
- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
Қабылдаудың әр түрлерi таза күйде сирек кездеседi. Олар көбiнесе комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мәтiндi қабылдау әрекетiнде көру, есту және кинестезиялық қабылдаулар қатысады.Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.Қабылданатын объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты қабылдаудың келесi түрлерiн бөлiп көрсетедi: заттарды қабылдау, сөйлеудi немесе музыканы қабылдау, адамның адамды қабылдауы. Соңғысы әлеуметтiк перцепция деп аталады. Бұл процесс әлеуметтiк кәсiптерде маңызды қасиет болып табылады.Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын қабылдау. Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады. Адам затттарды қабылдауы, өзiнiң және олардың кеңiстiктегi орналасу ерекшелiгiн талдау негiзiнде жүзеге асады. Бұл - адамның кеңiстiктiк анализ деп аталатын күрделi аналитикалық-синтездiк iс-әрекетiнiң жемiсi. Кеңiстiктiк бағдарлауда қозғалыстық анализатор ерекше рөл атқарады. Кеңiстiктiк бағдарлаудың арнайы механизмдерiне анализаторлардың iс-әрекетiндегi ми сыңарлары арасындағы жүйкелiк байланыстарды жатқызуға болады. Олар: бинокулярлық көру, бинауралдық есту, бимануалдық сипап сезу, дириникалық иiс сезу және т.б. Заттардың кеңiстiктiк қасиеттерiн бейнелеуде барлық жұп анализаторларға тән болатын функционалдық асимметрия маңызды рөл атқарады. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сәйкес келедi.Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау. Заттардың аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады.Монокулярлық көру (бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Бинокулярлық көруде заттың кескiнiдиспаранттық нүктелерге, яғни оң және сол көздiң тор қабықтарының толық сәйкес емес нүктелерге келiп түседi.
Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру. И.П.Павлов пен оның iзбасарлары тәжiрибе жүзiнде дәлелдеген адамдарда үнемi жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң физиологиялық негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дәл, тiкелей қабылдауға көнетiн тек қысқа мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам iс-әрекетiнiң мазмұнына тәуелдi. Қызықты, маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей қабылдайды.Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-әрекет пен тәжiрибесi негiзiнде арыла алады. Қозғалысты қабылдау – бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалыстықабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесi көздiң рефлекторлық бұрылысын тудырады, нәтижесiнде объект бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын тудырады.Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негiзгi рөл атқарады. Объект қозғалысының параметрлерi болып табылатындар: жылдамдық, үдеу және бағыт. Адам объекттердiң кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы және белгiлi бiр уақытта басқа орында болған объектiнiң қозғалысы жөнiнде ой қорытындысы негiзiнде.