
- •1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
- •3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
- •4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
- •5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері
- •6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
- •7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері
- •8. Бухгалтердің кәсіби этикасы
- •9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану
- •10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
- •11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
- •12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.
- •13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.
- •14.Есептік цикл және қаржы есептілікті дайындау
- •15.Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік.
- •16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.
- •17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
- •18. Бағалау мен калькуляциялау
- •19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
- •20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
Қаржы есептілігі мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігінің мақсаты экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қалың тобы үшін пайдалы мекеменің қаржы жағдайы, қызмет нәтижелері мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептілігі, сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді. Бухгалтерлік есептің маңызды элементі бухгалгерлік баланс. Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді. Баланс -бұл субъектінің мүлкін аткарған кызметі мен пайда болу көздеріне карай белгілі-бір мерзімде акшалай өлшем бірлігінде жалпылама топтастыру мен ағымдағы есебін жүргізу әдісі. Бұл екі боліктен тұратын кесте: бір жағы актив, екінші жағы пассив ден аталады.Бухгалтерлік баланс аркылы шаруашылык қорларын бір жағынан (активте) түрлері мен орналасуына карай, екінші жағынан (пассивте) калыптасу мен максатты бағыттарына карай топтастырады.Баланстын екі жағы өзара тең болады оны екіжактылык кағидасы деп атайды. Баланстағы активі мен пассиві жекелеген баптардан тұрады.Баланстың баптары мүліктердің жеке объектілерінің немесе олардың корлану көздерінің жеке атын білдіреді. Активте орналаскан баптар активті, пассив жағында орналаскан баптар пассивті деп аталады. Баланстың жиынтык сомасы баланс валютасы деп аталады.
Баланс- баланс Брутто және Нетто болып бөлінеді. Қазіргі кезде х/а бухг. стандарттар талабына сәйкес баланс Нетто нысаны құрылады. Неттоның Бруттодан айырмашылығы, Неттода реттеуші контур пассивті шоттар алынып тасталынып, мүліктердің таза құны көрсетіледі.
Реттеуші, контур пассивті шоттарға (2421-2429, 2741-2749 шоттар) жатады. Бұл шоттардың реттеуші шоттар деп аталу себебі- нқ мен меа-ң бастапқы құндарынан олардың тозу құндары алынып тасталып, баланста қалдық құндары бойынша көрсетіледі.Ал контур пассивті шоттар деп аталу себебі- бұл шоттар өздігінен пассивті шоттарға жатады, бірақ баланстың актив жағында көрсетіледі.
Баланс Бруттода мүліктер бастапқы құндары бойынша көрсетіліп, ол тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады.
Баланс актив және пассив жақтардан тұрады. Актив жақтары 2 бөлінеді:1.қысқа мерзімді активтер:а)ТМҚ,шикізаттар мен материалдар,дайын өнімдер,тауарлар, аяқталмаған өндіріс ә)ақша қаражаттары,ұлттық валюта есебіндегі касса,шетел валюта есебіндегі касса, есеп айырысу шоты б)дебиторлық қарыздар,келіп түсуге тиісті шоттар, берілген аванстар, жұмысшылар мен басқа тұлғалардың қарыздары в) болашақ мерзім шығындары г) қаржылық инвестициялар 2.ұзақ мерзімді активтер: а)м.е.а:лицензия, бағдарламалармен қамтамасыз ету,ноу-хау, патенттер, гудвилл, тауар белгілері,маркалар, ұйымдастыруылық шығындар ә) негізгі құралдар,жер, ғимараттар,машина, жабдықтар,көлік құралдары б) аяқталмаған күрделі құрылыс в)инвестициялар г) дебиторлық қарыздар д) мерзімі 1 жылдан астам болашақ мерзім шығындары.
Пассивтер 3-ке бөлінеді:
1.қысқа мерзімді міндеттемелер: мерзімі 1жылға дейінгі банк несиелері, жеке немесе заңды тұлғалардан алынған несиелер,овердрафт,кредиторлық қарыздар,төленуге тиісті шоттар,еңбекақы бойынша есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, басқа да кредиторлық қарыздар, болашақ мерзім табысы. 2.ұзақ мерзімді міндеттемелер: мерзімі 1 жылдан астам банк несиелері, мерзімі 1жылдан астам жеке және заңды тұлғалардан алнған несие, мерзімі бір жылдан астам кредиторлық қарыздар және мерзімі 1 жылдан астам болашақ мерзім кірістері 3.меншік капиталы: жарғылық капитал, резервтік капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген пайда, дивидендтер, төленгеннен соң ұйым меншігіндегі қалған сома.
Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері:
К/о-да жүзеге асқан әрбір шаруашылық операциясы не мүліктің мөлшерін, не оның қалыптасу көздерінің шамасын немесе бір мезгілде мүліктің де, оның қалыптасу көздерінің де мөлшерін өзгертеді. Бұл орайда өзгеріс өсу жағына, сондай-ақ кему жағына қарай болуы мүмкін, баланс валютасы да өзгереді.
К/о-да жүзеге асатын шар.опер/ы бухг.баланстың актив және пассив жақтарына тигізетін әсерлеріне байланысты 4 типтік өзгеріске ұшырайды:
1)Мүліктер құрамын өзгертеді, яғни активаралық өзгеріс болады.Бұл жағдайда БВ өзгеріссіз қалады.(А+,А-) Дт 1010 Кт 1030
2)К/о мүліктерінің қорлану көздерін өзгертеді,пассиваралық өзгеріс болады.БВ өзгеріссіз қалады. (П-,П+) Дт 3310 Кт 3010
3)Бір мерзімде мүліктерді де және олардың қорлану көздерін де өзгертеді, бұл жағдайда өзгеріс арту жағына қарай болады.БВ бірдей сомаға өседі.
(А+,П+) Дт 2411-2419 Кт 6220
4) Бір мерзімде мүліктерді де және олардың қорлану көздерін де өзгертеді, бұл жағдайда өзгеріс кему жағына қарай болады.БВ бірдей сомаға кемиді.
(П-,А-) Дт 3350 Кт 1010