
- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
Сангвиник сезiм темпераментi- олардың сезiмдерi сырттай күштi көрiнгенiмен,терең және тұрақты емес. Меланхолик сезiм темпераментi- сырттай күйзелiстерi онша күштi емес, бiрақ iштей терең, әрi ұзақ болып келедi. Сангвиник iс-әрекет темпераментi – оптимист, сенiмi мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып тез қайтады, көп уәде бередi, бiрақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа таныс емес адамдармен тез тiл табыса алады, жақсы пiкiр-таласқа түседi, ол үшiн барлық адамдар дос болып келедi. Оның негiзгi ерекшелiгi көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңiлдiлiгi. Оны ақыл-ой және дене жұмыстары тез шаршатады.Меланхолик iс-әрекет темперамент – себебi ол сангвиникке қарама-қарсы, көңiл-күйi төмен адам. Мұндай адамдардың iшкi өмiрi күрделi, олар өзiне қатысты барлық нәрселерге үлкен мән бередi, сезiмтал жанды, әрi уайымшыл болып келедi. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады, орындай алмаса уәде бермейдi. Берген уәдесiн орындай алмағанда көп қиналады. Холерик iс-әрекет темпераментi- себебi ашуланшақ адам. Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз. Егер де онымен бәтуаға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бiрақ ұзақ емес.Флегматик iс-әрекет темпераментi-себебi суық адам. Ол күрделi белсендi жұмыстан гөрi, қол бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.Темперамент типтері:Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары – оң болып келеді – тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады.Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.