Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

8. Бухгалтердің кәсіби этикасы

Кәсіби бухгалтер – кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға.

Кәсіби бухгалтер сертификаты – сертификаттау жөніндегі ұйым берген, бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат.

Кәсіби бухгалтер келесідей принциптерді сақтауы керек:

Адалдық;

Объективтілік;

Кәсіби компетенттілік;

Кәсіби мінез-құлық.

      Этикабұл өнегелілік, ар-намыс туралы ілім. Адамгершілік түсінігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша айтқанда, этика дұрыс ж/е дұрыс емес мінез-құлықты анықтайтын принциптермен байланысты.

1996 ж. шілде айында бухгалтердің этикалық Кодексі қабылданды. Онда этикалық талаптардың 3 құрылымдық бөлімі ерекшеленеді:

1.Барлық маманданған бухгалтерлерге

2. Танымал түрде тәжірибеден өтіп жатқан маманданған бухгалтерлер үшін;

3.Жалданған маманданған бухгалтерлерге.

Кодексте бухгалтерлік мамандықтың мақсаты да көрсетілген: жұмыстың тиімді нәтижелерін қамтамасыз ету үшін мамандықтың жоғары стандарттарына сәйкес жұмысты орындау.

Этиканың халықаралық кодексінің қағидалары ж/е талаптары:

Талаптары: Мамандану – бухг/к есеп саласында маман ретінде клиенттермен жұмыс жасай алатын адамдарға деген қажеттілік бар.

Қызмет көрсетудің сапалылығы – маманданған бухгалтер көрсеткен барлық қызмет, сапаның стандартқа сай екеніне сенімді болуға қажеттілік.

Сенім

Қағидалары: Парасаттылық- бухгалтерлер қызмет көрсету барысында адал, ашық болуы керек; объективтілік-бухгалтерлер теріс түсініктен алшақт болуы керек; ұқыптылық-қызметті ұқыптылықпен, ықылас талаппен орындауы керек; құпиялылық-қызмет көрсету барысында пайда болған ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек ж/е жарияламау керек; мамандықтың мінез-құлқы – бухгалтер атағына сай іс-әрекеттер жасау қажет ж/е атағына зиян келтіретін мінез-құлықтан алыс болуы керек;

Бухгалтердің кәсіби этикасы клиентпен қарым-қатынасы, сұрақтарына сыпайы, мәдени түрде жауап беруі, есептілікті дұрыс түсіндіруі. Көп жағдайларда бухгалтерерге еңбекақы жөнінде жұмысшылар келеді, жұмысшылардың сұрақтарына анық және түсінікті түрде жауап беру. Т.б.        Бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi келiсiмнiң болуы туралы талаптың сақталуы аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап алты ай өткеннен кейiн мiндеттi болып табылады.

      4. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшiн емтихандарға қатысуға жiберу кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Емтихан тапсырған адамдар уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша бiрыңғай үлгiдегi сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзiмi шектелмеген.       Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын шетел институттары берген кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiк куәлiктерi сертификаттау жөнiндегi ұйым берген сертификатпен бiрдей танылады.

9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану

Шаруашылык операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды керсетудің альтернативті әдістерін ұсынатын ХҚЕС есеп саясатын құрастырудың базасы болып табылады. Есеп саясатын құрастыру ұйым кызметінің шарттарына негізделген, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырудың негізі ретінде әдістердің бірін таңдап алуды білдіреді. Осылайша, есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру үшін ұйым кабылдаған әдістер жиынтығы. Есеп саясаты бухгалтерлік есептің қағидаларына (есептеу және үздіксіздік), сонымен катар сапалық сипаттамаларына (түсініктілік, орындылык, сенімділік пен салыстырмалылық) сәйкес бір жылдан артық мерзімге құрастырылады.Ұйым басшылығы есеп саясатын таңдап, оны қаржылық есептілік ХҚЕС сәйкес болатындай етіп қолдануы қажет.

Нақты талаптар болмаған жағдайда ұйым басшылығы саясатты өздері даярлауы қажет және ол қаржылық есептіліктегі ақпараттың келесі сипаттамаларға сәйкес ұсынылуын қамтамасыз етуі қажет:

- шешім қабылдау барысында пайдаланушылар қажеттілігі үшін орынды болуы;- ұйымнын нәтижелері мен қаржылық жағдайын шынайы көрсетуі;

- операциялар мен окиғалардың тек заңнамалық нысанын ғана емес, оның экономикалық мазмұнын көрсетуі;

- бейтарап, тәуелсіз болуы;- мұқият болуы;

- барлық мәнді жағдайларда толық болуы.

Ұйымда қабылданған есеп саясаты келесі жағдайларда өзгертілуі мүмкін:а) мемлекеттік өкілетті ұйым талабы бойынша;б) егер өзгерту қаржылық есептіліктегі ақпараттың шынайы ұсынылуына жағдай туғызатын болса.Егер есеп саясатындағы өзгерістер өткен және есепті кезеңдерге, алдағы кезендерге елеулі әсер ететін болса, онда ұйым табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілікке сәйкес түзетулер жасай отырып, өзгерістер нәтижесінде орын алуы мүмкін жағдайларды бағалауы кажет. Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде пайда болған түзетулер сомасы есептілікте бөлінбеген табыстың бастапкы қалдық сомасын өзгерту арқылы немесе есепті кезеңнің таза табысын (зиянын) есепке алу арқылы көрсетіледі. Есеп саясатының ашылуы саясаттың ұйым есепті кезеңде қолданған және оның қаржылық есептілігінде көрсетілген мәліметтеріне әсер ететін жақтарын ашу үрдісі болып табылады. Есеп саясаты мен оған енгізілген өзгерістер мен олардың пайда болу себептері ұйымның қаржылық есептілігіне қосымша есеп саясаты жөніндегі ақпарат пен түсініктеме жазбаларында ашылып көрсетілуге тиіс. Есеп саясатын құрастыру жауапкершілігі ұйым басшылығына берілгендіктен, есеп саясаты мен оның барлық өзгерістері ҚР заңнамасы мен ұйымның жарғысында (ереже) көрсетілген тәртіпке сәйкес бекітілуі кажет. Бекітілуге тиіс тараулары:1.Жұмысшы шоттар жоспары; 2.Ұйым кызметінің ерекшелігін ескере отырып дайындалған алғашқы есеп құжаттарының нысандары, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандары;3.Активтер мен міндеттемелерді түгендеу тәртібі; 4.Активтер мен міндеттемелерді бағалау әдістері; 5.Құжат айналысы ережесі және мәліметтерді өңдеу технологиясы; 6.Бухгалтерлік операцияларды бақылау тәртібі;7.Есепті ұйымдастыруға қажетті басқа да шешімдер. Есеп саясатына қойылатын талаптар. Толықтылық, Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек. Уақыттық, Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы  қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды. Сақтық, Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады. Қарама-қайшылықсыздығы, Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет. Орындылық, Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Есеп саясатының негізгі мақсаты компания қызметін мүмкіндігінше тиімді көрсету, ол жөнінде толық, объективті, шынайы ақпаратты көрсету болып табылады. Есеп саясаты теориялық тұрғыда үш бөлімнен құралады. Бірінші «Жалпы ережелер» бөлімінде ұйым жөнінде жалпы мәліметтер, есеп саясатының негізгі мақсаты анықталады. «Әдістемелік бөлімде» стандарттарда көрсетілген ақпартты қаржылық есептілікте ашып көрсету әдістері көрсетіледі. «Ұйымдастыру бөлімінде» бухгалтерлік есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар, олардың еңбек бөлінісі, қолданылатын есеп жүргізу формасы, жұмысшы шоттар жоспары көрсетіледі.

Есеп саясатының маңыздысы - әдістемелік бөлім. Осы бөлімде төмендегідей мәселелер қарастырылады:

  1. Негізгі құралдарға қатысты оларды бастапқы бағалау, амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері, жөндеумен байланысты шығындарды есепке алу, жаңарту, жалға алу, техникалық тұрғыда қайта жарақтандыру мәселелерді қарайды. Негізгі құралдарды жөндеуге қатысты жөндеу уақыты мен өткізу жылдамдығын компания өзі шешеді.

  2. Материалдық емес актвитеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері және оларды есептен шығару жолдары. Кейбір материалды емес активтер түрлеріне байланысты олардың тиімді пайдалану мерзімі жөнінде компания өзі шешім қабылдайды.

  3. Дебиторлық борыштарды түгендеу, күдікті борыштар көлемін анықтау;

Есеп саясатының техникалық бөлімінде келесі сұрақтарды қарайды:

    1. Басқару есебінің ұйымдастырылуы;

    2. Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері. Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Жанама шығындарды анықтау, оларды объектілер арасында бөліп тарату әдісі. Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі. Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;

    3. Материалдарды есепке алу;

    4. Негізгі құралдарды жөндеу;

    5. Күрделі құрылыстың негізгі құралдарын жаңарту;

    6. Мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу;

    7. Жұмысшы шоттар жоспары;

    8. Ішкі өндірістік есептілік;

Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлімінде келесі сұрақтар қаралады:

  1. ұйымдық нысаны және бухгалтерлік қызметтің құрылымы;

  2. есептің орталықтандырылу деңгейі;

  3. ішкі өндірістік бақылау.

Қағидалар:есептеу,үздіксіздік, түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, шыңдық, бейтараптық, сақтық,аяқталғандық, салыстырмалылық, дәйектілік, күмәнсіз және риясыз ұсынба...

Бұл принциптер к/о-ң есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау к/о-ң мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.Олар шаруашылық операцияларын,активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелер мен шаруашылық қызметінің нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсынады.

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына к/о-ң басшысы жауап береді.

Есеп саясатының ашылуы- бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипаттама беру.

Қаржылық есептеменің деректері бойынша к/о-ң мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, к/о қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т.б. көрсеткіштер белгіленеді.

Бұйрықпен рәсімделген есеп саясаты нормативтік құжат болуға тиіс.

Сонымен, есеп саясаты- бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және к/о қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]