Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

12.Бухгалтерлік шоттардың жіктелімі.

Шоттар жоспары - бұл активтер мен олардың қорлану көздерінін ағымдағы бухгалтерлік есебін жүргізу үшін, қаржылық және басқарушылық есептіліктерді құрастыру мен бақылау үшін қолданылатын шоттардың жүйелендірілген тізімі.Типтік шоттар жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды топтастыру мен тіркеу жүйесі және бухгалтерлік есеп жүргізуге қажетті барлық синтетикалық шоттардың толық тізімін қамтиды.Бірінші деңгейде (мемлекет) орталықтандырылған түрде КР Қаржы Министрлігі Типтік шоттар жоспарын даярлайды. Екінші (сала) деңгейде Типтік шоттар жоспары негізіндс саланың ерешелігін ескере отырып салалық жоспар дайындатады. Үшінші деңгейде (ұйым) ұйымның жұмысшы шоттар жоспары жасалады.Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары КР Қаржы Министрлігінің бүйрығымен 23.05.2007 жылы бекітілді. ХКЕС бойынша бухгалтерлік есеп жүргізетіндер мен Ұлттық қаржылық есеп сатндарттары негізінде есеп жүргізушілер бірдей шоттар жоспарын пайдаланады. Типтік шоттар жоспарының негізінде әр ұйымда өздерінің қызметтерінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес бөлімдер, бөлімшелер, синтетиқалық шоттар топтарын толық және жіктеп сипаттайтын жұмысшы шоттар жоспары дайындалуы қажет. Жүмысшы шоттар жоспарын ұйымның басшысы бекітеді. Типтік шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің синтетиқалық шоттары өтімділігінің төмендеуіне қарай орналасады. Типтік шоттар жоспарының қосымша беттегі нысанына сәйкес орналастырылған.Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарындағы шоттың рет саны төрт белгіден тұрады. Бірінші сан оның қай бөлімге, екінші сан - қандай бөлімшеге, үшінші сан - қандай синтетикалық шоттар тобына жататынын көрсетсе, төртінші санды ұйым өзі анықтайды.Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары келесідей бөлімдерден тұрады: 1бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;2 бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»; 3 бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;4 бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;5 бөлім - «капитал мен резервтер»:6 бөлім - «Табыстар»: 7 бөлім - «Шығыстар»;8 бөлім - «Өндірістік есеп шоттары».Бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді, бөлімшелер экономикалық мазмұны біртектес шоттарды топтарға біріктіреді. Жұмысты жеңілдету үшін әр бөлімше мен оның шоттарына олардың аттарынын орнын ауыстыратын рет саны (код) беріледі. Субшоттар мен аналитикалық шоттар шоттар жоспарында қарастырылмаған, Оларды ұйымның өзі кәсіпкерлік қызметінің түрі мен мөлшеріне, қаржылық есептілікте ашып керсету қажеттігіне сәйкес ашады. Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі.Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлік есепте ұйымнын бүкіл қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын және қажетті мөлшерде көрсететін шоттар жүйесі болуы қажет. Осы мақсатта бухгалтерлік есептің шоттары экономикалық біртектес топтарға бөлінеді, ягни олар топтастырылады және жіктелелі. Яғни, бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі - олардың осы шоттарда көрсетілетін активтердің, капиталдың, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұндарының біртектестігі белгісі бойынша топтарға бірігуі.Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі бухгалтерлік есеп обьектілерінің топтасуына негізделеді:Актвитерді немесе мүліктерді құрамы мен орналасуына қарай есепке алу шоттары; капитал көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар; Міндеттемелер көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар;Жабдықтау, өндіру жоне сату кезендеріндегі шаруашылық операциялары бойынша көрсеткіштер алуға қолданылатын шоттар.Мақсаты мен құрылымына қарай шоттар негізгі, реттеуші, бөліп-таратушы, қалькуляциялық, операциялық-нәтижелік, қаржылық-нәтижелік, баланстан тыс шоттар болып бөлінеді.Негізгі шоттар активтердің, қапитал мен міндеттемелердің қолда бары мен қозғалысын бақылау үшін қолданылады. Олардың негізгі шоттар деп аталуы есепке адынатын обьектілердің ұйымның шаруашылық қызметінің негізі болуымен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]