Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_PS.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675 Кб
Скачать

31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек. Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiсте туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды. Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады. Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi. Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi .

32. Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?

Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi.

Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.

Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]