Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BUKhGALTKRL-K_ESEP_new_gruppaga_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.

Бухгалтерлік есеп- белгілі бір кәсіпорын жайлы ақпараттарды өлшеп, өңдеуден өткізіп пайдаланушыларға беріп отыратын жүйе. Бұл ақпарат пайдаланушылардың кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Бухгалтерлік есеп- кәсіпорын шаруашылық қызметі мен адамдар арасында, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын байланыстырушы буын (звено). Ол, біріншіден, шаруашылық қызметті тіркеу арқылы, яғни ол мәліметтерді әрі қарай пайдалану үшін өлшеуден өткізеді; екіншіден, ақпараттарды өңдеуден өткізіп, белгілі мерзімге дейін оларды сақтап, тиімді етеді; үшіншіден, қаржы есептіліктері негізінде ол ақпараттарды тиісті шешім қабылдау үшін, пайдаланушыларға береді.

Көптеген кәсіпорындар сонымен қатар қаржылық емес ақпараттар қолданады. Әр түрлі өз ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқарушы ақпараттық жүйе құрады. Бұл жүйе әр түрлі бір- бірімен байланысты қосымша жүйелерден құралып, кәсіпорын қызметін басқаруға байланысты қажетті ақпараттар беретін негізгі бухгалтерлік қосымша жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп- бұл басқарушылық ақпараттар жүйесінің қаржы орталығы. Ол басқарушы аппарат пен сыртқы пайдаланушылардың кәсіпорынның шыруашылық қызметі туралы толық мәлімет алуына мүмкіндік тудырады.

Бухгалтерлік есепті оқу, білім алуға және қажетті басқарушы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады. Есептік ақпарат ұйым және одан тыс жағдайда негізгі шешім қабылдаудың негізі. Ол үш функцияны жүзеге асыруда сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді: жоспарлау, бақылау, және бағалау.

Жоспарлау- істі жүзеге асыруды қалыптастыру. Олар: мақсат қою, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырып, ішінен дұрысын таңдау. Мұнда бухгалтер қолда бар қаржы альтернативтерінің нақты есептілігін білуі қажет. Болашақты жоспарлау үшін болжамды пайда мен ақша қаражаттары қажеттілігі жайлы ақпарат қажет.

Бақылау- нақтылы орындалған жоспарды айқындау процесі. Басқаша айтқанда, істің қаншалықты жоспарға сай екендігін анықтау. Бұл сатыда бухгалтерден нақтылы шығын мен кірістің жоспармен салыстырылған ақпаратын күтеді.

Бағалау- шешім қабылдау жүйесін оны әрі қарай жақсарту мақсатында зерттеу процесі. Бұл сатыда көзделген мақсатқа қол жеткізілді ме немесе жеткізіле алмады ма, осының бәрі зерттеліп, жоспардағы немесе бақылаудағы кемшілік немесе мақсаттың дұрыс бұрыстылығы анықталады. Бағалау ақпараты жылдық қаржылық есептілікте көрсетіледі.

Ұйым қызмет ету барысында көптеген әр түрлі шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. Өз қаражаттарын пайдалану және сыртқы инвесторлар мен кредиторлардан қаржы тарту арқылы ұйым жабдықтар, құралдар (еңбеқ құралдарын), өндірістік ғимараттарды сатып алады. Өндіріс үрдісін басқару үшін ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты өндірісті басқарудың бір фуқнциясы ретінде пайда болған есептің көмегімен алуға болады. Ол шаруашылық үрдістерің тұрақты түрде бақылау, оларды сандық өлшеу, тіркеу және жалпыламау арқылы жүзеге асырылады. Есептің көмегімен шаруашылық үрдістері сандық және сапалық сипаттама алады: өндірілген өнім мен сатылған тауарлар көлемі. олардың өзіндік құны, еңбеr өнімділігі, рентабельділік және басқалары анықталады. Сонымен, шаруашылық есеп дегеніміз- экономикалық құбылыстар мен үрдістерді бақылау және тиімді басқару мақсатында сандық және сапалық сипаттама беру жүйесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]