Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.

Бухгалтерлік есеп концепциялары: кәсіпорын қаржы есептілігін жүргізу мақсаты, бухгалтерлік есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы, қаржы есептілік элементтері, өлшеу критерийлері мен басқа да принциптер.

Қаржы есептілігінің негізгі мақсаты- кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және оның қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттар беру. Қаржы есептілігі инвестициялық және несие беру жөнінде шешім қабылдауға болатын ақпараттар, кәсіпорынның келешек ақша кірісі, кәсіпорын басшылары жұмысын бағалауға қатысты ақпараттар береді.

Тоқсандық, жылдық қаржы есептілігі кәсіпорын жөнінде ақпарат таратудың негізгі көзі. Қаржы есептілігінің элементі дегеніміз- қаржы есептілігінде көрсетілетін баптар тобы. Қаржы есептілігі концепциясы 7 элементті тағайындаған. Олар: активтер, міндеттемелер, меншік немесе акционерлік капитал, кірістер, шығыстар, пайда, зиян. Бірінші үш топ (активтер, міндеттемелер мен меншік немесе акционерлік капитал) баланста көрсетіледі, ал қалған элементтер: кіріс, шығыс, пайда және зиян кәсіпорын пайда немесе зиян есептілігінде көрсетіледі.

Есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiқ есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады. Бухгалтерлік есеп қағидалары да арнайы әдебиеттерде әртүрлі мағынада көрсетіледі және олардың саны төрт-бесеуден бірнеше ондықтарга жетеді. Қағидалардың тікелей бухгалтерлік батыттылығын ажыратуға болады. Олар белгілі-бір дәрежеде қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалапына қатысты талаптарды нақтылай түседі және дамытады. Қағида, кез-келген білімнің, теория мен ғылымның бастапқы жағдайын білдіреді. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңның 5-1 бабында бухгалтерлік есеп бойынша келесі қағидалар анықталады: Есептеу әдісі бойынша есеп жүргізу, қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржылық есептілік есептеу қағидасына сәйкес құрастырылады. Осы әдіс бойынша операциялар мен басқа да жағдайлардың нәтижелері олардың орындалуына қарай танылады (ақша қаражаттары алынғанда немесе келіп түскенде емес). Олар есеп жазбаларында және қаржылық есептілікте өздері қатысты есепті кезеңдерде көрсетіледі. Есептеу әдісі бойынша құрастырылған қаржылық есептілік пайдаланушыларды тек өткен кезеңдегі ақша қаражаттарының алынуы мен төлемдері туралы ғана емес, сонымен қатар, болашақта ақша қаражаттары мен олардың баламаларын төлеу женіндегі міндеттемелер туралы және болашақта алынуға тиісті ақша қаражаттары түріндегі ресурстар жайлы да ақпарат береді. Қызметтің үздіксіздігі. Қаржылық есептілік ұйым дәл қазір жұмыс істеп тұр және болашақта да өз қызметін тоқтатпайды деген тұжырымға сәйкес құрастырылады. Яғни, оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады, ал егер ондай қажеттілік болатын болса, онда қаржылық есептілік басқа негізде құрастырылады және ондай жағдайда қолданылатын негіздеме ашылып көрсетілуі қажет.

Бухг/к есеп қағидаларын жинақтай келе 2-ге бөлуге болады:

1.шаруашылық бірліктер қағидасы – қаржылық есептік ақпараттар, тек нақты бизнес түрімен айналысатын заңды тұлғалардың қызметіне жататындығын білдіреді.

2.ақшалай өлшем қағидасы – бухг/к есеп ақшалай нысанмен сипатталатын шаруашылық қызметті қарастырады.

Есеп қағидалары – барлық есеп процесін жүргізу ж/е есептілікті құру негізінде жатыр.

Сонымен қатар бухгалтерлік есепте мына қағидалар сақталуы тиіс: түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, шындық, бейтараптық, сақтық, аяқталғандық, салыстырмалылық, дәйектілік, күмәнсіз және риясыз ұсынба.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]