Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_shpor_new_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері

Сегменттің әрқайсысына аудитті жеке жүргізуге болады, бірақ барлық сегменттердің аудиті өзара байланысты. Әр сегмент аудиті аяқталғаннан кейін алынған нәтижелер жинақталады. Содан кейін жалпы қаржылық есептілікке қатысты белгілі бір қорытынды жасауға кірісуге болады. Аудитті сегменттеудің түрлі тәсілдері бар. Әр шот бойынша сальдоны жеке сегмент ретінде қарастыруға болады. Бірақ мұндай сегменттеу тиімді бола бермейді. Сондықтан бір-бірімен тығыз байланысты шаруышылық операциялар циклдері мен осыған сәйкес олардың шоттарын көрсететін топтар бойынша жекеленген аудит жүргізу пайдалы. Бұл циклдік тәсіл деп аталады. Мысалы, түсірілген өнімді сату және қайтару бойынша шаруашылық операциялар қолма-қол ақшаны алуды куәландыратын түбіртекті берумен байланысты болуы мүмкін, ал дебиторлардың көптеген шоттары сату және табыс алу циклімен байланысты. Төлем ведомостарымен қатар жүретін жалақы бойынша есеп айырысуларға байланысты шаруашылық операциялар қызметкерлер еңбегін ұйымдастыру ж/е оған төлемақы төлеу циклінің бөлігі болып табылады. Шаруашылық операцияларды есепке алу тіркелімінде жазатынын, содан кейін олардың Бас кітіап пен қаржылық есептілікте жүйелендірілетін еске алсақ, мұндай циклдік тәсіл түсінікті. Аудит сегменті ретінде шаруашылық операциялардың циклдерін бөліп көрсету экономикалық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі қолданыладын бухгалтерлік есеп жүйесі мен құжат айналымы жүйесінің мазмұны ескеріле отырып жүргізіледі. Циклдік тәсіл негізінде капиталдың толық айналымын салуға болады. Бұл ақша шикізат, негізгі құралдар мен басқа активтерді сатып алуға бағытталады. Есеп айырысу операциялары жүргізіледі. Осы үдерісті сатып алу циклі ретінде қарастыруға болады. Ары қарай дайын өнімді сатады және шот-фактуралар құрайды, төлемдер алады. Осындай жолмен алынған дивидендтер мен пайыздарды төлеу, сонымен қатар жаңа циклдерге кірісу үшін пайдаланылады.

5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.

     Аудиторлық  қызметті нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл аудиторлық тексеру жүргізу обътісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.

     Аудиттік  қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың  өзара қарым-қатынасын мемлекеттік  және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау  органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

  1. ҚР Конституциясы;

  2. ҚР азаматтық кодексі;

  3. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;

  4. ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;

  5. ҚР қылмыстық кодексі;

  6. «Салықтар   және   бюджетке   міндетті   басқа   төлемдер туралы» кодексі;

  7. ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;

  8. ҚР бюджет кодексі;

  9. ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»;

  10. «Банкроттық туралы»;

  11. «Шетелдік инвестиция» туралы;

  12. «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»,

  13. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.

     Жоғарыда  аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды  нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

    Аудиторлық тексерулердің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.

     Біздің елімізде аудитті нормативтік — құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. 1993 жылы 18 қазан айында бірінші рет Аудиторлық қызмет туралы  Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Ал бес жылдан соң, 1998 жылдың 20 қарашасында Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының екінші Заңы қабылданып, оған 18.12.2000 ж., 15.01.2001 ж., 20.03.2001 ж., 26.12.2002 ж., 16.05.2003 ж., 11.06.2003 ж. және тағы да басқа жылдарда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін іске асыру барысында бұл заң мемлекеттік органдар арасында, заңды және жеке тұлғалар арасында, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында реттеледі.

Екінші деңгейлі құжаттарға  Қазақстан Республикасының Аудит стандарттары (ҚР АС) және Халықаралық аудит стандарттары (ХАС) жатады. 2000 жылдың наурыз айында өткен бесінші республикалық конференцияда Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасында  Қазақстан Республикасы аудитін Халықаралық аудит стандарттарына көшу туралы шешім қабылданды.

Үшінші деңгейлі құжаттарға әр аудиторлық фирманың жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтар негізінде өздері құрастырған ішкі стандарттары (ережелері) жатады.

ҚР Үкіметінің 1999| жылғы 29 маусымдағы қаулысымен аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарты, сондай ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар қойылады. Мемлекеттік емес мекемелері аудиторларды аттестациялау б/ша Біліктілік комиссиясының ережесінде оның ҚР аумағында аудиторлық қызметпен айналысқа ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау ниет білдірген, аудиторлыққа кандидатттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комиссияның құрылтайшысы болып табылатын аудитордың аумақтық палаталары. Аттестациялау деп өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының негізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Аттестациялау аудиторлыққа кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәсіби дайындықтарын растайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]