жетекшіні ұсыну. Кӛптеген елдерде
үкімет және үкіметтік органдар туралы саяси партиялар мүшелерінен
қалыптасады, президенттер, премьер-министрлер билеуші партияны басқарады;
сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу;
билікке келу арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және биліктің
қызметін бақылау;
партияның қатарын мүшелермен толықтыру