
- •1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
- •3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
- •4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
- •5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері
- •6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
- •7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері
- •8. Бухгалтердің кәсіби этикасы
- •9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану
- •10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
- •11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
- •12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.
- •13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.
- •14.Есептік цикл және қаржы есептілікті дайындау
- •15.Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік.
- •16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.
- •17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
- •18. Бағалау мен калькуляциялау
- •19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
- •20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
22.06.2007 ж. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы КР заңында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Ол Қаржы министрлігі болып табылады. Уәкілетті орган: бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін айқындайды; бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық ақтілерін қабылдайды; ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды; өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; қонсультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды; кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді; кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережелерін бекітеді; консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту жасайды;кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды;кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысанын және мерзімділігін анықтайды;Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды; консультациялық орган туралы ережені бекітеді; депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді; сертификаттың нысанын келіседі.бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; «Жеке көсіпкерлік туралы» Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қаржы ұйымдары үшін уәкілетті органмен келісім бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;мемлекеттік көсіпорындар мен ақцияларының (үлесінің) елу және одан да көп проценті немесе ақцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін тізбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептілікті ұсынудың мерзімі мен тәртібін белгілейді; Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы қомпаниялары үшін осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық ақтілерін әзірлейді және бекітеді;Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;Қазақстан Республиқасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп жүйесін басқару мынандай сатылардан тұрады:
1. ҚР президенті бух есеп жөніндегі қаулысы.
2. ХҚЕС және ҰҚЕС
3. Методикалық құралдар мен ұсыныстар, ережелер.
4. Кәсіпорын есеп саясаты.