- •1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
- •2. Психологияның даму тарихы
- •3. Психология ғылымының негізгі салалары.
- •4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
- •5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы .
- •9.Түйсіктердін негізгі заңдылықтары.
- •11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
- •14. Ес. Естің негізгі процестері.
- •15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
- •16. Естің психологиялық теориялары
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
- •18. Естің теориялары
- •19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
- •20. Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
- •23. Сөйлеу және оның қызметтері
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28. Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?
- •33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
- •35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп есептейсіз?
- •36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз
- •37. Гиппократтың темперамент туралы теориясына қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау жасағанда, нені қолдауға болады?
- •40.Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •41.Темпераментті қандай психологиялық әдістермен не тесттермен анықтауға болады?
- •42. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •43. Жақсы мінездің негізін қандай ерекшеліктер құрастырады деп көрсетесіз?
- •44. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •45. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •46. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
- •50. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігі бар ма?
- •51. Сізде өмір қиындықтарын жеңуде қандай сапаңыз көмектеседі деп есептейсіз?
- •52. «Мен психология жайлы қызықты және маңызды нені білдім?» тақырыбында эссе жазыңыз
- •53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз.
- •56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
- •57. Логикалық ойлауды дамытуға арналған қандай техникаларды білесіз?
- •59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
- •60. Адам қабілеттерін дамытуға арналған қандай психологиялық практикалық әдістер білесіз?
- •61. Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз
- •62. Түйсіктердің негізгі қасиеттері (модалдылық, қасиеттілік, қарқындылық, кеңістік-уақыттық құрылым)
- •63. Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны
- •64. Ес. Естің негізгі түрлері.
- •65. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыдың түрлері
- •66. Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері
- •67. Эмоцияның күші мен ұзақтығына байланысты түрлері
- •68. Темперамент туралы түсінік.
- •69. Темперамент типтері (и.Павлов бойынша)
- •70. Темпераменттің қасиеттері
- •71. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •72. Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
- •73. А.Е. Личко бойынша гипертимді, циклоидты, лабильді, шизоидті, эпилептоидті типтердің анықтамасы
- •74. Қабілет. Қабілеттің түрлері.
- •75. Қабілет туралы теориялар.
- •76. Дарынды балаларды зерттеудің әдістері
- •77. Талант, дарындылық, нышан ұғымдары
- •78. Қабілетті дамытудың кезеңдері
33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеуші.Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады.Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн. Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда - сезiмнiң әрекет жағы. Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды болады. Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм әрекет, қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады. Сондай-ақ көңiл-күй мiнез-құлықты ұстамды ету құралы да бола алады. Мәселен, ұят сезiмi жағымсыз қылық жасауға тыйым салғандай болады, одан сақтайды. Кей кезде сезiмге берiлмей әрекет жасау қажеттiгi туады. Мысалы, түнде далаға шығу қорқынышты-ақ, әйтседе адам қорқыныш сезiмiн басып, керектi нәрсенi алып келедi. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi. Сонымен, бiз психологиялық әдебиеттердi оқи отыра, ерiк өзiнiң ерекше белгiлерi бар әрi оңай анықтап байқауға болатын және ғылыми тiлмен сипаттауға болатын, толық шынайы психикалық құбылыс екенiн көруiмiзге болады.
34.Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу екiншi орынға ығыстырылып қалды. Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Ерiк мәселесiне қатынастың бiрде олай, бiрде бұлай болып өзгерiп тұруының сыры неде? В.А. Иванниковтың көзқарасы бойынша, ерiк психологиясы саласындағы зерттеулерге деген қызығудың төмендеуiне үш себеп бар көрiнедi: 1) әдiснамалық қиындықтар; 2) ерiктi теориялық түсiнудегi қиындықтар; 3) зерттеудiң әдiстемелiк қиындықтары. Ерiк ұғымына антикалық ғылымда неғұрлым айқын әрi дәл мағына берген Аристотель. Оның айтуынша, ерiк ұғымы адамның тiлек, қалауына негiзделмеген, керiсiнше адамның қаламаған, бiрақ қажеттi және ақыл-парасатқа, саналы түрде қабылдаған шешiмдерiне сүйенiп iстелiнетiн әрекеттерiн түсiндiруге арналады. Аристотель тұңғыш рет психологиялық ұғымдар жүйесiне енген әрi өзiн түсiндiру үшiн ерiк ұғымын қажет ететiн ақиқат болмысты сипаттаған. Ондай болмыстар қатарына жататындар: әрекеттi таңдау, оны тудыратын күш және өзiн меңгеру. Сонымен, ерiк ұғымы психологияға әуел бастан-ақ түсiндiрушi ұғым ретiнде, теориялық конструкт ретiнде енгiзiлген екен. Қазiргi уақытта мотивациялық тұрғы аясында ерiк табиғаты жайлы үш дербес нұсқаны бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi нұсқада ерiк әрекет мотивациясының бастапқы сәтiне келiп саяды (тiлек, талпыныс, аффект). Екiншi нұсқада ерiк дербес психикалық не психикалық емес табиғаты бар және өзге ештеңеге саймайтын әрi басқа психикалық процестердi анықтайтын жеке дербес күш ретiнде бөлiнiп көрсетiледi. Ал үшiншi нұсқада ерiк мотивациямен тығыз байланысты, бiрақ онымен тура дәл келмейтiн, кедергiлердi жеңуден тұратын әрекетке қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде қарастырылады. Ерiктiң мотивациялық бағытына В.Вундттың эмоциялық ерiк теориясын жатқызуға болады. В.Вундт бойынша, қарапайым ерiк процесi қатарына эмоциялық процестiң бiрi елiгудi жатқызуға болады.Сонымен, қазiргi психологияда ерiк проблемасы екi нұсқада көрiнедi: өзiн-өзi детерминдеу проблемасы ретiнде және өзiн-өзi реттеу проблемасы ретiнде. Жалпы ерiк тақырыбы психологиялық тұрғыда күрделi боп саналады. Өйткенi, ерiк мәселесi қалыптасқан дәстүр бойынша философиялық тұрғыда ерiк бостандығы, еркiндiк проблемасы ретiнде қарастырылды. Сондай-ақ, физиологиялық тұрғыда ырықты қозғалыстар мәселесi боп зерттелiндi. Ерiктiң психологиялық проблемасын оның философиялық, физиологиялық проблемаларынан ажыратып бөлек қарастыру керек.Психология тарихына қарап отырсақ, XVIII−XIXғ.-да ерiктiң эмпирикалық теориясы басым болды. Мұнда, ерiк жеке адамның басында өтiп жатқан iшкi психологиялық процесс ретiнде қарастырылды. Адамды қоршаған дүниемен шынайы қатынасында емес, әлдеқандай бiр iшкi тұрғыдан алып қарады. Сыртқы мiнез-құлық “iштей” баста шешiлген жайдың салдары боп табылады. Бүкiл процесс негiзiнен сананың iшiнде жүзеге асады. Ерiктi зерттеудiң негiзгi әдiсi өзiн-өзi бақылау әдiсi болып табылды.
