
- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз - аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде, пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы қүжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады. Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: -Мақсаттың таңдалуы; -Дәлелдеулер жинау жэне оларды өңдеу;-Дәлелдеулерді бағалау; Аудитор еш уақытта өз пікІрінің түгелімен дүрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай орындалуы керек: дұрыстық, жеткіліктілік, өз уақытында алынуы. Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады: Бақылау (жұмысшылардың жұмыстарын жалпы көзбен зерттеп, мақсатты қабылдау б.т.) Растау (алынған ақпараттың дұрыстығын жазбаша түрде растау) Сұрақ беру (клиент аудитор берген сұрақтарға жазбаша немесе ауызша түрде ақпарат беруі, бірақ дәлелдеулер есептілікте көрсетілмейді ), Құжаттарды тексеру (оқу, іріктеу және құжаттармен дәлелдеулер жатады) Түгендеу (бұл аудитордың материалдық құндылықтарды толығымен тексеруі ж/е санауы б.т.), Қайта есептеу деп (пайдаланылған процедураларды толық н/е жартылац кайталауды ж/е есептеулердің математикалық дәлдігін есептеу процедуралары), Сканерлеу, Арнайы тексеру
Дәлелдеулер алу шарттары.
Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:
Дұрыстық (аудитор алған мәліметтердің рас екендігінің ж/е сенімге лайық екендігінің айғағын білдіреді);
Жеткіліктілік (бұл аудиторлық дәлелдеулердің сандық өлшемі б.т. Жалпы тілмен айтқанда аудитор кәсіпорындағы ақпараттарды тексеріп қана қоймай сонымен қоса дәлелдеулердің санын алу үшін іріктеу мөлшерін анықтайды );
Өз уақытында алынуы;
Тәуелсіздік (Шаруашылық жүйеден тыс алынған дәлелдемелер ішкіге қарағанда сенімдірек болып табылады. Мысалы, сыртқы дәлелдемелер(банк, юрист, тұтынушы хабарламасы) кленттің өзінен алған жауаптардан гөрі және шаруашылық жүйе аясынан шықпайтын құжаттардағы мәліметтерге қарағанда сенімді. Егер ұйымның ішкі бақылау жүйесі өте жоғары дәрежеде, тиімді болса, онда ішкі мәліметтер сенімді болдады);
Шынайылық (Егер дәлелдеме жоғарғы дәрежеде шынайы деп саналса, ол аудиторды қаржылық есептілік объективті, дұрыс берілгендігі туралы кепілдік бере алады);
Дәлелдемелердің сенімділігі ();
Аудит бағдарламасы (аудиторлық дәлелдеме жинағандақабылданған шешім нәтижелерінің толық сипаттамасын айтамыз.);
Уақыт таңдауы (Қаржылық есептілік аудиті әдетте, белгілі бір кезеңді қамтиды. Мәселен, жыл. Аудит сол кезең аяқталғаннан кейін бірнеше апта немесе бірнеше ай өткеннен кейін бітеді. Сондықтан да, аудитке кіретін операцияларды жүргізу уақыты ір түрлі болуы мүмкін. Олар ағымдағы кезең басында да немесе есепті күннен бастап көп уақыт өткеннен кейін де жүзеге асуы мүмкін.);
Көлемі және таңдау маңыздылығы (Адиторлық процедуралар бойынша таңдалған жинақ тексерілетін мәліметтер көлемін біреуінен бастап бүкіл элементтерін түгелдей өзгертуге болады. Таңдалған мәліметер көлемі түрлі тексеріс кезінде әр түрлі шығуы мүмкін. Аудитор белгілі бір аудитке таңдау мөлшерін анықтап, нақты қандай элементтер тексерілетіндігін шешуі тиіс)
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі ( Құжаттарға жасалынған талдаулардың және берілген сұрауларға жасалынған бақылаулардың нәтижелері, ішкі бақылау құрылымдарының іс–шаралары мен процедураларының тиімділігі жөнінде жеткілікті дәлелдеулер алуға мүмкіндік береді);
Аудитордың кәсіби біліктілігі (Аудитордың нақты тексеру жүргізу нәтижесінде тікелей алған ақпараттары клиентке сұрау беру арқылы алынған ақпараттарға қарағанда сенімдірек).