Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_PS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675.33 Кб
Скачать

50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?

“Қарым – қатынастың тиімділігін көтеру үшін қолданылатын әдіс – тәсілдердің бірі «Алтын сөздер» әдісі. Адамға комплимент айту арқылы иландыру эффектісін тудыру.Осы әрекетпен адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, өзін жетілдіруге итермелейсіз және жағымды эмоциясын тудырасыз. Жақсы сөздер, жылы лебіз, ашық көңіл адамдардың арасындағы қарым қатынасты жақсартады, бір бірінің сенімін артырады.

51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?

Жалпы адамның өмірі түрлі қиындықтардан, сынақтардан тұрады. Бірақ оған мойымай сол қиындықтарға қарсы күресе білу керек. Менің ойымша осы қиындықтарды жеңудегі басты сапаның бірі ерік жігер, төзімділік, ұстамдылық, табандылық деп ойлаймын.Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. Ұстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. Табандылық қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., қиындықтан шыға білуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.

52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз

Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Жалпы психологияда адам біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Біріншіден психология - мінез құлық туралы ғылым. Бұл пәннің негіді адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар болып табылады.. Ол студенттердің ақыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара қарым – қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, студенттер арасындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]