Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

16.Есеп регистрлері, олардың түрлерімен формалары. Құжат айналымы, оның дұрыс ұйымдастырылуының маңызы.

Бухгалтерияға келіп түсетін бастапқы құжаттар арифметикалық есептеулердің дұрыстығы бөлігінде онда ресімделген шаруашылық операцияларының заңға сәйкестігі мен мақсаттылығы тексеріледі.Одан кейін бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары жүйесіндегі деректерді тіркеу жүзеге асырылады.Мүліктердің қалдығы,шаруашылық қорлары және олардың қалаыптасу көздері туралы мәлеметтер,сондай ақ бастапқы немесе жинақтаушы құжаттардан аланған шаруашылық операциялары туралы деректер есептік тіркемелерге жазылады.

Есептік тіркемелер бұл мүліктермен олардың пайда болу көздері туралы деректерді экономикалық топтастыруға сәйкес құрылған,белгілі бір нысандығы кесте.Есептік тіркелімдер шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуге қызмет етеді.Есептік тіркелімдер құрылуына қарай хронолгиялық және жүйелік болып бөлінеді.Хронолиялық тіркелімде шаруашылық операциялары туралы ақпараттар олардың жасалу кезектілігіне қарай жазылады.Жүйелік есеп тіркемелеріндешаруашылық операциялары туралы ақпараттар олардың жаалу кезектілігіне қарай жазылады. Жүйелік есп тіркелімдерінде шаруашылық операциялары анықталған белгілері бойынша топтастырылады.

Есептік тіркелімдер кітап,журнал,ведомость,карточка машинограмма жекелеген парақжәне т,б. Түрде жүргізіледі.

Жинақтамалы есеп жинақтамалы тіркелімдерд,ал талдамалы есеп талдамалы тіркелімдерде жүзеге асырылады.Жинақтамалы шоттар бойынша жазулар журнал ордерлерде және Бас кітапта немесе оларды алмастыратын машинограмма ведомостарда,ал талдамалы шоттар бойынша кітаптарда,машинограмма ведомостьвада немесе карточкада жүргізіледі.

Есептік тіркелімдер мұқият,түзетусіз,және тазартусыз жүргізілу керек.Жіберілген қателіктер қате соманы жұқа сызықпен сызып тастау жолымен түзетіледі және жасаліан түзету жайлы ескерту жасалады.Қажт болған жағдайлардақате соммаларды түзету үшін Қызыл стороно әдісімен арнайы бухгалтерлік жазба жасалады,яғни бастапқы қате жазу сол шоттарда қайталанады бірақ қызыл сиямен жазылады.Операция нәтижесін шығарңан кезде қызыл сиямен жазылған жазулар шегеріледі,яғни қате жазу бухгалтерлік есептің шотынын алынып тасталынады.Содан кейін ескерілген шаруашылық опеерацияларының дұрыс жазуы жасалынады.

Бухгалтерлік есептің нысаны дегеніміз шаруашылық операцияларын тиісті жазу әдістерімен белгілі бір кезектілікпентоптастыруға көрсетіге арналған есептік тіркелімдердің жиыны.

ҚР да бухгалтерлік есептің мемориалдық ордерлік журнал ордерлік және автоматтандырылған нысандыры кеңінен таралып отыр.

17. Түгендеу бухгалтерлік есептің әдісі ретінде

Түгендеу бухгалтерлік есеп әдісінің маңызды элементі болып табылады. Тугендеу, бұл мүліктердің заттай нақты қолда барын шоттарда көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексерудің әдісі. Түгендеу барлық шаруашылық операциялардың құжаттарда және жүйелік бухгалтерлік есепте көрсетілгенін тексеруге, сондай ақ қажетті нақтылау мен түзету енгізуге мүмкіндік береді. Тугендеу ҚР Бух. Есеп пен есеп беру туралы ереже және негізгі құралдарды, тауарлы материалдық қорларды, ақша қаражаттары мен есеп айырысуларды түгендеу жөніндегі негізгі ережелерге сәйкес жүргізіледі. Осы құжаттарға сәйкес кәсіпорындар негізгі құралдарға, күрделі салымдарға, аяқталмаған күрделі құрылысқа, күрделі жөндеуге, аяқталмаған өндіріске, тауарлы материалдық құндылықтарға, ақша қаражаттары мен бух. балансқа түгендеу жүргізуге міндетті. Кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтар, жалға алынған негізгі құралдар, сондай ақ қандай да бір себептерге байланысты ескерілмей қалған құндылықтар түгенделуге тиіс. Түгендеу мынандай жағдайларда міндетті түрде жүргізілуге тиіс: Кәсіпорынның мүлкі жалға берілген кезде; мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорын сатып алынғанда, сатылғанда, сондай ақ акционерлік қоғамға немесе серіктестікке айналғанда; жылдық қаржы есептемесін жасар алдында; материалдық жауапты адам ауысқан кезде; ұрлық немесе зиянкестік фактілері, құндылықтардың бүлінуі белгілі болған кезде, ұрлық фактілері анықталғанда; өрттен немесе табиғи апаттан кейін. Мүлік тексеруді қамту толықтығына қарай түгендеу толық немесе ішінара болуы мүмкін. Толықтай түгендеу кезінде мүліктің барлық түрлері тексеріледі. Ол жылдық есептемені жасамас бұрын жыл соңында міндетті түрде жүргізіледі. Ішінара түгендеу кезінде белгілі бір сақтау орындарындағы мүліктердің бір немесе бірнеше түрі тексеріске түседі. Өткізу негізіне қарай түгендеу жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы түгендеулер Бух. Есеп пен есеп беру туралы ережеге және негізгі құралдарды, тауарлы материалдық қорларды, ақша қаражаттары мен есеп айырысуды түгендеу жөніндегі негізгі Ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жоспардан тыс түгендеулер аяқасты, қажеттігіне қарай жүргізіледі. Түгендеуді тұрақты жұмыс жасайтын түгендеу коммисиясы жүргізеді. Түгендеу нәтижесі актімен рәсімделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]