
- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.
Гипертимдi тип- қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды жақсы көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады, оқуы бiр қалыпты емес, бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады. Үлкен адамдармен конфликтiлерге жиi түседi. Көптеген нәрселерге қызығады, бiрақ ол тез өтедi. Өздерiнiң қабiлеттерiне тым сенгiш, тiптi шектен тыс өзiне сенедi. Елдердiң алдында өзiн-өзi көрсеткендi ұнатады, мақтаншақ болып келедi.
Циклоидты тип- апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.
Лабильдi тип- көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi қарапайым нәрселер (бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мiнез құлқы уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе көңiлде, бiресе түңiлiп те қалады. Кейде сәтсiздiктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңiл-күйi төмен болады, көп әуреленедi, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн,оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзiне деген қарым-қатынасты ерекше сезiнедi.
Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.
Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына жақын келедi. Ондай адамдарда''кемiстiк комплексi''болады. Ортаға бейiмделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершiлiк қасиетi қалыптасып, өзiне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көредi.
Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi және басқаларды бағалауға бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.
Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.
Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту арқылы өзiне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзiн басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бәрiн жасап, көтерiлуге тырысады.
Истероидты тип- үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды ұнатады.
Тұрақсыз тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бәрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы ойламайды, кәсiби қызығушылығы жоқ.
Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.