Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_shpor_new_dayyn.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать

23. Дебиторлық қарыздар аудиті

Сатып алушылармен есеп айырысулардың жағдайына бақылау жасау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында сатып алушылардың дебиторлық борыштардың толық ж/е өз уақытында жабылуына бағытталған келесі процедуралар формалды түрде анықталуға ж/е нақты орындалуы тиіс: - дебиторларға төлем жасау жөнінде ескертулер жіберу; - дебиторлық борышты ай сайын салыстырып тексеру. Бухгалтер ай сайын сатып алушылардың борышына салыстыру жүргізіп отыруға тиісті. Ол үшін барлық сатып алушыларға белгіленген тәртіп б-ша бас бухг қол қойған ж/е ұйым мөрі басылған Салыстыру актісі жіберіледі. Ол екі данада жасалынады: екінші данасы арнайы журналға тіркеліп, көрсетілген борыштың салыстырылуының (дәлелденуінің) өз уақытында жүзеге асырылуы мен толықтылығына кейін бақылау жүргізу мақсатында арнайы картотекада сақталады; бірінші данасы сатып алушыға жіберіледі. Сатып алушы өзінің қарызын мойындамаған жағдайда (толық н/е ішінара) не борышты салыстырудан бас тартқан жағдайда, ол жөнінде жедел түрде бас бухгалтер, сатып-өткізу бөлімінің бастығы хабарланады.егер қарызы бар ұйым жойылған болса, онда дт-қ борыш үмітсіз борыш ретінде танылады. Борышты «үмітсіз» деп тану ж/е оны есептен шығару жөніндегі шешімді сатып-өткізу бөлімінің бастығы берген қарызы бар ұйымның жойылғандығын растайтын қажетті материалдардың негізінде құрылған бас бухгалтердің тиісті баяндаушы жазбасы б-ша ұйы басшысы қабылдайды.

Клиенттің бақылау процедураларын ж.а-на тексеру жүргізу үшін аудитордың сатып алушылардың шоттарын таңдап (іріктеп) алуына болады: - дебеттік жазуларды шот-фактуралармен растауға болады; - кредиттік жазуларды ақша қаражаттарының келіп түсуі б-ша құжаттармен н/е несиені есептен шығару т-лы бұйрықтармен растауға болады. Осы растауларды алғаннан кейін аудитор:

- дебиторлардың төлеу мерзімі өтіп кеткен шоттарын зерттеп, борышты төлетіп алу б-ша қандай шаралардың қолданылғандығын анықтау үшін қаржы қызметінің басшыларына сұрақ бере алады;

- сатып алушылардың дебиторлық борыштарына ай сайын салыстыру жасау процедураларының қалай жүзеге асырылғандығын бақылай алады;

- сатып алушылармен расталмаған дебиторлық болыштарды Салыстыру актілерін іріктеп алып, қаржы қызметінің басшыларынан осы ауытқулар б-ша қандай шаралар қолданылғандығын анықтай алады;

- дт-торлық борыштарды Салыстыру актілерінің екінші данасын жіберу мерзімі б-ша (сатып алушылардан жауап келгенше жеке картотекада сақтаулы тұрған) сатып алушылардың жауабының мерзімінен кешіктірілуін анықтай алады, қаржы қызметінің жұмыскерлерінен бұл ауытқулардың себебін айқындай алады;

- есептен шығарылған үмітсіз дт-лық борышты қажетті құжаттармен (қарызы бар ұйымның жойылғандығын растаушы құжаттар, к/о басшысының тиісті өкімі) растай алады;

- талап етілмеген борыштың есептен шығарылуын бақылай алады.

24. Ақша қаражаттарының аудиті

Ақша қаражаттары ең өтімді активтерге жатады ж/е касса мен банк шоттарындағы қолма-қол ақша қаражаттары б.т. Ақша қаражаттарын ауд.тексеру бағдарламасы:

1. Бас кітаптағы баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеру. Ақпарат көзі: Баланс, бас кітап, журнал-ордерлер;

2. Синтетикалық ж/е талдамалық есепті жүргізуді тексеру. Ақпарат көзі: шоттар 1010, 1020, 1030, 1040, 1050, 1060, кассирдің алынған ж/е берілген ақшасы, КО-5 есеп кітапшасы, кассалық кітап, КО-4 кітапшасы, Ко-3 кіріс ж/е шығыс ордерлерін тіркеу;

3. Кассаны түгендеу ж/е кассалық операцияларды тексеру. Ақпарат көзі: тұрақты істейтін комиссия мен кассирді тағайындау жарлығы, кассирмен материалдық жауапкершілігі т-лы келісімшарт, ақша түгендеу актісі, КО-1 кассалық кіріс ордерлері, КО-2 кассалық шығыс ордерлері;

4. Аккредитивті формамен есеп айырысу, банктік операцияларды тексеру. Ақп.көзі: №1 ж/е №2 журнал-ордер, №1 ведомость.

Ақша қаражаттарының ұрлану мүмкіндігі үлкен болғандықтан, көбінесе 1010, 1030 шоттары мәні б-ша тексерілетін категорияға жатады. Мәні б-ша ексеру процедуралары 500 ХАС-қа сәйкес – бұл қаржылық есептіліктің мәнді бұрмаланғандығы жөніндегі аудиторлық дәлелдерді алу үшін өткізілетін тексеріс. Бұл процедуралар – бірыңғай операциялар тестінен, шоттардың сальдосы мен талдамалық процедураларынан тұрады. Кассалық операцияларды тексеру кезінде ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім ж/е қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер ж/е кассир қол қоятын акті жасаумен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың не ақшалай құжаттың ж/е басқа да құндылықтардың артық шығуы не кем шығуы нықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшаның көп жетіспеуі анықталса, аудитор к/о басшысына кассирді тексеру аяқталғанша қызметтен шектету т-лы мәселе қояды.

ҚР-ғы резиденттер ж/е резидент еместер жүргізген барлық валюталық операцияларын тек өкілетті банктер арқылы ж.а-ға тиісті. Валюталық операциялар аудитін жүргізгенде аудитор келесі мәселелерді анықтайды: - валюталық шоттың қандай банк мекемесінде ашылғандығын; - банк көшірмелерінде көрсетілген сомалардың оған тіркелген бастапқы құжаттарындағымсомаға сәйкестігін; - сыртқы эк-қ қызмет кезінде есеп айырысу нысанының дұрыс қолданғандығын; - валют.шот ашқандығы үшін коммисиондық сыйақының дұрыс төленгендігін; - бағам айырмасының дұрыс анықталып көрсетілгендігін; - бухг.есеп корреспонденцияларының дұрыс беріліп, шоттарға таратылғандығын; - ҚР ҰБ-нң рұқсатынсыз шетел банктерінде валюталық шот ашқан фактілерін ж/е т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]