Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері

Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

Активтер – дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар. Бұл ресурстар ұйыммен бақыланады. Активтер болашақта белгілі бір экономикалық пайданы қамтамасыз ете алатын ресурстар болып табылады.

Міндеттеме – дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Өз кезегінде міндеттемелерді өтеу экономикалық тиімділікті төмендетеді, мекеменің активтерінің көлемін азайтады. Міндеттемелер өтеу мерзімі келген несиелік қарыздардан немесе өндірілген өнімде жіберілген ақауларды түзеуге және алдын-ала ақысы төленген өнімдерді өндіруге шығатын шығындардан тұрады.

Капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес. Ол міндеттемелерді өтеуден тыс активтердің құны, олар ешқашанда міндеттемелерді реттеуге жұмсалмайды.

Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Кірістер – есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар – есептік кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Бухгалтерлік есептің объектілері: 1) ұйымның мүлігі; 2) ұйымның міндеттемелері; 3) ұйымның шаруашылық операциялары.

Мүлік – ұйымның айналым және айналымнан тыс активтерінің жиынтығы. Айналым активтері –бір жылға дейін пайдаланылған немесе ақша қаражаттарына айнала алатын ақша қаражаттары немесе өнім: 1) кассадағы ақша қаражаттары; 2) ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары; 3)дебиторлық берешек; 4) қорлар, шикізат және материалдар, дайын өнім. Айналымнан тыс активтер – 1 жылдан астам қолдануға болатын активтер: 1) негізгі құралдар; 2) жер телімдері; 3) капитал; 4) материалды емес активтер

Міндеттемелер – ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті. Міндеттемелерді орындау негізінен несие берушілерге кейбір активтерді ұсыну арқылы немесе басқа да жолдармен жүзеге асырылады.

Шаруашылық құралдарының құжатпен рәсімделген, қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциялары болып табылады.

Бухгалтерлік есептің объектілерін топтарға жіктеуге болады: 1) ұйымның активтері; 2) ұйымның пассивтері; 3) шаруашылық операциялар.

6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар

Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жүзеге асырады. Қаржылық есеп беру ҚР Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазбалармен толықтырылуы мүмкін.

Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып, олар заңды тұлға құқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.

Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.

Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.

Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және сонымен бірге оқылатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]