- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға иеленеді-тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әртүрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеу мектептерінің өкілдері “субъект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ, бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.
Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.
Қабілеттер дегеніміз бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар- адамдардың наным-сенімдері.
62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
Түйсік-болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық,химиялық және т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған адам сезімталдығын тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық үдеріс.
Түйсіктің негізгі қасиеттері:модальдығы,мекендігі,созылыңқылығы.
Тітіркенушілігі (модальность)-өте қарапайым психикалық сигналдар ретінде (жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің ерекшелігін танытатын сапалық сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие. Көру түйсігі үшін бұл-түр-түс,жарық,сәуле толыққандылығы;есту түйсігі үшін-үн деңейі,ырғақ,дауыс күші;сипай сезу үшін-қаттылық,кедір-бұдырлығы.
Мекендігі (локальность)-түйсіктік кеңістікке байланысты сипаты.
Созылыңқылығы-түйсіктің уакқыт,мерзімге орайласқан сипаты.
Жеделдігі (интесивность)-түйсіктің сандық сипаты.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады. Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт. Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.
Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
