
- •1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің түрлері.
- •3. Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу.
- •4. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
- •5. Қаржылық есептің элементтері мен бухгалтерлік есептің объектілері
- •6. Қаржылық есептің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
- •7. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері
- •8. Бухгалтердің кәсіби этикасы
- •9.Есеп саясаты. Есеп саясатын талдау мен қолдану
- •10.Бухгалтерлік баланс (кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы есептілік)
- •11.Бухгалтерлік шоттар, оның құрылымы мен қолданылуы.
- •12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.
- •13 Бухгалтерлік шоттардағы екі жақты жазу, оның мәні мен маңызы.
- •14.Есептік цикл және қаржы есептілікті дайындау
- •15.Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік.
- •16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.
- •17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
- •18. Бағалау мен калькуляциялау
- •19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
- •20. Бухгалтерлік есептегі қате жазуларды түзеті әдістері
18. Бағалау мен калькуляциялау
Бағалау дегеніміз – натуралды көрсеткіштерді ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру. Себебі қаржылық есептілік нысандарында бүкіл мүліктер мен олардың қорлану көздері және басқа да көрсеткіштер тек ақшалай өлшем бірлігі негізінде көрсетіледі. Бағалау принципі нормативті актілермен белгіленеді. Мысалы: негізгі құралдар бастапқы құны бойынша, ал материалдық құндылықтар нарықтық сатып алу құны бойынша, немесе нақтылы өзіндік құны бойынша бағаланады.
Калькуляция дегеніміз – шығындарды топтастырып сатылып алынған материалдық құндылықтар, өндірілген өнім және көрсетілген қызмет пен орындалған жұмыстың өзіндік құнын анықтау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативті құжаттармен реттеледі.
Калькуляцияны екі топқа бөлуге болады: алдын-ала жасалатын және соңынан. Алдын-ала жасалатын калькуляция (жоспарлы, жобалық, сметалық және нормативтік) өнімдерді дайындау, жұмыстарды атқару, қызметті көрсету кезеңінің басталуына дейін жасалады.
Соңынан жасалатын калькуляция (есептік) өнім дайындалғаннан кейін, өнімді дайындауға кеткен нақты шығындардың негізінде жасалады.
Жоспарлы калькуляция әрбір өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, орта-прогрессивтік нормативтердің негізінде, шикізаттар мен материалдар шығындары, дайындаудың еңбек сіңіруді қажет етуі, жабдықтарды пайдалану, жоспарланған кезеңдегі ұйымдастыру-техникалық шаралары және ертерек жеткен жетістіктердің есебімен жасалады. Сондықтан өндірістегі нақты өнімдердің (жұмыс) жоспарлы мерзімдегі (жоспарлы норма) шығын нормасы өткен жылдың нақты үлестік шығынынан және норма деңгейінен төмен болуы керек.
Сметалық калькуляция басқа ұйымдардың жеке тапсырыстары бойынша әр түрлі жұмыстар мен бұйымдарға жасалады. Ол әрекет етуші нормалардың және материалдық, еңбек және басқа ресурстардың шығын нормативтерінің негізінде жасалады. Сметалық калькуляция жұмыстардың келісім бағасын анықтауға негіз болатындықтан, онда тапсырыс берушілермен келісулері керек.
Жобалық калькуляция жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында жобаланатын процестердің экономикалық тиімділік варианттарын салыстыру үшін жасалады.
Нормативтік калькуляцияның нормативтік шығындарды көрсетеді.
Есептік калькуляция дайындалған өнімдердің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құндарын анықтайды.
19. Бухгалтерлік есепті жүргізу формаларымен оларды жетілдіру
Бухгалтерлік есеп формасы дегеніміз шаруашылық операцяиларын тиісті жазу әдістермен белгілі бір кезектілікпен топтастыруға, көрсетуге арналған есептік тіркелімдердің жиыны.
Қазақстанда бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік, журнал-ордерлік және автоматтандырылған формалары кеңінен таралып отыр.
Есептің мемориалдық-ордерлік формасында кітаптық, карточкалы әдістемелік және топтастырушы есептік тіркелімдер жинақталады. Әрбір шаруашылық операциясына мемориалдық ордер жасалады.
Мемориалдық ордерде бухгалтерлік жазба оның жасалған күні мен сомасы көрсетіледі. Жасалған мемориалдық ордерлер тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен жазылады, оларға реттік нөмір жазылғаннан кейін момериалдық ордерлердің деректері бас кітапқа жазылады.
Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік формасында кәсіпорынның бухгалтерлік балансы жинақтамалы шоттар бойынша жасалған айналым ведомосының негізінде жасалады.
Есептің журнал-ордерлік формасы бухгалтерлік ақпаратты өңдеуді қолмен немесе ішінара автоматтандыру арқылы жүзеге асыратын көптеген кәсіпорындарда қолданылады. Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік формасының негізінде бухгалтерлік операцияларының жинақтамалы және талдамалы есептерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін есептік тіркелімдерге бастапқы құжат деректерін жинақтау және жүйелеу принципі жатады.
Жинақтамалы және талдамалы есептер әдетте бірегей жазбалар жүйесінде жүзеге асырылады. Бұл үшін бухгалтерлік тіркелімдердің екі түрі журнал ордер мен көмекші ведомостар пайдаланылады.
Бас кітап бір жылға ашылады және журнал-ордерлердегі деректерді жинақтауға, жекелеген щоттар бойынша жүргізілген жазулардың дұрыстығын өзара тексеруге және бухгалтерлік балансты жасауға қызмет етеді.