Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері

Бухгалтерлік есептің пәні д/з - кез келген мүлік немесе олардың қорлану көздерінің өзгерістері мен қозғалыстары. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.

Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

Бухг-к есеп әдістері д/з бух-к есеп пәнін зерттейтін әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Б

Бухг/к есеп әдістерінің 6 элементі болады: құжаттау, түгендеу, бағалау мен калькуляциялау, шоттар мен екіжақты жазу, бух-к баланс, қаржылық есептілік.

Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.

Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады.

Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорынының тауарлары және басқалар түгенделуге тиіс.

Түгендеу белгіленген мерзімдерде материалды-жауапты адамдар ауысқан кезде, аудиторлардың, тергеу органдарының талабы бойынша және т.б. жағдайларда жүргізіледі. Түгендеудің деректері актімен рәсімделеді.

Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қоралар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр. Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайылығы мен дұрыстығы бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттелінеді.

Калькуляция – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.

Шоттар және екіжақты жазу

Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздеріне жеке шот ашылады. Мысалы, 1040-«ұлттық валютадағы ағымдағы, корреспонденттік шоттағы ақша», 1010-«Кассадағы ұлттық валютамен берілетін қолма-қол ақша» және т.с.с.

Екіжақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні – әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.

Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі бір күнге, әдетте айдың 1-күніне экономикалық топтастырудың әдісі.

Кәсіпорынның қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен екі топтамада көрсетіледі: оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екендігін, екіншісі – олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді, яғни баланс кете түрінде жасалады. Ол екіге бөлініп, бір жағы актив, ал екінші жағы – пассив деп аталынады.

Бухгалтерлік баланстың екі жағы өзара тең, өйткені оларда бір ғана мүлік көрсетіледі, бірақ бір жағынан құрамы мен орналасуы бойынша, екінші жағынан оның пайда болу көздері бойынша көрініс табады.

Сонымен, баланстың негізінде кәсіпорындағы шаруашылық қорларының жағдайы мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады.

Есеп беру дегеніміз кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерге топтастырылған жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]