Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_PS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675.33 Кб
Скачать

74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.

Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.

Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға болады.Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

Қабілеттердің құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, репродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де творчествоның элементі болады, ал творчестволық әрекетке репродуктивтік енеді, мұнысыз творчество болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру процесінде, іс-әрекет процесінде деңгейлердің бірінішісінен екіншісіне «ауысып» отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске түседі. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана творчествоға ауысқаны белгілі.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған, соны жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.

Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.

Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens деп атайды, бұл «ақыл-ой қабілетті» деген сөздің мағынасын береді.

Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т. б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым, өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]