- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады. Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi. Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Ұстамдылық. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң табысы болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi, нәтижеде балада iс-әрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды. Отбасындағы терiс тәрбиеге байланысты бала да қыңырлық пен кiрпияздық, шолжаңдаған еркелiк қалыптасады. Бала тiлегiн қайтармай, құр мәпелей беру, iс-әрекетiн ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына әкеп соғады. Баланы отбасында тәрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Осы талаптардың бәрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына әсер етедi. Баланың еркi дамуында дене тәрбиесiнiң де маңызы зор. Спортқа әуестендiру, дене шынықтыру жұмыстары ретiне қарай жүрiп отыруы тиiс. Сонымен бiрге, өзiн-өзi тәрбиелеу қажеттiлiгiн ұғындыру, ұлы адамдардың өнегелерi мен iстерiне елiктеу ерiктi шыңдауға көмектеседi. Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен.
36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
бе, келіссеңіз мысал келтіріңіз?
Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет. Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігіненбайқалады. Темперамперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен,әсіресе,жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.Сондықтан да темперамент өмір барысында өзгермейді.Ол әр адамның жеке өзіне туа біткен қасиет.Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың әсемдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады,өйткені темперамент-адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі.Әйтсе де,темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды.Мысалы, өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі,қызығуы мен қажеті,мұраты мен талғамы,оның темпераментіне тәуелді емес.
