
- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
Түйсік]– адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.
Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
64. Ес. Естің негізгі түрлері.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Естiң түрлерiн жiктеуiнде белсендiлiкке, мақсаттың бар немесе жоқ болуына, негiзгi психикалық әрекеттiң сипатына, есте сақтау мерзiмiне орай келесi түрлерi болады.
1. Ерiктi және ерiксiз ес түрлерi. Сонда, белгiлi мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтауды мен жаңғыртуды, ерiксiз ес деп атайды. Ерiксiз ес көбiнесе балаларда балалық шағында кездеседi бiрақ өсе жоғалып кетпейдi. Мысалы, жаңадан әсер еткен, қызықтырған бейнелер, адам арнайы мақсат қоймасада, ерiксiз есте қалып отырады.
Мақсат қойып, арнайы әрекеттердi қолданып жатып есте сақтағанды ерiктi ес деп атайды. Адамға қажеттi деп тапқан нәрселердi еске сақтау үшiн арнайы амалдарды қолданады, ерiктi есте қалдырғанды жиi қажет етедi. Осы арнайы амалдарды мнемиқалық әрекеттер дейдi. Осыған орай, есте сақтаудың сапалылығы, нәтежиелiгi келесi факторлардан тәуелдi болады. Мысалы, алдына мақсатты қалай қоюлығынан. Егер адам әр кезде керек болатын мәлiметтi жақсылап есте сақтағысы келсе, онда бұл мәлiмет жақсы сақталады. Керiсiнше, мәлiметтi онша керектi емес деп санаса, ол жаман сақталады.
Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыда, келесi ес түрлерi болады: Механикалық ес. Мұндай есте қалдыру ешбiр өзгерiссiз, дәлме-дәл қайталауды коздейдi. Мысалы, түрлi ережелердi жаттау барысында механикалық сақтауды қолданады. Логиқалық ес. Бұл есте сақтау амалында логикалық түсiну, жүйелеу, негiзгi логикалық компоненттердi бөлiп шығару, солардың араларында мәндiк байланыстарды табу жасалынады. Бiздегi ой, ұғым, пiкiр ой қорытындылары сияқты түрлi формалар арқылы iз қалдыруын сөздiк-мағыналық ес деп атайды.Бейнелi-көрнекiлiк ес. Мәлiметтердi бейнелерге, схемаларға, графиктерге, сүреттерге айландыру. Ал соқыр, саңырау адамдарды алатын болсақ, бұларда жоқ сезiмдердiң есесiне сипау, иiс, дәм естерi өте жақсы дамиды, басқа естердiң кемiстiктерiн толықтырады.Қимыл-қозғалыс есi дегенiмiз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттерiне байланысты әр түрлi қимыл-қозғалыстар мен әрекеттердi есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық-сезiмдiк ес дегенiмiз бастан кешiрген түрлi сезiмдер мен эмоциялық күйлерiн есте қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы.
Есте сақтау, мерзiмiне қатысты: қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi (түпкiлiктi ес) және оперативтi ес деп бөледi. Әсер еткен әр түрлi тiтiркендiргiштердiң немесе мәлiметтердiң бейнесi адамда алдыменен тұрақсыз, құбылмалы болып тұрады (көз алдында тұрғандай, құлағында әлi естiлiп тұрғандай, оқиға бiтседе ойымызда жалғасып жататындай). Еске қалдыру үшiн ең алдыменен бұл мағлуматтар жинақталынып алынуы керек. Оған бiр шама уақыт кетедi. Бұл уахытты iздердiң консолидациясы дейдi. Есте сақтаудың ерекше бұл түрiн қысқа мерзiмдi ес дейдi. Көбiнесе бiр әрекетте ғана керектi болатын мағлүматты қысқа мерзiмде сақталуды оперативтi ес деп айтады.Ал қабылданған бейнелердi, құбылыстарды, тиiстi мағлуматтарды ерiксiз немесе арнайы амалдар арқылы ұзақ уақыт бойы есте сақтауды ұзақ мерзiмдi немесе түпкiлiктi ес дейдi. Бұл ес түрiнде адамның ең маңызды деп бағаланған (өзiнiң өмiрiне, кәсiбiне қатысты) нәрселер сақталынады. Бiрақ, ұзақ мерзiмдi есте саналы түрiнде жаңғыртылатын, маңыздылығын жоғалтқан, қосымша және керектi мәлiметтердiң де бiр процентi ұмытылып отырады.