Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_PS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675.33 Кб
Скачать

24. Зейін, оның қызметтері және түрлері

Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.Мысалы,оқушы математикалық есептер шығарып отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді.Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады.Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географияны оқуға көшеді.Сабағын оқып болғаннан кейін басқа да түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып,басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Зейінді ырықты,ырықсыз,үйреншікті болып үшке бөледі.Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады.Мәселен,көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе,оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды.Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады.Қызығу-ырықсыз зейіннің бұлағы.Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады.Мәселен,қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті.Ал қызықсыз кітапты оқу-ырықты зейінді керек етеді.Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді.Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып,объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді,ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен,арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Мәселен,бала оқуға төселсе,бұл оның тұрақты әдетіне айналса,оның зейіні де үйреншікті бола бастайды.Қандай нәрсеге болса да үйреніп,жаттығып алған соң ,адамның іс-әрекеті дағдыға айналады.Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас.

Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып,сыртқы әсерлерді бөлшектейді,нақты сәттегі мәнді ыөпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқында анық деңгейге көтеріліп, өажетті бағыт бағдар алады.

25. Зейіннің психологиялық теориялары

Зейіннің психологиялық теориялары. Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі болуы қиын. Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады. 3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]