
- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
7.Аудиттің стандарттары.
Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің ұлттык стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мэжбүрлейді, жекелеген аудиторлық үйым-дардың жүмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жүмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.
Аудиторлык стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жұктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.
Стандарттардан бір айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды:
өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру;
жекелеген салаларды ревизиялау;
бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.
Аудиторлык стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми қүжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары:
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты 4 тізбекті бөлімнен тұрады:
Негізгі постулаттар.
Жалпы стандарттар.
Жұмыс стандарттары.
Есеп беру стандарттары.
8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
400 «Тәуекелді бағалау ж\е ішкі бақылау» ХАСда ішкі бақылау жүйесін субъект басшылығының қызметін субъект басшылығы саясатын ұсталуы активтерді сақтау, алаяқтық пен қателіктердің алдын алу ж\е оларды нықтау, бухг\к жазбалар дәлдігі мен толықтылығын, сонымен қатар сенімді қаржылық ақпаратты уақытылы дайындауды қамтыған тәртіппен ж\е тиімді жүргізуді мүмкіншілігінше қамтамасыз етуде бағытталған субъект басшылығы қабылданған бақылау мен реттеменің жалпы саясатынының жиынтығы ретінде анықтайды.
Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықты қабылданған шешімнің орындалуы қызықтырады. Бақылуды іске асыратын жағдайға басқарудың сәйкес құрылымы енеді. «Бухг\к есеп пен қаржылық есеп беру» туралы Заңның 8-бабында: «ҚР бухг\к есеп жүргізу, қаржылық есепті құру кезінде активтерді сақтау, ұрлық пен қателіктерді болдырмау ж\е анықтау жөніндегі шараларды қамтыған операцияларды тиімді жүргізу, бухг\к есеп ж\е қаржылық есеп беру, есеп саясаты туралы заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйымдар ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқылы. Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:
Заң талаптарының орындалуы;
Мүлікті ысыраптан қорғау;
Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;
Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өнімдерді ж\е басқа нұсқаларды орындау;
Құжаттар ж\е олардағы ақпараттың толықтығы мен дәлділігін қажетті деңгейде сақтау;
Кездейсоқ ж\е әдейі қателер мен бұрмалауларды анықтау мен болдырмау;
Бухг\к қорытынды есепті уақытында ж\е дұрыс дайындау;
Кәсіпорынбасшылығы саясатын қолдану;
Шаруашылықты жүргізудің тиімдірек ж\е прогрессивті әдістерін енгізу.
Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі келесі элементтерден тұрады: 1.бухг\к есеп жүйесі; 2.бақылау ортасы; 3.бақылау құралдары.